Сұмырай 3,14дараздар

Футбол тақырыбындағы satibaldi браттың 3,14дараздар жайлы жазғаны қатты ұнап қалып еді. Не үшін, десеңіздер менің футболға деген қызығушылығымды оятқан Ұлы ЗИНЕДИН ЗИДАН жайлы(Матераццидың атын атағым кеп отырған жоқ) жазғаны.
Әрі қарай

Футболға кеел, қалқатай..



Ассалаумағалейкүм уа, кереки жамағат.

Астана қаласында 29.06.2013 жылы (сенбі күні) сағат 8:30 «Алатау» спорткомплексінде журналисттер арасында футболдан турнир өтеді. Керекинфолықтардан құралған команда да қатысады. Келеміз қолдаймыз!
Әрі қарай

Гитлер келмеске кеткен...

Гитлерді бәріміз білеміз, әрине. Солай десек те, Гитлердің немістің Шальке командасының жанкүйерң болғанын білетіндер санаулы-ақ.(менде енді білдім) Себеп ретінде Шальке командасының 1933-1945 жылдары Герман чемпионатын 6 рет жеңіп алуын айтуға болатын секілді. Жақында ғаламтордан мына видеоны тапқан едім, барлығы сәйкес келіп тұр, көп сөзді қайтем, өздеріңіз тамашалаңыздар:
Әрі қарай

Жүк түсті

1 жыл бұрын достарыммен отырғанда «Дидар мен Мұратты еске алу керек еді. Не істеуге болады?» деп әңгіме бастаған едім. Іліп әкетіп «Футболдан турнир өткізейік» деді. Құп көрдік. 2-і де сыныптастардың ішіндегі жайдары да, еңбекқорлары еді. Дидар — батырлар жырының бәрін жатқа білуші еді. Сол үшін оның атына термешілер мен жыршылар байқауын өткізбек болдық. Алайда, шенеуніксымақтар пайда тапқысы келіп, ұйымдастыруға ақша сұрайды ғой баяғы. Содан шамамызға қарап футболды ғана өткізбек болдық. Осы демалыстарда өткен шарадан фотобаян. Бағалай отырыңыздар. (Фотоаппарат әуесқой)
Достар
Осылай басталды
Айдос
Ұйымдастырған осы досым.



Құран оқытып, ниет қылдық

Достарымыздың келіншектеріне рахмет. Зыр қағып қызмет көрсетті







Ойындар осылай өтті

Аманкелді орта мектебі — жеңімпаз

Медальді тексеріп көріп жатыр

Чемпиондармен суретке түстік

Суретке түсірген осы бала. Көрсеңдер бетіне түкіре жүріңдер)))
Әрі қарай

Конфедерация кубогында қай мемлекетке жанкүйерсіз?

Конфедерация кубогы алдағы 15 маусымда Бразилияда басталады. Арамызда ала доп жанкүйерлері бар болар. Комментарийға кай мемлекеттің жеңімпаз болатынын жазсаңыздар, мысалы, мен Испанияға жанкүйер болсамда (Негізі Франция жанкүйерімін) Бразилия жеңімпаз атанады деп ойлаймын.
Әрі қарай

Қазақстан мен Германия футбол командаларының айтысы


Мен өзім осы футбол мен айтыстын шын жанкүйері едім, бір жерден оқыған осы шумақтарды сіздерде оқыңыздар (бұл шумақтар кешегі соңғы өткен ҚазаҚстан-Германия матчынан соң туған:

Жоқ әлде Қазақстан футболы да, Алауыздық ауруын жұқтырған ба? Төртіншісі қосылса дау туар деп, Үш жүзден үш-ақ қазақ шықтыңдар ма?
Әрі қарай