Боздап тұр, бозқараған... ІІ БӨЛІМ

ІІ

Жазды өткеріп, оқудың соңғы жылына келдік. Біздің сабақ, кешірек басталды. Алғашқы күні, сабақа бара жатып ерекше толқыдым. Оқуға дейінгі жол қысқа көрінгендіктен автобустан түсіп қалып, жаяу жүрдім. «Айқыз сабақтан қалмаушы еді, бүгінде келген шығар. Тіпті біздің топтағы тұрмыс құрған қыздар сабақа мүлдем келмейді, бірақ ол өзгелерден ерек, ол барлығына үлгереді және ешқашан, ешқандай шағым айтпайды, керісінше барған босағасының жақсылығын асырып, топтағы қыздарға айтып отырады. Әттең маған оны сағынуға болмайды, қалай өтірікші болам? Жасырғаныммен бар сезімімді көзім айтып тұр емес пе? Тағыда ол жайлы ойлай бастадым. Қарғыс атқыр мына жүректің көр соқырлығы үшін, сенің көзіңе жаман болып көрінем бе? Кешір мені...»
Аудитортияға көңілім түсіп, басым салбырап кірдім. Өзімді жек көрем, сені ұнатқаным үшін…
****
Шынымды айтсам алғашқы оқу күні тіпті сенімен амандасқым келмеп еді, адамдық қасиеттен аттап өте алмай, амалсыз қолымды ұсындым. Одан кейін тіпті сен жақа қарамадым да, өзгенің әйеліне қарауға арланам, ал ұнатқаным үшін тіпті өліп кеткім келеді. Ұяттан, өлім жақсы! Жарайды енді, мен тегінде армандап жүріп, ғұмыр кешсемде өкінбеймін, сенен кейінде, өзге кездескендерді армандамасыма кім кепіл, өмір алма кезек. Өзің білесің, сұлулықты сүйетін біздей жандардан қайыр жоқ. Бүгін болашаққа ұмтылсақ, ертең күні, өткен жайлы жазып, оқушыларға жауыр боламыз. Сен өзгермепсің… тек ішіңдегі сәбиің білініп тұрғаны болмаса. Ал менше, әліде ер жете алмай келем байқаған шығарсың, дені дұрыс әңгіме де сабақтай алмаймын. Баяғы күлкі, келеке ету, басқа қандай қасиет бар менде өзі. Мойындаймын бұл сезімнен кейін сәлде болсын басылдым, әйтпесе сенің жаныңда, масаңданып, жүзіңе күлкі ұялату үшін бәріне даяр едім. Жаңа Төле би көшесімен жаяу жүріп келе жатқанда сымбатты, сұлу қаламды өзіме ұқсаттым. Күзге мойынғысы келмей, әдемі ажарын, жыл он екі ай сақтағысы келіп, ашық аспанын қара бұлтқа қимай, талдағы жапырақтарымен үміті үзіліп, амалсыз қоштасып тұр. Универге жеткенше, аяқ асытндағы жапырақ сыртылдап уатылған сайын, саған байлаған сезімімнің «үміт» жіптері біртіндеп үзіле берді! Сенің бақытты көздеріңді көріп, қуаныш аралас, жарқын шыққан дауысыңды естігенде, үміт деген нәрсенің не екенін білмей қалдым. Үміттену жаман әдет...әсіресе бәрі біткен кезде. Ал енді көнбес жүректің қандай амалы бар екен көрелік. Ә, бәлем енді оның барлығына көзі жетті, жарықтық қан жылап тұр, менен кешірім сұрап тұр ма, сені қимайма? Өз жүрегіңмен тілдесіп, түсінісу мүмкін емес, өзінің айтқанын істетіп, ырқына көндіреді тентек. Жүрек басқа адамның жүрегімен түсініседі екен, бұндай құбылыс тек, ғашықтардың арасында болады…
Староста жаңа оқу жылына, мөр басу үшін студенттік билеттерді жинап алып, мен отырған партаға әкеліп қойды, арасынан сенікін тауып алып ұзақ қарадым. Тағдыр мені талай сандалтып, көптеген адамдарға жолықтырды, қылықты қыздардың, ал-қызыл еріндерін сүйгізіп, тал шыбықтай белдерінен құштырды… бірақ біреуінен де тәтті естелік қалмады. Саған да тағдыр жолықтырды, тым кеш бірақ. Сенен қалатыны тек осы толғау ғана…
Күндер өтіп жатты. Сабақа баруға мүлдем құштарым жоқ. Барғанда не істеймін, сенің жанарыңнан тайсалып, басым салбырап, партаға үңіліп отырып, бос үмітті арқалап үйге қайтқаннан не шығады? Өмірім түр, түсін жоғалтты. Мен өзімді жоғалтып алдым. Ұйықтасам түсімде көретінім, ояу жүрсем ойлайтыным да өзгенің жұбайы. Демек бойымдағы еркектік қасиеттерімді де жоғалтқан екем.
Махаббат жауапсыз болса, онда үміт, арман, жігер сынды бойыңдағы қасиеттер мың есе күшті болады.

