Әтөш. Балалар күніңмен!

Биыл біздің Айбек 5-ші класты бітірді. Соңғы бір-екі жылдардың күндері өткен сайын еститіні:
-Сен енді кішкене бала емессің, үлкенсің. Баланың қылығын істеме!
Тағы да сол секілді сөздерді еститін. Бәрінің мағынасы «сен үлкенсің, балалық қылықтан арыл» дегенді түсіндіреді.
Көптен күткен жазғы оқу демалысында ата-аналары уәде еткен жаңа жасөспірімдерге арналған велосипед сатып беруін күтіп жүр. Маусым айының бірінші сенбісі ата-анасының демалыс күндеріне сәйкес келетін болып шықты. Сол күні велосипед сатып алынатын күн болып тағайындалды. Күткен күн де жетті. Ата-аналары Әтөшті ертіп алып, базарда велосипед таңдап жүр. Сатушы сауда «балаларды қорғау күніне» сәйкес келгендіктен:
-Таңдауларыңыз жақсы. «Балалар күніне» орай балаңызға жақсы сыйлық болады, -дегенде, Әтөш ұялғанынан:
-Мен бала емеспін, -депті.
Бірақ Әтөш базардан үйіне қайтқанда қуанып келе жатыр. Жаңа велосипед иесі атану қандай болса да, баланы қуантатыны сөзсіз еді.
Мына жазбаның мән-мағынасы не? -деген сұрағыңызға жауап бере кетейін. Жақсы бір лозунг бар еді: «Баланың балалық шағын сақтаңдар!» деген. Үлкендер, баланың балалық шағын ұрламайық.
Әрі қарай

Балалық шақ және балалық қылықтарым

Қазір көгілдір экраннан «Бәйтерек» киносы көріп мектепте балалықпен жасаған қылықтарым есіме түсіп балаларыма айтып күліп отырмын.
Сіздерде бөлісе жатарсыздар мектепте жасаған балалық қылықтарыңызбен. Есте қалғанын баян ете берейін.
Әрі қарай

258. Мойылды бет

www.kerekinfo.kz/blog/8918.html жалғасы

Түс ауа күн ыси түсті, күн көзінен қорғанып үйдің көлеңкесінде отырған бетім. Бір уақытта зырылдап келіп ш…ш…ш… шұғыл тоқтаған велосипед дауысынан кейін зың-зың еткен қоңырау шылдыры естілді.
Орынымнан тұрып қарасам Арман велосипед қоңырауын зың-зың етіп шылдыратқан. Қаша түбінде өсіп тұрған талдан мені бірден байқаған жоқ. Екі көзі терезеде, үйдің ішінде деп ойлап, қайта-қайта велосипед қоңырауын шылдыртады. Қашаға жақындай түскенде мені байқап қалды.
-Мойыл теруге барасың ба?
-Барамын…
Арманға ауылдан төрт-бес шақырым жерде мойыл өсетін жерді атасы көрсетіпті. Мойыл ағаштары сайдың оң жақ бетінде ғана өскен соң «мойылды бет» атаныпты.
Велосипедтерден түсе сала алда өсіп тұрған мойыл ағаштарына беттедік.

Бірден екеуіміздің көзіміз мойылдың бір ағашына түскені, піскен жемістері қаракөк түсті самсып тұрғаны, ағаш бұталарына аяқ салып жіберіп жуандау біздің салмағымызды көтереді ау деген бұта үстіне жайғастық. Жан-жағымызға қолымызды жүгіртіп уысымызға жиналған жемістерді ауызға толтыра шайнап, мойылдың жеміс сүйектерін жаңа жеміс порциясына босату үшін түкіріп үлгермей отырмыз. Қол созым жерде мойыл таусылып барады… Қолымыз бір жерде өскен жеміске созыла бастады. Арман қулығын асырып жібергені.
Әрі қарай

258. Қалайша жаңа жолдас таптым

Ауыл баласы қызықтайтын жаздың қызықтары көп қой. Әркімнің балалық шағынан есте қалған ерекше жаздың айлары бар шығар. Баланың түйсігімен ашылған жаңалыққа мол жаз айларының өткеніне жиырма бес жылдың әрі-берісі болыпты. Мүмкін бұл оқиғалар бір жаздың маусымында емес бірнеше маусымның жаз айларында болған шығар.
Бесінші класс бітірген жыл. Әкем қаладан «Уралец» деген велосипед сатып әперді. Сол күн әлі көз алдымда. Қаладан келген беті, үстінде қара костюм шалбар, ақ көйлек, гүлді галстүгі бар. Жолдың бойынан есік алдына бет алып келеді, иығына велосипед асып алыпты. Тура қақпа аузында тұрған баласы, яғни, маған беттеп келе жатқаны. Қуанғанымда шек жоқ, не айтарымды білмеймін. Тек қарап тұрмын.
Әрі қарай

