"Эротикалық жыр жақұттары" қауымдастығы "Сүйісу"
Сайт оқырмандарын ақтөбелік ақын Индира Керейдің жазған эротикалық тақырыптағы өлеңдерімен таныстыруды жалғастыруды жүн көріп отырмын. Аса қадірменді биік талғамдарыңызға келесі бір жақұтты жыр жолдарын ұсынамын.
Сүйістік біз...
Сезінгесін құмарды.
Тәтті әлемнің тұнығына сүнгідік!
Қысылу мен
жатырқау да жоғалды,
Ай мақұлдап…
Тұрды әзәзіл-Түн күліп…
Сүйістік біз…
Құмар текке жата ма?
Сүйісуге дайын қыз бен сай ұлы…
Мен несіне қысыламын, о тоба!
Бұл алғашкы сүйісу ме, тәйірі…
Сүюді аңсап ентігеді қос ерін,
Шөліркеген сезімге олар…
Бұл — анық!!!
Жұлдыз жайып Айға мамық төсегін,
Арым тұрды жанарынан Түн ағып…
Ескертеді Түн саусағын мың кезеп,
Арғы жағы…
Ол құпия әнгіме!
Сүйістік біз…
Сездің бе екен сол мезет,
Құшағында балқып кеткем мәңгіге
Индира Керей
Әрі қарай
Сүйістік біз...
Сезінгесін құмарды.
Тәтті әлемнің тұнығына сүнгідік!
Қысылу мен
жатырқау да жоғалды,
Ай мақұлдап…
Тұрды әзәзіл-Түн күліп…
Сүйістік біз…
Құмар текке жата ма?
Сүйісуге дайын қыз бен сай ұлы…
Мен несіне қысыламын, о тоба!
Бұл алғашкы сүйісу ме, тәйірі…
Сүюді аңсап ентігеді қос ерін,
Шөліркеген сезімге олар…
Бұл — анық!!!
Жұлдыз жайып Айға мамық төсегін,
Арым тұрды жанарынан Түн ағып…
Ескертеді Түн саусағын мың кезеп,
Арғы жағы…
Ол құпия әнгіме!
Сүйістік біз…
Сездің бе екен сол мезет,
Құшағында балқып кеткем мәңгіге
Индира Керей