***

Лекция. Мұғалім дауысынан өзге, дәптер парақтарының сапырылғаны естіледі. Тізілген ақ парталар, ақ айдынға ұқсап, әр жерде жұп-жұп болып отырған студенттер жүзіп жүрген үйректерге ұқсайды. Ал олардың дәл ортасында, күн нұрына шомылып, таранып отырған Аққу өзіңсің Айым. Жағадағы сұр мерген – мен. Сырттай ғана, қатар жүзген, ақ махаббатты аялаған, сыңар аққулардың бірін атып алуға батылым бармай, тамсанып отырмын…
Тарсылдаған дауыстан, селт етіп көл жағасынан, қайта аудиторияға оралдым, дарылдақ досым Медеу сабақа келіпті. Әйтеуір ол жүрген жерде тыныштық жоқ. Медеу келген сәтте лекцияда аяқталыпты. Біздің топта қыздар басым болғандықтан, әйтеуір ортақ әңгіме көп болмайды, керісінше бөлініп-бөлініп алып сыбырласып отырады. Қыздардың әдеті ғой сондай. Сабақ аяқталмастан, ауысып келген біздер сұранып сыртқа шығып кеттік, асханада шәй ішіп, әңгіме айтқан соң, аялдамаға қарай бет алдық. Әдеттегі көңілсіздік, баяғы автобус, ескі ойлар…

****

Кеше сабақта Серік Томановтың «Эльмираға» деген өлеңін саған арнап оқыдым, ең қызығы тыңдаған барлығы болса да, сен ғана қол шапалақтадың. Мен ерекше толқып кеттім, қаншама жарыстарда, өлеңдер мен монологтарды жатқа оқысамда, дауысым дірілдемей, сұқтанған жанарлардан қорықпаушы ем, бұл бөлек сезім екен. Осы аптаның аяғында Арысқа кетем. Өзіңнен тым алысқа кетем, сағынышымның жолы ұзаққа созылады. Бірақ қанша сағыныштың шегін күтсемде, жете алмай келемін. Сағыныштың өлшемі – өлім…
Қу тірлікті, күн арқалап басқа жақа алып кетті, қазір түн. Толассыз ойлардың, миыңда салтанат құратын кезі. «Қазір сен не істеп жатыр екен?» — деп ойласам болды, таңға жуық, соғып тұрған жүрегімнің күлі ғана қалатын сияқты. Қызғаныштың оты, өте ыстық… Тұла бойың өзгенің меншігі, жүрегіңнің кілтінің иесі бар. Менде тіпті, сенің уәде байлаған сөзіңде жоқ, болмаған да! Енді ешқашан да, ештеңенің болмасы анық! Қайырлы түн…

