Классификация: таза қалалық, ауыл мен қала арасындағы будан, таза ауылдық.

Әр тараптан жиналған түрлі адамдар қауымын көрдім. Киім киісі, сөз сөйлесі әрқандай. Ауылдан келгендер, қалалықтар дегендей. Жүріс-тұрысы, киім киістеріне қарап мендегі «тарының қауызымен» Алматыдағы көріп жүрген студенттер қауымын үш классқа бөлдім. Яғни, таза қалалықтар, қала мен ауылдың арасындағы будандар, таза ауылдықтар.