Бекболат ТІЛЕУХАН. Дүниенің бәрі махаббаттан тұрады.


Ассалаумағалейкүм, Қазақия!
Қазақтың біртуар азаматы, жырау, қоғам қайраткері, қазақтың жанашыры, айтқан сөзі Абаймен тең Бекболат Тілеухан ағамыз «махаббат» жайлы бұрындары айтқан болатын. «Ештен кеш жақсы» — дейді, көбісі білмейді ау шамасы, сондықтан жазба нұсқасын ұсынып отырмын. Жалпы, махаббат дегеніміз не?
Махаббат дегеніміз тек қана бізге бір қыз бен жігіттің арасында болатын бір сезім сияқты болып қалыптасқан және оның бәрі айналып келгенде аяғы хайуани институтқа айналып келіп тірелетте отырады. Тіпті болмаса да, төсектің ләзатына тіреліп қалатын бір сезім сияқты. Сондай ауқымын тарылтып жіберетін, сондай бір ғажайып сезімді түкке тұрғысыз қып тастаған сыңайлы. Біздің қоғамдық ой – пікірден тану қиын емес. Жалпы махаббат деген не? Сүю. Махаббат деген сөзді біздің қолданбайтын жеріміз жоқ. Оның жалпы атасы – мейірім. Махаббатта, мейірімде Аллаға тән нәрсе.
Кезінде Алаш зиялылары жақсы машина мінгісі келмеді емес, жақсы үйде тұрғысы келмеді емес, оларда өмірдің ләззатын татқысы келді, оларда пенде еді. Бірақ, сол рахаттың бәрін ысырып қойды. Бастарын құрбанға тігіп, ел үшін, жер үшін қиын жағдайларға барды. Басын тауға да ұрды, тасқа да ұрды. Сол кезде Болшевниктің сөзін сөйлеп, соның ырқымен томпаңдай берсе, сол заманда өзінің жеке басы үшін өмір сүруге болатын еді. Міне, соларға қарамастан осыншама қадамға барған себеп не? – махаббат, ұлтына деген, еліне деген, ұрпағына деген махаббат. Ата – бабаның аманатына қиянат жасамайын деген иманнан шығып отырған махаббат. Махаббат дегеніміз өте бір терең ұғым.
Мысалы үшін, біз үлкен иттен болсын қорқамыз. Пәленбай атмосферамен сүйегіңді уатып тістейтін иттен кейде зәре – құтымыз қалмауы мүмкін. Енді сол ит келіп сенің жақыныңа, сүп – сүйкімді балаңа келіп басын қажап талап жатса не істейсіз? Бағанағы қорқыныш қайда кеткенін білмей қаласыз, итке ұмтыласыз. Сол сізді итке жүгіртіп қойған – балаға деген мейірім, балаға деген махаббат. Махаббат дегеніміз соншалықты үлкен дүние.
Енді сол махаббаттың ішінде ең жоғары дәрежеде болатын махаббат, ол сені жаратқан, сені ел қылған, халық қылған, сені анадан тудырған, сені әкеден тудырған, саған бауыр берген, саған осындай ұлт берген, отан берген, айта берсек нығыметінде шек жоқ. Саған денсаулық берген, абырой берген кім? – Алла Тағала. Алла Тағалаға махаббат – адамзатқа парыз деп – Абай атамыз бекерден бекер айтпаған.
Рас қыз бен жігіттің арасында махаббат болады. Біздегі түсінік қалай көзбен көреді, сосын жүреді, Алла Тағаланың заңдылығы шегінен шығады, түртіп көреді, шұқып көреді, сөйлесіп көреді, ұрысып көреді, төбелесіп, кетісіп, қайттан табысып, сөйтіп жүргенде қайтып келіп қосылады. Қосылғаннан кйін шұқысып қалған, өзін – өзі тыймаған, заңдылықтан шығып үйренген қызда, еркекте сөйтіп бір – бірінің көзіне шөп салып жатады. Енді осының бәрін ойлану керек. Ол үшін адамға ақыл керек. Ал ақылды жетелейтін бір күш бар ол арине – имандылық.
Дүниенің бәрі махаббаттан тұрады. Қашан иман жүректен кетеді, махаббат жүректен кетеді.Қашан махаббат жүректен кетеді, адам адамдық сипатынан айырылады. Ол хайуан болады. Сондықтан қоғамның бірден – бір емі ол – иман, махаббат, мейірім.
Мына достың – досқа деген қарым – қатынасында бір – бірін ренжітіп аламба деген сондай бір сыйластық қорқыныш болады. Мысалы, мен әкемді сүйдім, анамды сүйдім, осылардың көңіліне келіп қалам ба деген, ренжітіп аламба деген құрметтей қорқыныш болды. Бұл қорқыныш хайуани бір иттен қорыққандай, жаудан қорыққандай емес. Үлкен бір сыйластықтан, құрметтен, ұяттан болатын қорқыныш.
Кейде бір нәрседен ұялған кезде ұяттан кейде өліп кете жаздайсың. Ұяттан жарылып кете жаздайсың. Осы ұяттың атасы – махаббат. Кейде бір адамды қараптан – қарап жақсы көресің. Оның қылығы, оның саған бөліп берген ештеңесі жоқ. Сені таныр – танымас. Сырттай қарап кейбір адамды қылығына қарап жақсы көресің. Сол адам Құдайдан қорқатын, жүрегінде иманы бар, бетінен Нұр төгіліп тұрған. Сол адаммен жақындасқың келеді, сол адамды жақсы көресің, іш тартасың. Осы неден шыққан сезім? – махаббаттан шыққан сезім. Көрдіңіздерма махаббат дегеніміз үлкен дүние. Сондықтан кез — келген нәрсенің осындай — осындай аражігін айырып алу керек.
Ең бастысы Алла Тағала жүректерімізге иман, махаббат сыйласын жамағат! Елімізге амандық, халқымызға бірлік пен ынтымақ нәсіп етсін.
Әрі қарай