****

Бүгін сабақа тек алты адам келдік. Сол баяғы сабақтан қалмайтындар өзің де білесің. Мандытып сабақта болмады, асханада уақыт өткізіп, үйге қайттық. Шәй ішіп отырғанда көзім қайта-қайта сенің неке жүзігіңе түсе берді. Қараған сайын, жүздеген ине жүрегіме қадалғандай, солқылдап ауырды. Ішіп отырған шәйім тамағымнан өтпей, әрең тауыстым.
-Сәкен шәйді неге жәй ішесің? – деп сұрап қалдың осы екі ортада. Не дерімді білмей?
-Білмеймін – дедім көздеріммен жасанды күліп. Жасандылық ешкімге жараспайтын қасиет, қандай арсыз едім.
Университеттен шыққан соң, Төле би көшесінде жолымыз екіге айрылды. Сен алаңсыз, жылы ұяңа асығып бара жаттың, қос жанарым мөлдіреп сені қимай, артыңнан қиылып қарап, мен қалдым!..
****
Қанша қашсамда сөзбен сезімнің құдыреті менің ақылымнан күшті екен. Өзіңді көрген сайын, тұншыққан сезімім, еркіне босап жаңа бір деммен тыныстайды. Егер адамға өмір мың рет берілсе, барлығында да сені сүйіп өтер ем. Себебі менің махаббатыма бір өмір жеткіліксіз. Енді сенімен қоштаса берсемде болады, кеше сабақа келгенде: «Жолдастар енді, көктемде бірақ көрісеміз, бүгін соңғы рет келдім» — деп едің, өкінішті. Уақыт емші дейді рас па оны әлі зерттеп көрмеппін, солай болса дұрыс болар еді. Енді сенсіз өтетін күндерім оқушым тұрмақ, өзіме де қызықсыз. Оны жазудың қажеті жоқ… шыны керек сені ұмытқанымда дұрыс, бірақ бұл тек менің ақылымның айтқаны, ана жылауық жүрек мұны тыңдасын ба? Әй, Айым сен мені кейін есіңе аласың ба? Әттең ақын емеспін, өлең жазып, мәңгі жадыңа құйып кетер ем оқи беріп, қалжың әрине, Мұқаң айтқандай бұл өмірдің өзі жыр, жазып қайтем?! Күндіз күн жылы болғанмен, кешке ауа райы едәуір салқындайды, қарашаның желі гулей бастапты. Ойлардан шаршап қазір далада ыстық кофе ішіп отырмын, жалғыздықтың романтикасы. Ешқандай ой кешпеймін, бәрінен қысқарып қалдым, мынау әңгіме емес, ғашықтың хатына ұқсап кетті тіпті, әрі қарай не жазам?.. Келесі сабақтарда, сабақ айтып, тағы да өлең оқуды жоспарлап жүргем. Әттең енді ондай мүмкіндік жоқ, сен келмесең кім үшін оқыймын? Секең осы өлеңді саған арнап жазғандай, тақырыбын айтсаңшы: «Аузынан Айдың түскен қыз» Сенің есіміңді бейнелеп, менің саған деген ынтық сезімімді білдіріп кеткендей тегі. Осы шығармамды оқығанда көрерсің деп салып қойдым!

Жолымыз құрбым бір болсын,
Жақын боп кеттің досымдай.
Бұрын сен қайда жүргенсің,
Бұрымдыларға қосылмай.

Көрдім де сені өзгердім,
Басқа адам болып бір демде.
Періштелерін өзге елдің,
Көзге де ілмей жүргенде.

Желкілдеп сезім, бал-құрақ,
Шаттықтан шаршап қуансын
Аспаннан түскен салбырап,
Айдың сен қызы шығарсың.

Көрмеппін жерден мұндай жан,
Көрімдік алса Күн алсын.
Құтқарып алған мұңды ойдан,
Құдіреттің өзі шығарсың.

Көңлімді шаттық күй кернеп,
Кеудеме қанат біткендей.
Қармана бердім күйбеңдеп,
Өзіңнен басқа түк көрмей.

Дертімді қалай емдермін,
Не амал, оған не істерміз?!
Арманым болдың сен менің,
АУЗЫНАН АЙДЫҢ ТҮСКЕН ҚЫЗ!

