Махаббат мүшәйрасына қатысыңыздар!



15 сәуір Махаббат мейрамы акциясын қолдау мақсатында «Жас қазақ үні» газеті Махаббат мүшәйрасын жариялады. Конкурсқа ақындардың махаббат тақырыбындағы өлеңдері қабылданады.
Өлеңдер 2011 жылдың 15 мамырына дейін қабылданады.
Бас бәйге – жеңімпаздың жеке кітабын – махаббат жырларын «Тұран» баспасы шығарып береді. Өзге де үздік жырлар «Махаббат маусымы» жинағына кіргізіліп, «Жас қазақ үні» газеті мен «Жұлдыздар құпиясы» журналында жарияланады.
Әрі қарай

Айт сырыңды ақ қайың (Сәкен Майғазиев)



Ақ қайың тұр жағада,
Сағыныш боп санада.
Жалғыз келіп тұрмын мен,
Жылдар салып араға.
Өмірдің сан жолдары,
Біз шешкендей болмады.
Мен сияқты мұң шағып,
Келіп жүр ме ол-дағы.

Қайырмасы:
Айт сырыңды ақ қайың,
Көңілімде сақтайын.
Шығарып сап тұрушы ең,
Бізге тілеп бақ дәйім.
Әрі қарай

Қостанайда күйеуі қалыңдығынан 44 жас кіші жұп некесін қидырмақ

(35.96 Kb, 468x286)

Қостанай. 31 наурыз. Kazakhstan Today – Қостанайда 19 жасар жас жігіт және 63 жастағы әйел үйленуге бел буды. Бұл туралы агенттік корреспондентіне қалалық АХАЖ бөлімі хабарлады.

Қалалық АХАЖ бөлімінің хабарлауынша, үстіміздегі жылдың 2 сәуірінде облыс орталығында 19 жасар Сергей Кулишов пен 63 жастағы Татьяна Нефедовалардың некесі қиылатын болады.
Әрі қарай

Шырайлы Шымқала ғашықтар мекені!

Бізбен келіспегендерді Х қыламыз! Әзіл ғой, бірақ кере болса қыламыз. ))))

Бүгін яғни 24 наурыз күні Алматыдан алған әсеріміз тамаша болып, Шымқалаға азанда жеттік. Осындай тамаша БлогҚұрылтайды тамаша етіп өтуіне мұрындық болған аға-апкелеріме алғысымыз шексіз. Алғаш рет осындай игі іс-шарада үлгі тұтар ағалармен, виртуалда қалжыңдасатын дос-таныстармен таныстым. Әбекеңнің шек қатырар әзілдеріне ой бір күліп қайттық. Әминдеріңіз Аршат ағасымен танысып қоян-қолтық араласып кеттік. )))) Айта берсем көп, оны асықпай ойымды тиянақтап бір пост ретінде жариялармын. Айтайын дегенім бас еді…

Әрі қарай

Егер қайтадан кездесіп қалсаң?...

Түрікше бір романтикалық кино қарағам. Жақсы кино. Киноның соңғы жағын сіздермен бөлісейін дедім. Оқиға былай: жақсы жүріп жүрген қыз бен жігіт бір күні айрылып кетеді. Бірнеше жылдан кейін кездейсоқ кездесіп қалады. Сол кездесулеріндегі сөздерді қазақшаға аударып, видеоның астына қойдым. Егер осындай оқиға сіздің басыңызға келсе не істер едіңіз?


Әрі қарай

Бүгінгі күннің суреттері


В любви единственная победа – это бегство.
Наполеон Бонапарт
Бүгін – Әулие Валентин күні.  Махаббат күніне арналған мәуелі-мәуелі сөздердің елесі қоғамды кезіп жүр. Біреу қарсы, біреу қарсы емес, біреу қарсы да қарсы емес те емес дегендей… Жоқ, менің бұл күнді жақтап не даттап, болмаса ақтап жазба жазып, миларыңызды ашытқалы отырған жоқпын. Әшейін, тақырып аясынан табылатын бір топ антивалентинкаларды бергелі кетейін деп едім. Көңілді отырыңыздар. Тек әке-шешеден боқөтамасаңыздар болды.
Әрі қарай

Бір үзім романтика



Бүгін маған жазылған құттықтау каменттерін оқып отырып, Нұрғисаның бір жайтты еске түсіріп жіберді. Сіздермен бөлісейін дедім:

Шамамен 2003 жыл болуы керек. Ол кезде де КерекИнфо админімін. Түркияда студент кезім. Гүлчин деген түрік қызым болды. Сол қызбен бір ренжісіп қалған кездерім болуы керек (негізі қыздармен 1000 рет ренжісіп, 1000 рет татуласатынмын). Бір ой келді Гүлчинге сюрприз жасайын дедім. Керекинфо форумындағы қолданушыларға өтініш тастадым, Гүлчиннің номеріне «Arshat seni seviyor» (Аршат сені сүйеді) деп SMS жіберіңдерші дедім. Қазақстан, Ресей, Түркия, Қытай, Америка, Корея, Моңғолия сияқты неше түрлі елден SMS барыпты Гүлчиннің номеріне. бір мәз болып қалып еді.

Ол кезде флешмоб деген түсінік жоқ, идея қарайтын Google жоқ. Бәрі оригинал еді, ойлай алатын едік, ойланатын едік. Романтика бар еді. Қазір білмеймін, заман өзгеріп келе ме бұрынғыдай ой, бұрынғыдай романтика жоқ сияқты. Әлде мен байқамаймын ба қазіргі жастардан?..

Сіздер де өткен жылдардағы романтикалық сәттеріңізді бөлісе отырыңыздар.
Әрі қарай

Ең алғашқы махаббат басталады партадан)))

«Сәлем, мерекеңмен. Мен саған келе жатырмын.»

Ақтөбедегі кластасс баладан келіп түскен смс мазмұны осындай…
-Қашан???
-Құдай қаласа, 2 сағаттан кейін пойыздан түсем.

Ааа??? (Бұл енді ішімнен айтылды). Не деген нервіні қытықтауды жақсы көретін адамдар((( Өзінің басқадай шаруаларымен келе жатыр деп үміттенем ше…
Әйтпесе, онсыз да шаршап жүргенде, романтикалық еске алулар мен өткенді қайтару туралы әңгімелерге жүйкем шыдамайтын сияқты)))
… Ол көктем оралмайды...
Әрі қарай