Балалық шақтан естелік...

бала кезімде қолды аяққа тұрмайтын тентек едім (қазірде алысқа кеткен жоқ сияқтымын) әпкем екеуіміздің арамыз 1,5 жыл. қосылып алып, егістікті аралап(күріштікті)мал қуып, сосын жұрттың қауын,қарбызын ұрлап, полевойстанда тұратын басқа да күрішшілердің балаларымен( көбінесе ұлдар) балыққа баратынбыз. таң атқаннан кеш батқанға дейін, Құдай айдағандай далада жүретінбіз.
Әрі қарай

Көше этюдтері: Нұркен "Үлкен Үрей" (мультик сыр)

Барлығымыздың тоқ ішегіміздің түкпірінде жатқан үрейіміз бар. Олардың қорқыныштылығы сондай: тіпті дауыстап айтып көруге де тасың дірілдеп, мандраж ұстап сала бересің. Мысалы, жақын адамыңды жоғалтуды ойлап көру сияқты.
Бірақ, бала күндердегі үрейлер қазіргіден басқаша болған сияқты. Әйтеуір үрейіміз өлімнен басқа нәрсе болатын. Өлім туралы ойламақ түгілі, тіпті өлім — тек кәрі кемпір мен шалдармен болатын — ну енД, андай* оқиға сияқты көрінетін еді. Содан ба: кәрі-құртаң біреуді Аид патшалығына аттанып кетті десе… құлақ мүжіп, кәмпит жеймін
Әрі қарай

ЧАСТУШКАЛАР-2

Бала күнімізде талай тақпақ жаттадық. Соны әр кезде әрқалай айтушы едік. Мынай 3-4 жасар кезімде айтқан тақпағымның текст түрі.
Аю оты пәкәкә,
Екі қоы кәкәкә.
Апай сабак сүкәкә
Үкап капы мәкәкә.

7-8 жасар кезімде
И десе и диді, И-ға тілі келмейді
Әрі қарай

Қарбыз туралы



Қарбыз туралы аздап сыр шерткім келіп тұрғаны. Оған себеп, жаз келіп аз болса да алғашқы қарбыздар сатыла бастады. Ақтөбеде әзірше 60 теңге килосы. Күзге қарай 10 теңгеге дейін түсетін шығар.

Сонымен қарбыз. Қарбыздың отаны Оң.Америка екен. Ежелгі Египетте де адамдар бұл жидекті білген екен. Қарбыз сөзі парсы тілінен келген екен, парсыша харпузак — Есек қияры деген мағынаны білдіреді екен.
Әрі қарай

Анкета

(31.29 Kb, 402x400)
Мектепте сырты қызыл-жасыл пастамен, фломастермен шимайланып, өзімізше әлеміштелген «Анкета» деген дәптеріміз болушы еді. Орта тұсында «Секрет»
Әрі қарай

Суретке түсе білу де “өнер”…

Блог - TOTY: Суретке түсе білу де “өнер”…
Кеше қалада қапалақтап қар ұзақ жауды. Кабинетімнің терезесінен ауық-ауық сыртқа көз тастаудан жалықпадым. Біздің жұмыстың ауласы кең, айналасы ағаш, жанында кісі отыратын орындықтары бар. Жылы күндері үзілісте серуендеуге шығып тұрамыз. Бақтағы әр мезгілдегі маусымдық өзгерістерді сандық фотоаппарат алудың сәті түспей жүргендіктен, қалта телефоныммен түсіріп отыруға тырысам. Ара-тұра суретші жігіт Дәуренді шақырып, «суретке түсірші» деп мазалаймын. Кеше тағы бұрқақтаған қарлы ауа-райы реңіне қызығып, Дәуренге өтініш білдірдім. «Кезекті фотосессия ма?» деп күлді…
Жалпы, фотоға түсу менің бала күнімнен қаныма сіңген әдет. Өйткені, әкем Қуанышбек жас кезінде фотоға түсірумен әуестенген. Хоббиі деуге де болатын шығар. Әлі күнге дейін үйде сақтаулы “Сеть-2″ фотоаппаратын тастамайтын. Мереке күндерді немесе кез келген сенбі-жексенбі әкемнің қолы бос уағын асыға күтіп журетінбіз. Онымен қоймай, «китайский» көйлектерден бастап, бірнеше ауыстыратын киім дайындайтынбыз.
Қазіргідей сандық үлгіде емес, кеңес үкіметінің аппараттары бір әуре еді. Фотоаппаратқа жарықпен белгі беретін қосалқы бөлшек “фотовспышка” жалғанады. Әкем «дайындал» деп шүріппені басқанда, бөлшек жарқ ете түссе, кадрде қалдым деп есепте. Бірде дәл мені түсірерде жарық қайта-қайта жанбай қалып, әкем «саған әдейі жанбай жатыр» дегеннен-ақ, өкпелеп жылап қашқаным есімде. Көбінде, суретке түсіру “рәсімі” осылайша менің «жылағаныммен» аяқталатын…
Фотоға түсуден бұрын, бізді шығаратын процесі қызықтыра түсуші еді. Сол мезеттерді ұйықтамай тосып, апайым Салтанат екеуіміз әкемді төңіректейтінбіз. Әйтеуір, түн уағында жарықты сөндіріп, қараңғы бөлмеде фотокассетадағы пленканы фотобачокта жуып сорғытатын, сосын «увеличитель» атты құрал аппараты болған, бертінге дейін үйде тұратын, қазір қайда екенін…, жә, ол маңызды емес, әйтеуір әкем әлгі аппараттың кішкентай ғана көзінен түсірілген сұлбаны тамашалауға рұқсат ететіне мәз болатынбыз. Одан кейін фотоқағаздарды пластмассадан жасалған, төртбұрышты арнаулы ыдыстарға салып, «фиксаж», «проявитель», «закрепитель» деуші ме еді, сондай бір қоспалармен жуатын, көз алмай қарап отырсаң, аздан кейін-ақ бейнең шыға келетін. Ең соңында кішкентай пинцетпен байыппен алып, су қағаздарды кептіру үшін кәдімгі, біз «тримо» деп атайтын айнаға жапсыратын. Таңертең сурет дайын. Мінекейіңіз, қаншама машақаты көп дүние.
Е-еее, «Балалық шағың – патша тағың»… деген осы. Айпақшы, сол жылдары басқа елдімекендерге қыдырып бара қалсақ, дүкендерден фото шығаруға қажетті материалдар іздейтінбіз, «дефициттердің» қатарында еді. Қазіргі заманның баласының керек-жарағы бәрі алдында, тек меңгеріп әкетсе болғаны…
Әрі қарай