«Атаманның ақыры» фильміне 40 жыл!
Шытырман оқиғалы фильм Қазақстанда 1920 жылы орын алған шынайы тарихи оқиғалардың негізінде түсірілді. Жаркенттік ТК ақ гвардияшы атаман Дутовтың бандасын жою туралы операция дайындайды. Оны орындау чекист Шадияровқа жүктелді. Ол атаманның штабына еніп, әбден оның сеніміне кіріп алып, өз өмірін қатерге тіге жүре берілген тапсырманы орындап шығады.
Әрі қарай
— «Атаманның ақыры» фильмінің сценарлық жобасы бекітілген кезде мен Сұлтан Ходжиковтың «Қыз Жібек» фильміне түсіп жүрген болатынмын. Дегенмен де, «Атаманның ақыры» фильмін түсіру жұмысы біркелкі әрі тиянақты болғандықтан, оның түсірілімі «Қыз Жібектен» бұрын түсіріліп бітті. Образды сомдауым, менің ойымша, Шәкен Кенжетайұлының көңілінен шықты. Бірақ, өкінішке орай, ол көрерменнің пікірін білмей-ақ кетті. Амал қанша, көп ұзамай бақилық болды ғой.»— деп, фильмде басты рөлді сомдаған актер Асанәлі Әшімов фильм жайында, режиссер жайында еске алды.