Газет-журнал шығарғысы келетіндерге кеңес
ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының бір бабына сәйкес (заңға өзгеріс енгізгенде баптардың реттік саны ауысып кетеді, соңғысында 15-бап екен), мерзімдік басылымдардың әрбір санында (басылымның "құжатында") мынадай деректер көрсетілу керек:
Әрі қарай
- басылымның атауы;
- меншік иесі (құрылтайшысы);
- (бас) редактордың тегі мен инициалдары;
- тіркеу куәлігінің нөмірі мен оны берген мекеменің атауы;
- басылымның шығу жиілігі;
- басылым санының реттік нөмірі мен жарық көрген күні;
- тиражы;
- редакцияның мекенжайы, баспахананың атауы мен мекенжайы;