Ең алғашқы махаббат басталады журналдан...

Иә… Есімде сол бір 2009 жыл. «Жұлдыздар отбасы» журналы да. Сол кезде активте 1000 смс + 100 ммс деген де шыққан болатын. Қарапайым сіветнөй нөкиә болатын. Мәделі ма?.. Жоқ, ол мәдел емес. Сөйтіп, бір әдетім бартұғын әлгі тегін 1000 смсті тезірек құртуды көздеген. Журналдың артында әншілерге дауыс беріледі ғой. Сөйтіп, сонда дауыс берушілердің есімдері мен нөмірлері жазылып тұрады. Тұрғылықты жері де. Талай қызға жазып жібермеймін ба "Қай жылғысың? Танысуға бола ма?" деп. Кейбіреулерінің бала-шағасы бар, күйеулері қайда қарап отырғандарын. Кейбіреуі кішкентай. Әйтеуір бір күні «Моника, Алматы» дегенге смс жазып жібердім. Жауап келді. Сөйтсе, өзіммен құрдас Мөлдір деген алматылық қыз екен. Аздап сөйлесіп, домашкасын алып, хабарласып, сөйлескенбіз. Даусы тым жіңішке екен. Қызық енді. Бір аптадай сөйлесіп жүрдік. Ол кезде 11-класта оқимын. Ол да. Мөлдір ұнап қалған, жалпы. Бірақ сол бір аптадан соң ол менің нөмірімді жиен сіңлісіне беріпті. Жұлдыз пысық екен. Басқа нөмірге шатасып кеткендей боп әдемілеп смс жазып жіберіпті. Мен «ол емес» дей тұрып, танысуға әрекет жасадым. Сөйтіп, Жұлдыз мені қармағына ілген. Мөлдір болса ҰБТ-ға дайындалып, хабарласпай кеттік. Ары қарай Жұлдызбен сөйлесіп, ақыр аяғы ғашық боп қалдым. Ол да. Басында менсінбейтін өзінше боп. Бір рет сөзге келмей қалып, мен оны боқтап жібергем. Бірақ артынша кешірім сұрап, қайта тіл табысып кеттік. Ай өтті. Тағы да. Алматыға кеп, ҚазҰПУ-ға тапсырдым. Жұлдыз да Алматыда тұрады. Кездесуге ниет білдірсем де, келіспеді. Туысымның үйінде жүргем. Бір күні хабарласыпты маған, іші пысқандықтан. Қорқып, әйтеуір, қалтырап дірілдеп сөйлескем. Содан кейін мен күнде хабарласатын болдым. Тариф те жанданып тұрған шақ. «Жаным» деген сөзді телефонмен айта алмайтынмын. Не керек, әйтеуір, бір күні айттым. Жалпы, жарты жыл сөйлесіп, жазысып жүрдік. Қиялға беріліп кеттім сонша. Өзімнің де табиғатым қиялға жақын. Көргім келгендіктен, кездесейік деп қоймай-қоймай, бір күні анасына смс жазғам қызын ұнататынымды білдіріп. Содан кейін «the end» болған. Одан кейін арасында смс жазыстық. Бірақ одан ештеңе шыққан жоқ. Одан кейін басқа қыздарға ғашық боп, «пошло поехало» болды. Бірақ қызбен жүрген емеспін. Жұлдыздан кейінгі қыздарда маған деген сезім болған жоқ. Жәй ғана дос болайық деген ниеттерін білдірді. Мінеки, төрт жыл өтті, бірақ қанша қызды ұнатып, ғашық болсам да, Жұлдызым маған әлі күнге дейін ыстық. Бір қаладамыз. Бірақ Алла кездесуді жазбапты. Қаласа, кездесер ме едік… Жұлдыз Алтынбекова Танжарбекқызы. 5 мкр-да тұрады. Динара тәтесі мен Сымбат сіңлісі бар. Қайда оқып жатқанын білмеймін. Ал Мөлдір Мырзақұлова ҚазҰУ-дың заң факультетін де бітіреді биыл.
PS: Танитындарыңыз немесе көргендеріңіз, болмаса болашақта көріп жатсаңыздар, «Сені ойлаумен өтеді уақыт, Өзіңмен ғана табамын бақыт. Жалғыз сен ғана екенсің жақын жаныма менің...» дегенді жеткізіңіз. Сонымен қатар өздеріңіздің де алғашқы махаббаттарыңыз жайлы жазсаңыздар, мен де оқиын… Рахмет!
Әрі қарай

