Бағлан
Өмір қиындықсыз болмайды.Басыңа түскен қайғыны жеңе білуің керек.Сені қолдайтын,қорғайтын жандардың арқашанда жадымызда болатынын есте сақтау қажет.Сондай шығармалардың бірі Дулат Шалқарбаевтың «Бағлан» атты хикаяты.Бұл хикаят әке-шешеден бірдей айырылған кішкентай Жекен жөнінде.Жекенді әкесі Байсалдың немере інісі Бақтыбайға табыстады.Артына қалған мал-жанға қарайласты.Әйелінің аты Боранкүл.Мінезі де боран секілді.Төрт балалары бар.Осы үйдегі төрт баланың үлкені-қыз.Аты Гүлсім.Гүлсім ержеткен, байсалды қыз.Анасы Жекенді күні-түні жұмысқа салып қояды.Сол кезде қорғап қалатын Гүлсім еді.Жекен Гүлсімнің барына қуанады.Бұл шығарманының бір қызығы адам мен жануар арасындағы достық.Жекеннің жақсы көретін қозысы Бағлан.Бірде Бағланды үй-іші тамаққа айырбастамақ болады.Сол кезде екеуінің көз жанарларынан моншақтап жас үйірілді.Адам таңғаларлық.Жануар мен адам қалай дос болады? Кішкентай қозыда анасынан айырылған.Сондықтан да болар екеуі бір-біріне бауыр басып кеткен.Әрі қарай не болғанын оқып көріңіздер.Өте керемет шығарма.2009 жылы «Бағлан»хикаяты дәстүрлі «Дарабоз» бәйгесінде бірінші орынды алған.
Әрі қарай