Пирамида немесе МММ Қазақстанда!!

http://m-system.kz/
Үйімнің 2 бөлмесін ЕВРО жасатпақ ниетпен адам іздедім. Мастер табылды, енді қасына көмекке адам керек деген соң ауылда қолы бос жүрген құда баланы шақырттым… 1 айдың көлемінде бітіріп шықты. Келіскен ақшаны беріп елге жібермек болдым. Ол батшағар «Ауылға барсам малға қаратып қояды, жалықтым… Ең болмағанда қаланы аралайын»- деді.
Күнде таңертең кетіп кешке келеді. Кейіндері «Бөлемнің, жиенімнің, құдамның, ауылдастың үйінде қонып қалдым», «Жұмыс таптым, параға 100 000 берсем болды, жақсы жұмыс» — деп жүрген. Бақандай бір айдан кейін келіп тұр. «Лібә, қалада жүріп қара жұмыс істеп не азап. Қаламмен күн көретін 21 ғасыр бұл!» — деп миығынан күліп қояды. Кеше ғана малға шөп шауып беріп, жапасын тазалап жүрген амиго «Девальвация», «Инфляция», «Депозит» деген сөздерді қосып сөйлейтінді шығарыпты. Мавроди ағаның қарамағына «МММ»ге кіріпті сөйтсем. Алдап, арбау бабымен сотталған көкем енді қазақстанға келіпті… Үлкен көшелерге де жарнамалар ілініпті…

Керекте кіргендер бар ма МММ-ге? Сонда шынымен БАТПАН ҚҰЙРЫҚ па?
Әрі қарай