Ақпараттық қауіпсіздік: «Сodeo Team» көзімен
Сәлем, достар! «Ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбына тағы да онлайн-сабақтар легін жалғастыруды жөн көрдім. Бұл жолғы скринкасттарымның ерекшелігі – оған өзімнен бөлек қонақтардың қатысуы. Яғни «скринсұхбат» деуге болатын шығар. Скринсұхбатқа қонақ ретінде Codeo.kz cайтында IT-салаға қатысты тұрақты түрде танымдық посттар жазып жүрген энтузиаст жігіттер, достарым, IT-мамандар – Нұржол Табиғат, Садық Шерімбек, Абылай Әділханов, Ерлан Қамыров және Райымбек Егембердіні шақыруды жөн көрдім.
Ендеше кеттік, скринсұхбаттарды тыңдайық/қарайық!
Бұл скринсұхбатта Нұржол Табиғат Ақпараттық қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру және оның құрылымына шолу жасап өтеді.
Скринсұхбатымыздың бұл бөлігінде Садық Шерімбек қарапайым қолданушыларды жеке ақпараттарды сақтаудың жолдары, жеке құпия сөздер мен әлеуметтік желі аккаунттарын қорғаудың басты қағидаларынан құлағдар етеді.
Абылай Әділхановпен болған бұл скринсұхбатымыз қазіргі интернетте болып жатқан әрқилы байқаулар мен дауыс беру жүйелеріндегі қателіктердің алдын-алу шаралары практикалық тұрғыдан өрбиді.
Бұл бөлімде Ерлан Қамыров Linux амалдық жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздік потенциалдары, серверлік жүйелердің үлестері мен артықшылықтары бойынша сөз қозғайтын болады.
Райымбек Егембердиев өзінің сұхбатында қазіргі таңдағы веб-сайттардың басты қатері болып саналатын DDOS шабуыл туралы және одан қорғанудың технологиялық шешімдері жөнін сөз етеді.
Codeo Team жігіттерімен бірге жұмыс жасау ұнап қалды. Құрамға қосылам-ау деймін :) Осы скринсұхбат форматын бөлек командалық жоба қылып алып кету ойымызда бар. Сәттілік тілеп қойыңыздар!
Коллаждарды әзірлеген Садық Шерімбек және Абылай Әділханов