Кездесу

Блог - bake: Кездесу
Дәмхана ішіндегі келушілерге арналған барлық үстел басы бос емес. Келушілер саны көп. Үстелдер арасында сары түсті жейде киген «Пицца Блюз» дәмханасының даяршы қыздары аяқ ұштарымен жүгіріп жүр. Біреулерінің қолдарында тағамға толы табақтары бар, екіншілерінің табақтары бос, үшіншілері үстел басында отырғандардың тапсырыстарын алдарына қойып жатыр.

Қызыл костюм киген көк көз, жалпақ бетті орыс әйелге:
-Сіз, жалғыз отырсыз. Үстел басына екінші болып қасыңызға отыруға бола ма? –деп, айтып жатып үстел басына қойылған екінші орындықты өз ыңғайыма қарай жылжыта бастағанда:
-Жалғыз емеспін, –деді жақтырмаған түрімен. Басын шайқап «не деген бассыздық» дегендей айтты, ішіндегі ойы сәл жыбырлаған еріндерінен білінді.

Қолымдағы ұялы телефонға қарап қоям, уақыт түскі үш. Дәмхананың залының ортасына барып келушілерден «босайды-ау» деген үстелді қарауылдап тұрмын. Әлгінде ғана үстел басына отырғызбай қойған орыс әйелі қолын бұлғап маған белгі берді. Қасына барғанша үстел басынан тұрып, жиналып үлгерді.
Әрі қарай

Мұңды сауалнама. Қайсысымен таныссыз?

Әр жас адамның басына келетін жағдай. Жігіт бар күш-жігерін жинап, оңтайлы сәт тауып сөз айтады. Қыз қайтарып тастайды.

Осылардың қайсысы көбірек таныс сізге? Жігіттер, қай сөзді көбірек естідіңдер? Қыздар, қайсысын көп айттыңыздар?