****
Сені тұрмысқа шықты деген күні, көктемнің нөсері төгіп тұрған. Бұл менің өмірдегі ең бақытсыз күнім, ойларымның бәрі көмескіленіп үйге қарай жаяу тарттым. Кеудемді бірдеңе басып тұрғандай, басым ойлардан ауырлап, салбырап келем. Енді ғана үйренісіп келе жатқанда, тағдырдың бұл не қылғаны? Өмірімді мүлдем түсінбедім, енді қанша ғашығымды тұрмысқа шығарып қойып қарап отырмақпын? Жылқының атыр-гүтір шайнайтын жеміндей, тағдырға енді қанша жем болмақпыз? Біздің өмір осы, өзгерте алмаймыз. Кезекті жауапсыз сезім, тағы бір мұңлы шығармамен аяқталғанын қарашы. Не істеймін енді? Арада ең азы сыйластық қалсын, олда бір махаббаттың нышаны. Кезінде менде ойлайтынмын ештеңе мәңгілік емес, сомен қатар махаббаттың да маздаған оты ертелі кеш сөніп, түгі қалмайды деп. Мәңгілік деген сөзге шектеу жоқ, мәңгіліктің шегі болмайды десе, бүгін мен өз санама жүгініп бұны теріске шығарам. «Мәңгілік» — ол адамның кешкен ғұмырымен өлшенсін. Әр адамның сүрген өмірі, өзіне «мәңгі» болады. Осылай ғана ойласам: «Мен сені мәңгі сүйіп өтем...» Сенде солай ойла, өзіңді «мәңгі» сүйетін адамнын барын біл…
Аяқ астындағы сумен батпақты аңғармастан, Төле би көшесін қиялап келем, тіпті аспаннан төккен нөсерді сезбеймін. Не ойлап келе жатқанымды өзім білмеймін. Бұл жерден безіп кеткім келеді, үйге баратын жолдан бұрылып, өзім жиі баратын баққа тарттым. Жылап барамын несін жасырам? Бірақ сол кездегі көз жасымды жаңбыр жасырғанмен жүрегім су астында қалған қағаздай езіліп барады. Сол көктемде махаббаты көктеп тұрған жүрегіме, қараша оралды, осы күні өмірім қайтадан басталды бірақ сенсіз, сезімсіз, әнсіз…
Баққа дейін жете алмай барам, жабырқаған сәттерде, мені түсінетін сол ғана, қырсығы таусылмас өмір-ай, қанша тәтті болсаңда, жеккөрінішті болатының не осы? Менің тағдырым осындай ма? Әрдайым кешігетін автобус сынды, керек жеріне кешігіп бара жатқан жолаушы мен. Бұл автобустың ішінде жалғызбын. Ал қалғандарын қарашы бір автобустың ішінде, өздеріне тиесілі Бақытқа зымырап барады. Немесе жалғыз поезд релсі сияқты, басқа релістерімен қиылыспайтын қырсығы бар ма? Не боп кетті өзі? Миыма қонбайды ендігі ойларым, еш бір адам өмірге жылап келіп, күліп кетпейді! «Сәкен сандырақты доғар, Өмір алда!» Бұл қайдан пайда болған жігер? Мына сана, сезімде кеш оянып одан әрмен зығырымды қайнатты ғой! Баяғыдан қайда жүрсің? Ол өзгенің қолын ұстағанда «Тоқтат оны, сен сияқты оны ешкім бақытты етпейді! Тоқтат оны!» — деп неге айтпадың? Неге? Енді маған қайдағы жоқ алдағы мәнсіз өмірімді айтасың! Сен доғар сандырақты!»
Жаңбыр саябырлаған сәтте, бақтың гүлдеген раушандары көзіме бірінші түсті. Ең сүйікті гүлім Сирень ол бақтың ішінде өседі. «Бозқараған гүлдеген шығар» деп ойлап, бар ынтаммен қуанышты ойларға қармандым. «Ол мені күтіп тұрған шығар, сағынған шығар? Мен оны қатты сағындым!» Бақ ішінде адам аз, тіпті жоқ деседе болады, өзім мұңымды айта келгенде, мұныңда қырсығуын қарашы. Жүректің жарасын тырнап тұрып, қол шатыр астында өлісіп тұрып сүйіскен ғашықтар тұр. Олардан басқа ақылы бар адамдар жаңыбыр астындағы қолшатырдың романтикасын білмейді. Ғашықтар демек ақымақтар (қызғаныш пікірім).
Бозқарағанның саясына барып, хал сұрасқандай тіл қатып, жаңбырдан соң, аңқып тұрған жұпарын жұтып жымиа көкке көз салдым. Сол сәтте жел көтеріліп, Бозқараған боздағандай, жапырақтағы жаңбыр тамшыларын сілкіп жіберді…
Боздап тұр, Бозқараған!..
Санжар Бекжан
Әрі қарай

Боздап тұр, бозқараған...

