Бидайдан жасалған сағыз

Блог - DinaAbdigalieva: Бидайдан жасалған сағыз
Ээээх, сіздерге он үш жыл бұрын болған оқиғамен бөліскім келіп тұр. "Қызылшілік" атты шағын ауылым бар. Сол жерде балалық шағымды толығымен өткіздім. Айтар оқиғам осы жерден бастауын алады. Блог - DinaAbdigalieva: Бидайдан жасалған сағызМенің ауылымда шөпті, бидайды сатып алмайды, барлығын сол
Әрі қарай

Сары бидай әні

Біздің ауыл текшенің етегінде,
Ерте шықсам ауылыңа жетемін бе?
Ақ тамақтан емінте бір иіскетсең,
Айналақтап ауылыңнан кетемін бе?

Есіктің алды тал-қайың,
Басыңда тұрмас жаз дәйім.
Қалқатай еске түскенде,
«Сары бидай» әнін,
Сағынып сонда салғаным.

Бұлт арылмай қойды ғой бастан, шіркін,
Сенсіз өмір секілді жалған, шіркін,
Ат арытып алыстан келгенімде,
Кер маралдай керіліп тұрсаң, шіркін.

Есіктің алды тал-қайың,
Басыңда тұрмас жаз дәйім.
Қалқатай еске түскенде,
«Сары бидай» әнін,
Сағынып сонда салғаным.
Әрі қарай

Егін күзету және шапан хикаясы

Жас кезде адамның ақымақтық әрекеттерге де барып тұруы еш сөлекеттік етпеген. Жаз болса жайлауда өтетін уақытымыз. Бала кезде білінбейді екен. Қолтыққа жүн шыққан кезде жайлаудан көрі ауыл жақта қызық көп екені аңғарыла басталды. Ауылдағы өзім теңдес түбіт мұрт бозбалалар күнде дискотекалатып жүргенде мен аптасына бір рет, кейде екі аптада бір рет барушы едім. Мал бағу, егінді қарау секілді шаруалармен қол тимейтін.Содан егін шабатын уақыт келгенде ағайын болып келетін Өткір атты жігіт екеумізді түнде егістік басындағы комбайндарды күзетуге жіберді. Будкада жатуымыз керек. Үш аяқты «Урал» матасекіліне отырып алып жайлаудағы үйден екі-үш шақырымдай жердегі алқапқа келеміз. Қас қарайып күн батты-ау дегенде матасекілді завайттамай(дыбысын естіп қалмас үшін)1-2 км жер итеріп ауылға қарай бет аламыз.Ауыл 10 км шамасындағы жерде. Таудың мүйісінен асқан соң оталдырып алып «ауыл қайдасың?» деп тартып отырамыз. Ауылға барғанда да үйге соғуға болмайды.Тікелей клубқа барамыз.Ол жерде біраз көңіл көтеріп, қыздарды тау жақты көрсетуге алып кетеміз. Жалпы, сол жылдары ауылда шапан кигендердің дәуірі жүріп тұрған.Жан-жақтан келіп жатқан қонақ қыздарды тауға апарып серуендеткен кезде шапан керек болады.Енді, қыздар тоңып қалса иығына жабуға.Содан таң ата түк болмағандай егіс басына қайтып келуші едік…
Әрі қарай