Әрі қарай

Cоғысты өткерген әйел мен еркек. 71 жыл Ұлы Отан соғысы басталғанына

Негізгі кейіпкерлер өмірден алынған, әңгіменің көп бөлігі ойдан шығарылған. Тарихи факт емес, әңгіме ретінде қабылдаңыздар.

Тағдырына соғысты өткеруді жазған Бөлеубай ата және Женя апа, сіздердің аруақтарыңыздың Құрметіне!
Уақыт тоқтаған емес, секундарын минутқа, сағаттарын тәулікке, жылдарын-жылға қосқанда отыз жыл өтіпті. Жаз шыға үй іші мені ылғида жоғалтып жүретін.
-Біздің кішкетай ұлды көрдіңдер ме?
-Көрген жоқпыз.
Дәл сол мезетте көрші Бөлеубай ата мен Женя апаның үйінің ас ішетін бөлмесінде отыратынмын. Жеген-ішкенім есімде жоқ, бірақ қолымда ұстаған үлкен күміс ас қалақ еміс-еміс көз алдыма елестейді. Үзік-үзік болып есте қалған тәтті естеліктердің бірі.
Әрі қарай

"Махаббат шырғалаңы"

Өткен жылы, 3-курс оқып жүрген кезде Әлем әдебиеті пәнін өткен болатынбыз. Бір күні оқытушымыз Гауһар Айтбекқызы өздік жұмысқа шығарма жазып келуге тапсырма беріп, мезгілін белгіледі. Тақырып бірден ойыма сап ете қалды. Сөйтіп, сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған «Махаббат шырғалаңы» жазылды.

Алғы сөз

Құрметті оқырман! «Махаббат шырғалаңы» драмалық пьесасы менің алғашқы тырнақалды үлкен шығармам. Бұл туындыда бүгінгі таңдағы жастар өмірінің бір мысалын айтқым келді. Шын мәнінде, күнделікті тұрмыста мұндай оқиғалар бар екенін көріп те, естіп те жүрміз. Кейіпкерлер арқылы дәл осындай жағдайда қай іс дұрыс, ал қайсысы бұрыс болатынын көрсе екен деп ойладым. Қатысушылар «айтатын» мәселелер қоғамда жиі кездесіп, сан түрлі талқыға түседі. Бұған қатысты сіздердің де ойларыңызды білгім келеді.
Бес актылы шығармада олқылықтар болып жатса, айып етпеңіздер.

Қатысушылар:

Айым –3-курс студенті
Арман –Айымның топтасы.
Мирас –студент, Айымның бұрынғы сыныптасы
Айханым- Айымның ең жақын құрбысы
Қуаныш – студент, Айымның көршісі
Нұржан Алпысбайұлы – профессор, кафедра меңгерушісі
Қуаныштың әжесі
Қуаныштың жеңгесі
Қуаныштың туыстары
Студенттер

Бірінші акт
Бірінші сахна

Жатақхананың кең, жарық бөлмесі. Терезеден түскен күн сәулесі сабақ оқитын үстел үстіндегі айнамен шағылысып, бөлмені одан сайын жарқыратып тұр. Айым өз төсегінде отыр.

Айым: Ішім пысып кетті. Айханым да келмей қойды ғой. Тамақ пісіріп, үй жинағым келмейді. Сабақ оқуға да зауқым жоқ. Оқудан қашып кетпеу керек еді. Дәріске қойылатын балды да жоғалттым. Агентке кірейінші, кім бар екен…

Дәл осы кезде телефон экранында «Мирас Байжуманов предлагает вам дружбу» деген хабарлама шығады. Айым аң-таң.

Айым: Мирас Байжұманов деген 1-сыныпта менімен бірге ауылда оқыған бала емес пе?! Екеуміз бір партада отырушы едік...Әлі есімде, сондай сүйкімді бала болған. Фотосын көрейінші, қазір қандай жігіт?.. Бұл оның емес, менің сүйікті футболшымның суреті ғой… Ол сабақты да жақсы оқушы еді. Ой, балалық деген қандай күшті!!!
Ол маған неге «дружба» жіберді екен? Менің оның есінде болғаным ба? Әлде бұл кездейсоқ жағдай ма? Не де болса қосайын.