Боздап тұр, бозқараған

Алғы сөз

Бұл шығармамды оқыған жандардан кешірім сұраймын. Себебі тым асығыс жазып шикі дүниені салып жібердім, дегенмен мекен жайыма жақсы лебіздер көптеп келгендіктен, қайтадан өңдеп, жалғасын жазып шығаруға бел байладым. «Ең әдемі әйел» тақырыбы уақытша қойылғандықтан, негізгі тақырыбы «Боздап тұр, бозқараған» болып өзгертілді.
****
Емхана қабырғалары, діни орындарға қарағанда шынайы, жүректен шыққан тілектерді көбірек естіген деседі. Рас екен. Сай сүйегім сырқырап, жаным жай таппай, мыңдаған ойлардың шетінен ұстап, шегіне жете алмай отырмын. Өткен өмір артта, көздеген мақсат, жете алмай келе жатқан мұрат алда. Бүгінгі күн емхана қабырғасына сыр шертумен өтіп жатыр. Осындай толқыған сәттерде сағат тіліде бір орында тұрып қалатыны-ай. Заман ілгері жылжып, технология дамыған уақытта еш қорқудың қажеті жоқ деп өзімді тынышталдырып, енді тәтті ойлардың жетегіне еріп кеттім. Ота жасайтын төсекке жатқанша, төменде жазғанымның барлығын жобалап қойып, аман есен есімді жисам осыны қағазға түсіріп, сабақ үстінде оқимын деп серт еттім. Бұл жәй әңгіме болсада, мұнда баяндалатын оқиғаны, қысқа роман ретінде, оқушыммен қауыштырғым келді.

