Футболға бардық

Ия көптен күткен футбол мерекемізде өз алаңымызда жеңіліспен аяқталды өкінішке орай
Ұлым папа телебезерден көре береміз бе? Стадионнан барып көрейікші деген баламның өтінішін орындауға мәжбүр болып билет алған едім. Онымен кеше нағыз футбол болатын күні аяқ асты шаруа шығып келіншегіммен балам нағашыларына кететін болып еді. Пойызға билет болмай қалып баламның жолы болып қуанып қалды футболына бара алатын болып. Жеңіс бар жерде жеңілісте болады ғой барғанымызға өкінбейміз. Тамаша демалыс болды. Біздің жанкүйерлердің ерекше ықыласының арасында болу деген ғажап сөзбен жеткізу мүмкін емес. Футболды көбіңіз көрген шығарсыздар әңгімені көп созбайын енді, шамалы суреттермен бөлісейін:



Мұрат Өнал – Еуропа алаңдарында ойнап жүрген жалғыз қазақ футболшысы. Түркияда туып-өсіп, Еуропаға көшкен қандасымыздың баласы. 6 жасынан бері футболмен айналысады. Қазір Голландияның бірінші лигасындағы «Волендам» командасының шабуылшысы. Жасы 24-те. Голландияның 14,16,17 жас санатындағы ұлттық құрамаларында ойнаған. Бүгінге дейін Голландия және Бельгияның «Амстердам», «Брюгге», «Ден Хааг», «Волендам» командаларында өнер көрсеткен. Арманы – Қазақ елінің ұлттық құрамасында ойнау.