Екінші сахна

Кітапхана. Студенттер кітап оқып, семинарларын жазып, әңгімелесіп отыр. Айым мен Айханым да солардың қатарында.

Айханым: Айым, саған не болған? Кітапты теріс қойып оқитын болғансың ба? Бір жұма болды агентте күні-түні отыратыныңа. Бұрын көп болғанда 10 минут «отошла» деп отыратынсың, агентті жақтырмай. Агентте көп отырсам маған ұрысатынсың, енді өзің телефонға байланып қалғандайсың.
Айым: Жо-жоқ, бәрі дұрыс.
Айханым: Ендеше не болды? Біртүрлі болып жүрсің
Айым: Өткенде менімен 1-сыныпта бірге оқыған сыныптасым агентте «дружба» жіберді. Оны көрмегелі 10 жылдай уақыт өтті, қзір қандай екенін білейін деп қостым, бірақ өзі мүлде көрінбейді.
Айханым: Е, сенің уайымың сол ма? Қазіргі агенттегі жағдай сондай. Жігіттер жібереді, біз соған мәз болып қосамыз. Олар біраз уақыт агентке шықпай, әдейі бізді қызықтырады. Содан соң пайда болып, басынды айналдырады. Бір-екі рет хат алмасқан соң «сүйемін, күйемін» деп жазады. Сосын жердің түбіне түсіп кеткендей сені «игнорға лақтырады» да, басқалармен көңіл көтереді. Сенікі де сондай жағдай болған ғой, құрбым. Оған несіне бас қатырасың.
Айым: Мирас олай жасамайды.
Айханым: Жаңа ғана ол бұрынғы сыныптасым, оны көрмегелі 10 жылдай болды дедің. Оның қандай екенін қайдан білесің? Мүмкін, «агент бабнигі» шығар.
Айым: Олай деп ойламаймын.

Бұл кезде агентке қараған Айым Мирас «онлайнмен» агентте отырғанын көреді.

Айым: Шықты, шықты! Уррраааа!!!
Айханым: Не болды жерден жеті қоян тапқандай қуанып?
Айым: Мирас, Мирас агентте
Айханым: Жаным-ау, сен танымайтын адамға байланып қалғансың ба өзі
Айым: Жоға. Бірақ ол жазбай отыр.
Айханым: Айттым ғой, агенттегі жігіттер қулығы бұл.
Айым: Жазып жатыр. Не деп жазды екен… Привет!
Айханым: Тұра тұр, бірден жауап берме.
Айым: Мен «Сәлем!» деп жазып, жіберіп қойдым.
Мирас: Как дела?
Айым: Хорошо. Как у тебя?
Мирас: Отлично!
Айым: Ты меня помнишь?
Мирас: Извини, но нет
Айым: Мы в первом классе вместе учились.
Мирас: Да? Тогда я рад.
Айханым: Айттым емес пе, оның есінде жоқ, ол кездейсоқ жіберген деп.
Айым: Жарайды енді, ол кезде бәріміз бала едік.
Мирас: Где ты учишься?
Айым: В ПГУ. А ты?
Мирас: Я тоже.

Осылай жазған соң Мирас «өшіп қалды». Айымның көңілі сәл де болса орнына келді.

Үшінші сахна

Айым бөлмеде тамақ пісіріп жүр. Мұнымен қоса агенттен де соңғы кездегідей көз алмауда. Бөлмеге Айханым кірді.

Айханым: Айым, тамақ күйіп жатыр.
Айым: Ой, байқамай қалыппын.
Айханым: Қайдан байқайсың, телефонның ішіне кіріп кетердей боп тұрсың. Тағы да Мираспен сөйлесіп отырсың ба?
Айым: Иә.
Айханым: Сен оны көрмей жүріп ғашық болып қалғансың-ау деймін. Қашан кездесесіңдер?
Айым: Білмеймін.
Айханым: Сұрасайшы енді.
Айым: Когда встретимся?
Мирас: Незнаю
Айым: Ол да «білмеймін» дейді.
Айханым: Айттым ғой. Осылай өздеріне ғашық етеді де, жоқ болады бұл жігіттер.
Мирас: Может сегодня увидимся?
Айым: Хорошо. Во сколько?
Мирас: Через час. В парке.
Айым: Договорились.

