Жол жөндеу

Өткен жылы ауылымыздың жолын өзіміз жөндеген едік. Соңғы рет ауылдың жолы 1980 жылдары жөнделген екен. Содан 8 км жол еш жөндеу көрмеді. Ақыры төзімі таусылған ауыл жастары белсеніп, ақсақалдарға сауын айтып, жол жөндемекке бел шешкен болатын. Әр үй 1000 теңгеден, машинасы бар адамдар 5 мыңнан шығарып, асфальт алып, соны төседік. Сонда небәрі 250 мың теңге ғана шыққан екен. Осы жылы аудан әкімшілігі ұялды ма, әлде біздің Мәсімге жазған хатымыз себеп болды ма, әйтеуір ауылдың жолын тақтайдай қылып бердіЖақында ауылға барып компьютерді ақтарып отырып мына виеоны тауып алдым. Қарапайым ауыл адамдары назарларыңызда
Әрі қарай

Қариялар азайып бара жатыр /Сағыныш/


Қариялар азайып бара жатыр

с. Мұқағали Мақатаевтікі
ә. Қ. Құрманәлиевтікі


Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар…

Неменеге жетістің, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.
Әрі қарай

Ауылдың тірлігі

Кеше Шет ауданында болып қайттым. Қайын жұрт. Былтыр көлік апатынан қайтыс болған қайнағамның жылын өткердік. Жә, ауыл тіршілігінен суреттер сала кетсем. Ауылда күн көрістің көздері мал өсіріп сату, егіншілік және шөп шабу және сату ғой. Бұл кісілер алғашқысын, яғни мал шаруашылығын таңдаған екен.
Қараағашты мүжір қара ешкі
Жаңа туылған лақ
Әрі қарай

Ауылда өткен бір күн және оразаға құрмет

(3641.91 Kb, 3648x2736)
Әне-міне дегенше айлардың сұлтаны Рамазан айының ортасына да жеттік. Сауабын Хақ Тағаланың өзі беремін деген оразаның артықшылығын айтып тауысу мүмкін емес. Әр істеген ісіңе мың есе артық сауапты осы айда аласың. Жақында ауылдағы көршіміз ауыз ашарға шақырды. Күн ыстығына қарамастан Тараздан жүз шақырым қашықтықта құм жиегін бөктерлей қоныс тепкен туған жеріме тартып кеттім…
Шіркін, неткен ыстық едің, дархан далам! Саған деген сағыныш аптап ыстықты елетпейді. Талас ауданы, Аққұм ауылы кеңес үкіметі түсында облысқа танымал совхоздардың бірі еді. Мақта, бидай және тағы басқа егін еккен ауыл кеңес үкіметі құлағанда тарап кетті. Алайда, уақыт өте келе шашыраған ауыл еңсесін біржолата тіктеп кетпесе де, қолы аузына жетіп қалды. Жақында ғана жөнделген түзу жолда жүйіткіген машина әйнегінен сар дала сағым болып көрінеді. Әне бір жерден кезінде арындай тулап, «Киров» су қоймасы арқылы ашуына тұсау салған Талас өзені ағып жатыр. Жағасында түскі өрістен қайтқан мал жусайды. Батыс тұстан «Оққұм» қаласының үйіндісі артта қалды. Алдымыздан бай қызына арнап салған «Ақмола» зираты мұнартып көрінеді. Талайды төсіңе сыйдырған қазақ даласы тұнып тұрған тарихсың-ау, шіркін…
Әрі қарай

Омарта

Өткен демалыс күндері ауылға барып қайтқан едім.Сол жақта бал ара ұстайтын ағаларымның суреттерін ұсынып отырмын.Балдың қайдан шығатынын біле жүрейік.
Мынау бал аралардың ұясы

Ал мынау рамаға қонып отырған аралар.

Аралар балдарын осы жерге жинайды екен.

Сырттан бақылап отырсаң бұл жерде де қызу тіршілік қайнап жатыр.Аралар да өз иелерін таниды екен.Арнайы маскасын кимесе де оларды шақпайды екен.
Әрі қарай

Менің вассалымның вассалы...

Кәпөн әскерден келген соң ауылда бір-екі ай ғана жүріп қалаға жұмыс іздеп кетті. Ауылдық жердегі жастар бригадасы құрығалы қашан? Обалы нешік бұл әскерден келгенде де, қалаға жұмысқа кеткенде де өзінен кішкентайла (щеголдары) жөн-жоралғысын жасап, «брат, Ақ жол!Қайда жүрсең де аман жүр! Ауылға келген кезде ысқырып қалсаң дайын тұрамыз( деп шығарып салды. Кәпөннің тамағына өксік тығылып, көзіне жас келді. Өңешіне келген өксікті щеголдарына көрсетпей арақпен қоса жұтып жіберді.
Кәпөн сол кеткеннен мол кетті.Не жұмыс істегенін бір Құдай одан кейін өзі білер. Бірақ араға 4 жыл салып ауылға ат басын бұрды. Киім киісі бәрі ептеп өзгерген. Жаңа болмаса да жарасымды етіп киіп алғаны көрініп тұр. Бала кезі өткен ауылға келіп тұрған соң ба, әлде кезінде өзін шығарып салған жастардың сөзі есіне түсті ме кеудесінде бір желік пайда болды. Ауылдың дүкенінің артында темекі шегіп тұрған 4 жеткіншек көзіне түсті.
»Әй, қыртымбайлар бері кеңдерш! Ағаларың қаладан кеп жатыр, бірдеңе құймайсыңдар ма?". Аналар бізге айтып тұрсың ба дегендей бұған сәл аңырайып қарап қалды. «Неге бағжиып тұрсыңдар, сендерге айтам!» «Сендей братты танымайды екенбіз, не дегенмен бізге өкпелеме» деп ана төртеуі бұны тепкінің астына ала жөнелді. Кәпөн бір қолымен бетін, екінші қолымен қарақұсын қорғаштап бүктетіліп жата берді. Бір уақытта аналар шаршады ма әлде осыда жетер деді ме екен әйтеуір бұны жайына тастап кете берді. Орнынан ауырсына тұрып, ағасының үйіне келе жатқан Кәпөннің құлағына баяғыда тарихтан беретін ағайдың айтқан «Менің вассалымның вассалы менің вассалым емес» деген сөздері қайта естіліп тұрды.
Әрі қарай