Еске алдық... :(

Кештің сәні бүгінгі пати болу керек деп қол ысып отырғам жұмыста :) бірақ тел. звоногы бірден баратын бағытты ауыстырып жіберді, КазГУдың студенттер сарайында Бахытжан Жұмаділовты еске алу кеші екен. Билет қолда, неге бармасқа деп сол жаққа ұшып кеттім. Негізі пробкадан, тура уақытында жетсекте, еске алу кеші тура 30 мин. кеш басталды(( Ужас тойында кешіксін, қонақта кешіксін, мынау үлкен залда кешігу деген ұят тірлік қой ағайын, біздің алдымызда көп орын алды жақта бос болып еді, «жүр кеттік, алдыға отырамыз» деп халық тағы сабылды :(
Әрі қарай

Тыңдарманы (көрермені) көп әншілер

Қарағанды шаһарының біраз концерттерінің басы-қасында жүретіндіктен осынау жазбамды ұсынайын деп отырмын. Әр әнші жеке концертін өткізгенде залда бос орынның қалмауын тілейтін болар. Бір жағынан әр бос орын ақша болса, бір жағынан залдың толуы көңілге қуаныш ұялататын болар.Кішігірім концерт залдарын толтыру онша қиын мәселе бола қоймас. Біздің қаламыздағы ең орындық саны көп концерт залы… Үлкен концерт залының қағаз жүзінде салынып келе жатқанына да біраз болып қалды. Көңілді қуантатыны қоршаулы тұрған орыны.
Әзірге пайдаға қаламын дегендер 1600 орындық циркті жағалап жүр. Осы циркті толтыра алатын әншілер топтамасы:

1. МұзАРТ тобы.


Бұлар халықты сағынтып екі жылда бір келетіндіктен болар екі күн қатар концерт ұйымдастырса да көрерменді жинай алады.әзірге, болашақта да солай болуын қалайық. Көрермендері жеті жастан басталып жетпіспен аяқтала қоймайды.
Әрі қарай