КВН 2012. Жоғарғы лига. Төртінші 1/8.

Өткен жолғы 1/8 финалда Қазақстан құрамасы ширек финалға шығып еді. Осы жолы бұған дейін әңгімелеген, Астрахан облысының ауданынан келген Камызяк құрамасы осы жолы бәрін жыртты. Жоғарғы лигадағы алғашқы ойыны екенін ескертіп кетейін.

Командалар: Вятка" (Кировская область), «Парапапарам» (МГИМО, Москва), Сборная Камызякского края по КВН (Астраханская область), Сборная Чеченской Республики (Грозный), ДГТУ (Сборная Батайска).

Әрі қарай

Камызяк құрамасы. Финал.



Бұған дейін Ресейдің КВН Премьер-лигасында өнер көрсететін Камызяк құрама туралы айтып, видеоларын салған болатынмын. Өздерің ғо нақ, мән бермеген, маған нағылдейсіңдер. Бүгін сол тақырыпты жалғастырсам деймін, нақтың:
Әрі қарай

Таныс болыңыз: Камызяк құрамасы



Менің таныстырғалы отырған командам Қазақстандыкы емес. Ресейдің премьер-лигасында 1 жылдан бері ойнаса да, көпшілікке танылып үлгерген команда көрші елдің Астрахань облысы, Камызяк ауданынан. Қазақтар мекен еткен өлкеден келген команданың ерешелігі неде деген сұрақ туындайтыны сөзсіз? Айтайын: Олар бүкілресейліктер үшін түсінікті болсын деп бас қатырмайды. Өз ауылдарында айта беретін жаргондар мен сөз тіркестерін қымсылмастан айта береді. Сонысымен де жұртқа қызық шығар, әйтеуір залдағылар үнемі қыран-топан күлкінің астына қалады. Мысалы, сөз қорларында: «Түйууу...» (қазақтардың қателескенде айтатын энтонациясы ғой), «Ох, жук а?!» (Біреуге қапаланғанда), «Дүжш» (сот отырысындағы балғаның тарсылын ауызбан айтқандары). Осы секілді, тек Камызяк ауданының адамдары айтатын дыбыстармен Ресейдің көзайымына айналды  

Сонымен таныс болыңыз: «Сборная Камызякского края»
Әрі қарай