Плагиатшыларды жазалап жатыр аямай...

Жайдарманның айналасында жүргендер соңғы кезде Вконтакте әлеуметтік желісінде плагиатшыларды жазалаушы біреудің пайда болғанын айтып жүр. Бүгін кіріп көрдім. Ешқандай аяушылықсыз жазалап жатыр екен.
Плагиатты анықтап, оның түп төркінін анықтау да еңбек. Өз басым мұны қазақша КВН — Жайдарман үшін пайдалы болады деп ойлаймын.
Плагиаттарды қараймын десеңіз мінеки — vk.com/plagiatj

Қазақша КВН жастар сүйіп ойнайтын ойын. Бұл ресми сөз. Бірақ қандай жастар ойнайды? Көрермені кім? Осы сұрақтарды көптеген командалар көп жағдайларда айналып өтетін сияқты. Ия, ия, білемін, қазір «Олай емес братан!», «Біз ойланамыз!», «Не істесек те барлығы көрермен үшін» дейтіндер табылады. Бірақ өкінішке (мүмкін бақытыма) орай мен КВНды көрермен ретінде қарай алмаймын. Сондықтан редактор көзқарасымен бізге не кедергі жасайды, қандай кемшіліктеріміз бар, санап өтейін. Бірден ескертейін, бұл жерден алып, жерге салып жамандау емес. Бір қорытынды шығарып, ары қарай сүйікті ойынымыздың дамуына себеп болса деген ой. Адекватты пікірлер болса тыңдауға дайынмын. Сонымен: