Тексерілмеген ақпарат: Рауан Сариев Зеедорфпен бірге ойнайды

Осы уақытқа дейін Рауан Сариевті әйгілі Гарринча доп тепкен «Ботафого» клубының ойыншысы деп ойлап келіппін. Қазақтың әлемнің әйгілі клубында доп тебетінін ойлап қуанатынмын. Сөйтсеееем, алданып келген екенмін ғой осы уақытқа дейін. Рауан Сариевтің ойнайтын клубы біз білетін «Ботафого» емес, Сан-Паулу штатының біріншілігінде ойнайтын «Ботафого SP» клубы екен. Әрине, өтірік ақпараттың таралуына ең бірінші журналистер кінәлі.

Атлетико Минейро осы жылы құрамын күшейтуде сәтті қадамдар жасады. Клуб президенті Александр Калил мен директоры Эдуардо Малуф тәжірибелі, әрі талантты ойыншыларды команда сапына шақыруда аз тер төкпеді. Мысалы, Ришалисон, Гильерме, Дуду Сеаренсе, Патрик, Леонардо Силва, Торо, Каио және Андре сынды ойыншылар «Қораздар» сапын толықтырды. Солардың ішінде жанкүйерлерге таныс емес дарынды жас ойыншы да бар. Ол – Рауан Сариев, клубтың жастар құрамасына келген 17 жасар жас шабуылшы. Еуропа мен Азияның арасында жатқан алып ел Қазақстанда туылған шабуылшы туралы мағұлмат бере кетсек. Саша Барон Коэннің персонажы Бораттан кейін Қазақтар туралы Бразилияда мұншалықты қызығушылық тумаған болатын.