258

Біраздан соң қол босап көптен ойда жүрген әңгіме нобайын жазып көрмекшімін. Балалық шақтан естелік. Әзірше атауы «258» не себепті осындай атау бермекші болғанымды тауып көріңіздер. Әңгіме оқиғасы ауылда жаздың соңғы айларында жас шамалары бірдей екі баланың қатысуымен өрбиді. Екі бала ренжіседі соңынан тез татуласып кетуіне 258 саны себепші болады.
Әрі қарай

Қыспен қоштасып қалайын, естелік айтып)))

Қайран балдәурен!!! Бала кезімде қысты қатты ұнататын ем. Өйткені үй шаруасы қорада, күніне бір мезгіл ғана, ал ойынның түр-түрі болатын. Қар атыс, окоп қазу, аққала жасау, шаңғы, коньки, шана тебу, хоккей… керемет уақыт еді. Әсіресе қыстың басында, және аяғында қар атыс ойнаған ерекше ұнайтын. топ-топ болып таудың екі жағына тұрып ап, алақанға қар түйгіштеп, тасыр-тұсыр соғыстың соңғы тұяғы басталып кететін. Естелік-елес-цитата:
Таудың аржағынан: Ей тиід саған!!! Аяғыңа тиді өз көзіммен көөрдім. Е давай сен ранен болдың, бір аяқпен атысасыңңңң!!! ЕЕЕ арамы ойнау жоқ нақ…
Әрі қарай

Қош бол,балалық

Балалық.Сол шаққа қайта оралғым келеді.Кіп-кішкентай қыз болып, уайым-қайғысыз өмір сүру қандай бақыт! Кішкентай кезімде «тезірек үлкен қыз болайыншы» деп армандайтынмын.Балалық шақ, бір қызық кезеңдер ғой!
Кітаптарды қарап отырып, Ділдәр Мамырбаеваның "Қош бол, балалық" деген шығармасын тауып алып, оқыдым.Бұл хикаятта үш бала.Олар Кәрім, Бөкен, Мұрат. Кәрім аздап мақтаншақтау.Бөкен қорқақ.Мұрат… Мұрат жөнінде сөз басқа.Шығармада ол жөнінде біршама жазылады.Оның әкесі жоқ еді.Көп қиналатын.Олар сондай ақылды, ересек балдар.Үлкендерге көмектеседі.Жын-пері болып,өзі ешкіммен сыйыспайтын Тұрдыбекті қорқытқаны да бар.Даладан әр түрлі заттарды тауып алып,өздеріне мұражай ашып алды.Оқыған адамға қызықты.Ішіне кіріп кетесін.Қазіргі кішкентай балалар сондай ма? Далаға шыға беріп, көрші үйдің терезесін сындырып дегендей әр түрлі тентектік жасайды.Осы үш балаға қызығып, балалық шаққа оралғандай болдым.
Әрі қарай

100 литр айран...

«Айран» деп негізі біз жақта күбіге құйып пісетін сусынды айтады, Астанаға келгеннен бері «айран»деп біздің "қатықты" айтатын болдық. ал, менің айтайын деп отырғаным сол "қатық" туралы.
Бір күні мамам біздің 50градус ыстықта шауып жүретінімізге шектеу қойып, түстен кейін ұйықтатып, сыртымыздан есікті жауып кететінді шығарды. Жапқанда қалай, енді құлып салмайды, есіктің сыртқы бетіне қағылған үлкен шегені қайырып кетеді. Ол шеге бізге проблема болып па?! мамам жоқта үйге ұзындығы 1,5-2 метрдей болып қалатын таяқты тауып алып, киіздің астына тығып қойдық(кейін сол таяқ үнемі сол киіздің астында жата беретін болды, на всякий случайға) сосын мамам бізді аңдып, терезеден қарауды ұмытты аааау деген кезде, есікті ырғап-ырғап, таяқ сиятындай етіп ашып аламыз да, шегені итеріп, есікті ашамыз. сол күйінде есікті қайтадан жауып кетеміз. өйткені, үйде ініміз бар ғой. ол оянып кетіп, мамаға барып қойса, біздің шаруамыз бітті деген сөз…
Әрі қарай

Нәуірзек, тырна, қарлығаш


Атам мен апам да, басқалар да Қарлығашты ең жақсы құс деп айтты. Бізге солай сіңірді. Содан ба біз оған ерекше ыстық ықыласпен қарадық, тиіспедік. Әсіресе, көктемде нәуірзек, тырна сосын қарлығаштың келетінін асыға күтіп жүретінмін. Осы үшеуін өзге құстарға қарағанда ерекше жақсы көрдім, бір мен емес ауылдағы барлық балалар жақсы көретін.
Әрі қарай