І
Қайраты мол, қаһарлы қыс Алматыны толықтай иелігіне алып, өзінің билігін жүргізіп жатқан уақ. Қар молынан жауып, даланы да, адамды да тырп еткізбестен, тұсаулап қойған. Паң далада сауық құрып, аяз жүр. Терезеге қарасам, тіршілік белгісі білінбейді, тек қана мұржалардан түтін будақтап, аспандағы бұлттарға ілесіп көшіп барады. Жып-жылы үй, мейірім мен махаббатқа толы қарт анамның қолдары жаурамасын деп, отты үзбей жағып, бөлмемде кітап оқып отырғам. Қалғып бара жатыр ем, ұялым шыр ете қалды. Қысқы демалыстың соңғы күні болатын. Ертең сабақ екенін ескертіп хабарласып тұрған топ басшым екен. Келесі күні универге жеткенше жаурағанмен далада үсіп қалғаным жақсы еді, министірліктен біздің мамандықтың лецензиясы алынғаны туралы және жабылсын деген суық хабар келді. Бәріміз универге, біріміз бірімізге үміт артпастан ыдырай бастадық. Араға бір апта салмай, жаңа оқу орнына ауысып кеттім. Жаңа жүздер, бөтен көздер әдеттегі көңілсіздік пен зерігу. Өз аяғым ба, әлде тағдыр әкелді ма мұнда өзім білмеймін. Өңшең баға үшін барын беріп, дәптерден бас алмайтын адамдар. Аудитория, моргтың бөлмесіне ұқсайды. Бір қораға бөтен қойларды айдап әкеліп қойғандай, бөлініп алып өзара әңгіме айтып отырған адамдардың арасында отырғаным алғаш рет. Аудитория ала көлеңке, түссіз ескі киноға ұқсайды. Осы түссіз киноға, сән келтіріп, мән беріп тұрған сен екенсің деген түйінді, информатика кабинетінің есігі ашылғанда жасадым. Көздерім көзіңе түскен сәттің өзі жан дүниемнің астан кестеңін шығарды, бірақ екуміздің таныстығымыз біраз күннен кейін болды. Әттең ол күн есімде жоқ. Менің есімде арулар мерекесіне ұйымдастырған кеш қалды…
Көктем басталғалы, күн күлімдеп, ауа райы жылы шырай танытқанмен, сол күннің аяғы жаңбыр аралас қарға ұласып еді. Күн батуға айналғанда жуынып, таранып, өзіммен бірге ауысып келген достарыма звондап, кездесетін жерді белгілеп, өзімізбен оқитын екі қызды кеш болатын жерге алып кететін болдық. Серік екеуміз екі қызды қолтықтап алып, Гоголь көшесін қиялап келе жатып, Сейфуллин көшесінен Медеуді кезіктірдік. Бір қолшатырдың астына, 5 адам сыйысып әңгіме дүкен құрып келеміз. Бізден ерекше болып биттің қабығындай бешпет киіп алған Серік, тістері сықырлап, жеткенше үсіп қала жаздады. Пәтерге келсек, ерте келген жолдастарымыз дастархан жайып қойып, тамақ піскенше, суретке түсіп, әңгіме айтып кешті қыздыра бастапты. Бұл кеште жаңадан ауысып келген біздер, тек амандасып қана араласатын қыздармен, етене жақындасып, дос болып кеттік. Осы кеште Айқыз алғаш рет маған тіл қатты. Бәрін дастархан жайылған бөлмеге шақырып, соңғы болып мен кірдім.
-Оо Сәкен бүгін елден ерекше жиде киіп, солидный жігіт боп келіпті ғой – деген сөзден кейін, шетте отырған Айқызға қарадым. Менің жидені сирек киетінімді байқаған, сол ғана болса керек. Ұятым бетіме шығып.
-Құдайға шүкір – деп ақырын ғана жымидымда қойдым.
Отырыста асабаның ролін маған берген жолдастарды, жалықтырмайын деп, бар өнерімді салып, әзіл айтып, кезегімен сөз беріп, кешті одан әрмен жалғадым. Отырғаннан жауыр болмайын деп билеуге тұрдық. Менің билеуге еш икемім болмасада, шараптың қызуымен ортада жүрмін. Би алаңында, көзіме шоқтай басылған, қызыл көйлек киіп алған Айқыз жақа қайта-қайта қараумен болдым. Одан кейін оңаша бөлмеде, жігіттермен отырып екінші дастарханға дейін біраз ащы судан ұрттадық. Түн ортасы болатын, ұйқысы келегендер жантайып, ал қалғанымыз дастарханға оралдық. Қызып алған сәтте микрофон тізгінін ешкімге бермейтін әдетіме салып, жатқа білетін өлеңдерді оқи бастадым. Оң жағымда отырған Айқызға қарап отырып.
Сүйіпте тұрып, сүйікті болып,
Сетінеп жаным, шерленем.
Сүюді бақыт дейтіннің бәрі,
Әлі де сүйіп, көрмеген… – деп алғашқы өлеңді әдемі бастағаныммен, оның өзін жарытпадым, шараптан тіл күрмеліп, өлеңнің басын бастап аяғына жеткізбестен быт-шытын шығардым. Одан кейінгі оқыған өлеңдерімде сәтсіз болды. Тағы бір әдетім Шәмші әндерін айту болатын. Дауысым болмасада, әу деп бастап жіберетінмін. Айқыз шәй құйып отырған, бұл сәтте барлық назарым осы қызға ауды. Ән айтқандағы оның дауысы, әр қимылы, қылығы, құлын мүшесі, тұнып тұрған жыр. Көзінің қиығымен қарағаны, жүрегіңді қиып түсер қылыштай, жалтылдап, өз иелігіне еріксіз тартып тұрады. Осы кеште мен бар еркімнен айырылып, сезімге кісенделіп қалдым. Мендік арман, үміт, махаббат қайта тірілді. Мен қайтадан өмірге келдім…