Төртінші сахна

Күзгі кеш. Айымның саябақта Мирасты күтіп отырғанына жарты сағат болды. Тақта жалғыз отырған қызға тесіліп қарап өткен жігіттердің бәрін Мирас деп ойлайды. Ол оның түрін білмейді де. Мирастың аватаркасында футболшының суреті тұр. Хабарласайын десе нөмірі де жоқ. Мирас та Айымның жүзін танымайды, себебі Айым өзінің фотосын емес, Айшвариа Райдың суретін қойған еді.
Күн ұясына батып, айнала қара түске бояна бастады. Тек саябақ ішіндегі шамдар ғана сәуле беріп тұр. Осы кезде Айымның жанына сұңғақ бойлы, әдеміше келген жігіт жақындады.

Мирас: Привет! Ты же Айым?
Айым: Привет! Да. А ты Мирас?
Мирас: Так точно. Извини, что опоздал, я на заправке задержался.
Айым: Ладно, ничего. А как ты узнал меня?
Мирас: В парке только три девушки сидят одни. Одна беременна, другая курит. А так, как по моему мнению ты не относишься к таким, значит третяя это ты.
Айым: У тебя хорошое размышление.

Екеуі осылай әңгімені бастап, екі сағат өткенін байқамай қалыпты.

Айым: Ой, уже 22:50. Мне быстро надо домой, иначе меня не впустят.
Мирас: Хорошо. Я тебя довезу.

Бесінші сахна

Ай жарығы мен көше шамдарымен жарықтанып тұрған бөлме. Айым Айханымды оятып алмас үшін сықырлауық есікті сәл көтеріп ашып, аяғының ұшымен жүріп бөлмеге кірді. Ұйқы көзіне тығылып тұрса да сан алуан ойлар маза бермеді.

Айым: Мен не істеп жүрмін? Соңғы кезде Мирастан басқа ештеңені ойламайтын болыппын. Ата-анама бұрынғыдай жиі хабарласпаймын. Сабақты ынтасыз оқимын. Үй шаруасына қарамайтын болдым. Мирасты бүгін ғана көрдім, бірақ бұрыннан білетін адамым сияқты. Онымен сөйлесіп жүрген екі апта аралығында өзгергендеймін. Неге ол менің ойымнан шықпай жүр? Оған ғашық болып қалған жоқпын ба? Жоқ! Тоқта, Айым! Бұлай болмайды. Сен күндіз түні Мирасты ойлауыңды қой. Оны танымайсың деуге болады. Оған қоса, сенің ұнататын адамың бар. Ол – Арман. Бірақ оған өз сезіміңді айта алмай жүрсің ғой. Бұл қалай болғаны сонда? Мирас па, Арман ба? Ойым не дейді? Жүрегім не дейді? Ойымда Мирас, жүрегімде Арман. Енді не істеймін? Мираспен ара қатынасымыз не болады? Арманға сезімімді айтайын ба? Бәрі қалай қиын еді… Қойшы, жарайды, не боларын уақыт өзі көрсетер. Екеуін де ойлай бермей, ұйықтайын. Ертең бірінші пара кафедра меңгерушісінікі. Оның сабағына кешігіп барсам, оңбаймын…

(жалғасы бар)
Әрі қарай

Алыстап кеткен арманым.

Қатар өскен бәйшешектей құлпырып,
Жүруші едік зор бақытқа ұмтылып.
Сол күндердің естелігі ретінде,
Жатыр міне жүрегіме жыр тұнып.

Ұмыта алмай алаулаған сезімді,
Жүрген кезде серік етіп төзімді,
«Қолыма алып суретіңмен сырласам»,-
Дегеніңде ет жүрегім езілді.

Алыстасың, оған көңіл сенбейді,
Өткен күндер қайта айналып келмейді.
Таңшолпаным, сені ойлап сағынғанда,
Тұла бойды бір сағыныш тербейді.

Үмітімді жалғай берем арманға,
Арман жоқ қой орындалмас жалғанда.
Хордың қызы су құйса да қолыма,
Бұл өмірде саған жетер жан барма?..


Марат Нигметжанов
Әрі қарай

Лекцияда.....

