Этнографиялық этюдтер

«Ат майы” (дәстүр). „Ат майы” қайтты. Тигені ала бие”. (І. Жансүгіров). Халық дәстүрі ел арасында отырған адамдарды ешқашан ескертусіз қалдырмаған. Оның мұң-мұқтажы мен әлеумет­­­тік, тұрмыстық жағдайына құлақ асқан. Мысалы, тұрмысы нашар, жоқ-жітік, жетім-жесірлерге көмек көрсетіп, қол ұшын созып отырған. Соның бірі – ат майы. Мінер аты жоқ кедейлер бұрын байлар мен ауқатты кісілерге немесе көрші-көлем, туған-туысқандарына келіп “ат майын” сұрайды. Яғни бір жаққа барып келуге немесе бірер ай мі­ніске көлік сұрайды деген сөз. Мұ­ның мағынасы алыс жолға мінген ат ариды, күйін жоғалтады. Ат сұ­раушы осыны меңзеп отыр. Мұндай жағдайда әр адам сұраушының кө­ңілін қалдырмаған. Бұл да қазақтың қайырымдылық ғұрпының бір белгісі.
Әрі қарай