Біз де клипке түстік! Оңай емес екен ғҰӘ? :))
Қазақ Елінің Тәуелсіздік күні құтты болсын! Бұл бақытқа жеткен де бар, жетпеген де бар. Тәубенің ең зоры — Тәуелсіздік. © Тәуелсіздік үшін күрескен кешегі ата-бабаларымыз да ТӘУЕЛСІЗ ұрпақтың жарқын күлкісі үшін жанын садақа еткен болар. ЕШКІМ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ, ҰМЫТПАЙМЫЗ! Бұл күн — дүркіреп тұрып өткізуге әбден лайық!
Тарихтан тағылым, өткенге -тағзым ете отырып Түркияның Измир қаласында білім алып жатқан жиырма шақты студент кәсіби шеберіміз болмаса да барын салып үш күн ішінде би шығарып, арнайылап туымыз түстес футболка тіктірдік. Осылайша Тәуелсіздік күніне барынша сый жасауға тырыстық. Айнала жап-жапсыл, күн шығып тұрса да боғымызбен бірге қатып қала жаздадық.
Мына жерде білінбейді қайта. Мен қолғап киіп алдым.
Қыз-жігіттердің ұйымшылдығына тәнті болдым, барлығына рақмет!
Арасында Кавказдан келген сақалды Ахмет деген жігіттің де көмегі зор болды. Күнннің суығында дайындалатын жер тауып, біз үшін шыр- пыр болып жүрді. Видео кәдімгі қол камерамен түсірілді. Ол үшін өзбек бауырларға да рақмет! Ал, біз қазақтар биледік! Жемісі осы.
Әрі қарай
Тарихтан тағылым, өткенге -тағзым ете отырып Түркияның Измир қаласында білім алып жатқан жиырма шақты студент кәсіби шеберіміз болмаса да барын салып үш күн ішінде би шығарып, арнайылап туымыз түстес футболка тіктірдік. Осылайша Тәуелсіздік күніне барынша сый жасауға тырыстық. Айнала жап-жапсыл, күн шығып тұрса да боғымызбен бірге қатып қала жаздадық.
Арасында Кавказдан келген сақалды Ахмет деген жігіттің де көмегі зор болды. Күнннің суығында дайындалатын жер тауып, біз үшін шыр- пыр болып жүрді. Видео кәдімгі қол камерамен түсірілді. Ол үшін өзбек бауырларға да рақмет! Ал, біз қазақтар биледік! Жемісі осы. 




Бүгін алғашқы дәріс күні еді. Жайшылықта оңай деп жүрген түрік тілін мұнда келгенде тым терең білу керек екенін енді ұғынып жатырмын. Оқып жатқан салам түркология болғандықтан, кейін түрлі дәрістер өтеміз. Соның ішінде османлы түрік тілі деген дәріс болады алдағы жылдары. Қазіргі түрік тілін жетік игермесең, османлы түрік тілін меңгеру қиын соғады дейді. Сондықтан түрікшемді жақсарту үшін бір жыл түрік тілінен дайындық оқуға өтініш беріп қойғам. Алла қаласа бір жыл дайындық курсынан соң универді бастаймын.


