"Жармақ" романы. Мұхтар Мағауин.

Кеше "Қылмыс" романын ұсынған кезімде, жекеде Мағауиннің «Жармағын» сұрағандар да болды. Енді, сол кісінің шығармасынан үзінді.
Jarmaq.doc на files.gameworld.kz толық нұсқасы.

ЖАРМАҚ
Роман

Бұл ойқы-шойқы, шимай-шытырық жазбалар көпшілік жұрт үшін елеусіз, бәлкім мүлде белгісіз қаламгер, шын мәнінде бұрынғы-соңғы алаш руханиятындағы ең алып тұлғалардың бірі Иман Қазақбайдың архивінен табылды. Марқұммен ежеттес дос болмасақ та, ара-кідік телефондасып тұратынымыз бар еді, азалы топырақ үстінде өкінішке әрі ризашылыққа толы екі-үш ауыз бақұл сөз айттым, жыл уағы өтпей, бейбақ жесірі де дүние салып еді, әке жолынан аулақ балалары мынау алмағайып заманда тіршілік қамында кетіпті, ала қағаз бетіндегі барлық мұрасына жанашырлық танытқан немере інісі менің қолыма әртүрлі сыпаттағы, тура жарым сандық қолжазба тапсырды. Енді сізден басқа ешкімге керегі жоқ деген. Мүмкін, өзіңіз қабір басында айтқандай, құнды шығар, бірақ біліп, бағалап жатқан жұрты қане, әрі осыншама көп жазуды кім ақтарып, кім сараптамақ. Өзінің аманаты да осы. Сізге табыста деген. Жағдайы келсе, бір заманда жарыққа шығарар, қажет көрсе, өз керегіне пайдалана берсін деген. Анығы сол.
Әрі қарай

Прага: Карл көпірі, Кафка және көңіл

Слайдшоуды қарау
Прага суық қарсы алды. Адамдары да суық болды бұл жолы. Дүкенде, метрода, қонақ үйде. Бір дөрекілікті, сұстылықты сездім. Менсінбеушілік бар сияқты. Себебін Еуропалық одақ елдеріндегі ұлтшылдықтың қанат жайып келе жатқанымен
Әрі қарай