Қызық екен өмірдің мынау ағымдары,
Алдымнан қолын бұлғап бақытымның сағымдары,
Физматтың лектің залына асығамын,
Оқитын корпусымның жанындағы.

Қызғалдақ гүл жаңа ашылған көктемдегі,
Мөлдір бұлақ сылдырап аққан өткелдегі,
Айналаға көрік беріп нұрландырып
Аппақ гүлім жалғыз өскен көк белдегі.

Айта берсең жақсы теңеу қыз дегенге
Сұраған бола бермес іздегенге,
Махаббат айдынында шаршамастан
Табысар аққулар үмітін үзбегенде.

Ғашықтық сезім деген оянғанда,
Тұла бойды нәзік сезім ой алғанда,
Сен кіріп түстеріме оянамын,
Түн болып айнала қараңғыға боянғанда.

Ұйқысыздық мазасыздық түнгі менің қонақтарым,
Ойыма басқа жанды жолатпадым.
Қиялмен сырласқан түндерімнің тұңғиығында
Сан – саққа арман болып қонақтадым.

Таң атып қызыл арай көрінгенде,
Шуақ шашып күн сәулесі төгілгенде,
Тағыда физмат жақа асығамын,
Қолыма қалам алып қиялым бір арнаға өрілгенде.

Ой санамды бірақ сәтте ұрладыңда,
Шығып ап түсе алмай толғаныстың шыңдарында
Келемін тағдыр атты теңіздің кемесінде,
Ақ-адал махаббатқа жету жолының елесінде…

Бұл бірінші курста болатын артынан ол қызды саябақта сүйіктісімен отырған бақытты кезін көргенімде жалындап тұрған махаббатым су сепкендей басылды… Неде болса бақытты болсын басқа айтарым жоқ!!!

Марат Нигметжанов
Әрі қарай

Сезім мұңы... (сағыныш хат)


Мына жалған дүниеде әр пенденің жүрегінде ерекше сезім болатыны ақиқат қой! Ал, Жүрегімдегі сол сезімге селқос таныткан да сенсін… Маған арнап бірде-бір жыр арнамадын деп өкпелеуін орынсыз еді, себебі сен менің жүрегімнің түкпіріне бір рет үңіліп қарасан, сен одан том-том болып жинақталып жаткан жырларды оқитын едін, ешбір жанға көрсетпеген, ешбір жерге жарияламаған, ешбір адам көре алмаған жырды көрер едің ғой… ал енді неліктен былай деп себебін сұрар болсан, саған берер жауабым: жүрегіме сақтаганым, ешбір жанның көлеңкесі түспесе екен дедім, ешбір жерге жарияламағаным, ешкімнің назары түспесе екен дедім, ешбір адам көре алмағаны, олардың көздері мені сенен кызғанбаса екен дедім.
Жарығым, сен енді мына менің көзіме,өзіме, сөзіме де өкпелеме! Мен енді келместің кемесіне мініп кетіп барам, барар бағытым белгісіз… Жүрегіме сезімнің мұңын арқалап енді сенімен кезікпес үшін, осы күйге қайтадан түспес үшін, жолдарымыз екіге бөлініп кетті. Махаббаттың мұңын жүректерге тұмар еткен алғашкысы да, соңғысы да біз емеспіз… тәтті бір түске еніп, ұйыктап кетсем ғой, шіркін! Киялдардың әлеміне саяхаттап қайтар едім, мен ол жақта бақыттың кұшагында, сезімге толы жүрегімдегі жырымды өмірімнің иесі саған арнап оқып берер ем, мына жалған дүниенің бақытына жете алмаған біздер, ең болмағанда қиялдарда бірге мәңгі болайықшы деген сертімізді бір-бірімізге беріп үлгерсек болар еді! Ояна келе бұлардың жай ғана тәтті түс екенін білу де ауыр екен… Саған арнап жаза берсем назымды, жүрегім көтере алмайма деп қорқам! Махаббатқа сенім арткан жүректеріміздің келесі өмірде жолығуын тіледім! Мен сені сол мекенге барып тосатын болам… Үзілмеген үмітімнің жібін жалғап келеріне сенем!
Әрі қарай