Орташа Есеппен Қазақ Пульті



— Сыртындағы целлофан қабы ұзақ уақыт шешілмейді.
— Батарейкасы толық өлгенше пайдаланылады, күші әлсіз кездерде қолды барынша ұзатып басылады.
— Ең әлсіз тұсы — артындағы батарейка салынатын жері. Ол жер скочпен оралады.
— Балалардың ойыншығы: ауызға салынады, неше түрлі түймелері басылып көріледі байқамай.
— Үйдегі жиі жоғалатын заттардың бірі. Әдетте диван, төсектің артына түсіп кетеді. Жастықтың астында жатады.
— Түймелерінің біразы басылмайды, өйткені не үшін тұрғандары түсініксіз.
— Жастары бар үйлерде әдетте ТВді соңғы сөндірген адам күнәсіз бір каналға қойып барып сөндіреді.
— Пульт — биліктің символы. Осы үшін балалар мен үлкендер, ерлі-зайыптылардың арасында жанжалдар шығып жатады.
Әрі қарай