Унитаз қақпағын көтеріп қою - дискриминация ма?!

Жұмыстағы немесе пәтердегі дәретханаларда, әсіресе ортақ әжетханаларда унитаз қақпағын ерлердің қайта-қайта көтеріп қою әдеттері олардың әйел қауымына қатысты көзқарасының көрсеткіші ме және бұл дискриминацияға жатады ма?! Ортақ тойлеттен шыққан ер адамнан кейін әйел адам кіріп, унитаз қақпағына қарап, оның әйел қауымын қай деңгейге қоятынын білетіндей. Ал егер ол еркек сол әйелдің танысы, досы немесе әріптесі болса ше, жалпы қарым-қатынастағы аздаған түсініспеушілікке осы да себеп болып жатса, таң қалудың қажеті жоқ сияқты. Бірақ бұл туралы ашық айтыла бермейді.
Жалпы солтүстік еуропа елдерінде ерлер мен әйелдер құқығы тең екені баршамызға белгілі. Осы аптада Швеция елінің парламенті ерлерді кіші дәреттерін отырып алуға міндеттейтін заңжобаны қарайды. Оны ұсынушы депутат Вигго Хансеннің санауынша, бұл гигиена деңгейін көтеріп, ерлер мен әйелдер теңдігін нығайтып, простата алдын алады.
Заңжоба авторларының ойынша, егер ерлер кіші дәреттерін отырып алып үйренсе, отбасыда ыдыс-аяқ сылдырлау жағдайлары азаяды екен.
Әрі қарай

Есеп білмеген есек...

Сандармен жыныстық қатынасқа түсетін пәндерден беретін ұстазымыздан сан естіген сөзім. Қазір есек болып жүрмін бе әлде маймылмын ба бір Құдайға белгілі шығар. Өзіме белгілісі есеп жағына шорқақтығым.
Сондықтан да сіздерден мына бір есептің жауабын айтып жіберулеріңізді өтінемін. есептің мәтіні былай:
Дәретхананың (ауылдағы ағаш дәретхана) биіктігі 2 (екі) метр, ені 80 (сексен) см. Сұрақ: Осы дәретхананы жасау кезінде қанша шеге пайдаланылды?
Әрі қарай

“м”-”ж” қашан “ә”-”е”-ге ауысар екен…


Жамбыл облысынан қалаға келген бір ақсақал қуығы сыздаған соң дәретханаға кірмек болыпты. Сөйтсе, дәретхананың сыртындағы “М” және “Ж” деген жазуды көріп, қайсына кірерін білмей: “Жамбылдан келгендер “Ж”-сына кіруі керек болар” деп әйелдердің дәретханасына кіріп кетіпті” деген анекдот болушы еді баяғыда. Өткенде Түркістан шаһарына барып, Шәуілдірге қарай жол жүріп бара жатқанда дәретхананың сыртындағы (суретте) “ә”, “е” деген жазуларды көзім шалып қалды. “М”-”Ж”-сын әдейі өшіріп тастапты. Қай қазақ жазса да, риза болдым. Расымды айтсам, қазақ болып туып, қазақ жерінде өмір сүріп жүрсем де, мұндай “қазақша дәретхананы” бірінші рет кездестірдім…
Әрі қарай