Сабақта мен әр дайым оған жақын отырып, бірдеңе қажет болса, лезде қолымды ұсынып оған қамқор болғым келді. Үйге қайтқанда ол қарама қарсы аялдамаға барып автобус күтетін. Мен күнде оны жанарыммен шығарып салатынмын. Сәл ғана жымиып басын изегенінің өзі бір өміріме жетіп, артылатын ізеттілік еді. Жұмыр білегіне сөмкесін асынған, ақ сары қыз. Ол жүрген кезде, айналадағы бар қимыл баяулап, дала шуының килогерцтері созылып, құлаққа ырғатылып әрең жетеді. Әр басқан қадамы, табиғаттың құбылысы сияқты, айналаға қарап сыпайы жымиғаны, арайлап атқан күндей жарқын. Оның келбеті бояуы кеппеген Леонарда да Винчидің «Мона Лиза» суреті сынды, мен бұл көрініске ғұмыр бойы қарап тұруға даяр едім. Мона Лизаның ернінің өзін да Винчи алты жыл бойы салса, мен бұны алпыс жыл толғансамда, оқушыма жеткізе алмаймын.
Уақыт адамға бағынбастан, алға басты. Сабақ, үй, қауғырт тірлік, ештеңе өзгеріссіз. Бірақ алдағы күндері екеуміз тіпті амандаспайтын боп алдық. Бұның сырын мен еш түсінбедім, олда сыр білдірмеді. Наурыз мерекесінде алаңсыз бір апта демалып, сабаққа келген күні топтағылар кезекті қуанышты бөлісіп отыр екен. «Айқыз тұрмысқа шықты» деген сөзді аудиторияға кірген сәтте естідім. Аяғыммен басып тұрған еденді сезбей, қол аяғым қалтырап, көзім қарауытып орындыққа әрең отырдым. Қатты соққыдан нокаут алған боксшыдай құлағым шыңылдап, «бітті.і.і.і» деген сөз жаңғырып естілді. Партадан басымды көтере алмай салбырап қалдым…
«Сұңғақ бойлы, сымбатты қыз, орамал тартып өзге үйдің босағасын аттап, дастархан жайып ата-енесімен, жолдасына шәй құйып отыр» — деген ойдан арыла алмай, ілбіп басып үйге жеттім. Бөлмеме кірген күйі, көкірегім қарс айырылып, еңіреп жылап жіберейін деп тұрсамда, ек бетімнен жатып, жастыққа басымды бұғып үнсіз егілдім. Арман мен үмітті өзегіме отын қып жинап өкініш оты аяусыз өртесе, жүрегім қызғаныштан күйіп барады. Біреуге арман боп қалып, біреуге бақыт болып қонған, аққудай кербез аяулы Айқызды ұмытудан басқа амалым жоқ деп түйдім. Ол сабақа келген күні бәрі құттықтау айтып, қуанышына ортақтасып жатқанда, ернімді күштеп ыржитып, қолын алып «орамалың құтты болсын» деуге ғана шамам келді. Бұл күнге дейін екі жүзді адамдарды жек көргенмен, мен де солардың қатарынанмын. Алдағы күндері екеуміз тілдеспек түгіл, ол тұрған маңға қараудың өзі арманға айналды. Өмірді ертегі десек, мен жағымсыз кейіпкер сынды әр дайым шетте жүрем. Бір аудиторияда отырсақта, «мен» және «ол» деген екі әлем бардай, оған барар жолды сан миллиард жұлдызбен, метьеориттер бөгеп тұрған сияқты…
Әр сәт – алтыннан қымбат. Айқызбен бірге бір аудиторияда өткізген минуттар, көзімнің қарашығындай, жүрегімде сақталатын, өтіп жатқан өмірімнің ең тәтті естелігі. Арамыз Ай мен Күндей тоғыспайтын қашықтықта. Ол көктемде құлпырған гүл болса, мен сағыныштан сарғайып жерге түскен, күзгі жапырақпын. Менің арман сөзім сол бойда айтылмады. Кейде Меңтайды Тұмажанға қиып қалдырған Ерболдай күй кешсем, онымен кездескен күні «Махаббат бекетіндегі» Оралдай жанарымен үнсіз тілдесем. Іштегі қызғаныш, бетіме шығып тұрғанын өзіде көріп жүр. Өзгелер білмейтін, сөзсіз түсінбейтін сезімді, жалтармастан жар салып жазғаным, ерсі қылық болып көрінсе де, бұл менің титтей болсын арманымның орындалғаны деп білем. Ғашығына бақыт тілеген адам ақылды емес, бұл жәй сөз, бұны көз бояу дейді. Ал іштегі алай-дүлей сезімді сыртқа шығармау, ауруды жасырып, өлгенмен тең. Менің қолымнан келетіні тек адал достықтың, ақ жалауын бірлесіп ұстау. Бұдан артыққа менің ешқандай үмітім қалмады. Неде болса бұл да бір «үміт»!
Айқыз бір үйдің түтінін түтетіп отырған отана, ішінде сәбиі бар. Айналада қыз біткеннің барлығы да тең келмес, теңдесі жоқ, ең әдемі, бақытты келіншек. Ал мен сырттай сыр шертіп, сансыз жауапсыз хаттар жазып, махаббаттың азабы мен мазағына көнген, боз бала болып қала берем…
Әрі қарай