@tm.studio ұсынады

Астана қаласының тұрғындары!
Дүбірлі тойыңызды, қандай да бір қуанышыңызды, туған күніңізді түсіретін немесе жәй ғана фотосессия жасауға кәсіби фотограф іздеп жүрген болсаңыз — мархабат! Тұрар мен Мақсат өз ісін өте-өте сапалы атқарып шығады.

Бұл екі жігітке Елордамыздың өнер жұлдыздары фотосессия жасатқан. Сіз де сол жұлдыздардай әр кадрда әдемі көрінгіңіз келсе, осы жігіттерге хабарласыңыз ;)

Инстаграмдағы адресі арқылы байланыс телефонын да, басқа да жұмыстарын да таба аласыздар:
@tm.studio
@maksat_risbekov
@t.tusebaev

Әрі қарай

Kaztube.kz радиода!

Күнделікті радиотолқындардан тыңдап жүрген дауыс иесін өмірде көргіңіз келе ме?
Радиобағдарламалардың қалай даярланып, тікелей эфирде қалай жүретінін көргіңіз келе ме?
Әндердің қалай таңдалатынын, кім таңдайтынын көргіңіз келе ме?
Ендеше біз Астана радиосына қонаққа барып, осы сұрақтарға жауап іздеп көрдік.
Сізге қызық болады деген үміттеміз :)

Әрі қарай

Эстафета: Жыл қалай өтті?

Жылды қорытындылап тастасақ қалай? :) Былтыр фейсбукте өзімше бір қорытынды жазып едім, биыл таба алмадым. Сондықтан осында жазып отырсақ :) Кейін, шал-кемпір болғанда оқып отырамыз. Қызық қой ;)

Блог - Daniar-Alan: Эстафета: Жыл қалай өтті?

Магистрантпын :) 1 курс. Алғашқы сессия аяқталып, боулингке барып жудық. Түнгі бірлер шамасында шығып, кластасыммен тағы 3-ке дейін отырдық. Ал азанда… таңғы 6-да поезд тұғын :) 2 сағат қана ұйықтап, Шымкентке жол жүріп кеттім.

Блог - Daniar-Alan: Эстафета: Жыл қалай өтті?

«Блогиада» туралы баспасөз мәслихатын өткізіп, жобаны таныстырдық. Бұл алдын-ала жасалған жарнама жобаның дұрыс аяқ алып кетуіне септігін тигізді.

Блог - Daniar-Alan: Эстафета: Жыл қалай өтті?

Қарағандыда «Блогқұрылтай-2014» өтті. Дәл осы күні «Блогиада» шарасының тұсауы кесілді. Алдымызда үлкен жұмыс күтіп тұрды. Апта сайын 32 адамның посттарын жинақтау, жарнамалау, қорытындыларын шығару…
Мамыр айында «Нұр медиа» холдингінен белгілі себептерге байланысты жұмыстан шығып кеттім. 2 аптадан соң «Егемен Қазақстан» газетінің сайтына жұмысқа орналастым. 3 ай уақытта «Астана және мен» деген селфи-конкурс ұйымдастырып, Аршат екеуміз «Фото Егемен» деген жаңа жоба жасадық. Жобада «Егемен Қазақстанның» 4-5 жыл бойы жинақталған фотолар қорын жинақтадық.

Блог - Daniar-Alan: Эстафета: Жыл қалай өтті?

Жаз уақытында апта сайын «Жайдарман», ай сайын блогтурларға барып тұрдық :)

Блог - Daniar-Alan: Эстафета: Жыл қалай өтті?

Шымқалаға жасаған блогтурдың орны ерекше болды. Қаланың дамуы 3-4 ай бұрын ғана барған өзімді таң қалдырды.

Блог - Daniar-Alan: Эстафета: Жыл қалай өтті?

Мамырда «Блогиаданың» 1-ші тур қорытындысы өтті. Мини-құрылтай өткіздік өзімізше :) Кереки жамағатпен арқа-жарқа әңгіме айтып, бір жасап қалдық :)

Блог - Daniar-Alan: Эстафета: Жыл қалай өтті?

Билайнның шақыртуымен Көкшетауға бардық. Бұрын бармаған жеріміз.

Блог - Daniar-Alan: Эстафета: Жыл қалай өтті?

1-курс бітті :) Караокеде атап өттік.

Блог - Daniar-Alan: Эстафета: Жыл қалай өтті?
Блог - Daniar-Alan: Эстафета: Жыл қалай өтті?
Блог - Daniar-Alan: Эстафета: Жыл қалай өтті?

Жаз-күз мезгілдері блогтурларға толы болды. Қазақстанның шығыс, оңтүстік, солтүстік облыстарын түгелдей араладық. Енді тек батыс қалып тұр ;)

Күзде «Егемен Қазақстан» газетінен жұмыстан шығып кеттім де жеке бизнес бастап көруге тырыстым. Кішігірм полиграфия аштық інім екеуміз. Алғашқы бастама. Қиын тірлік. Әлі дұрыстап жарнамаланбаған, құрал-сайманы жоқ тірлік дұрыс жүрмеді басында. 1 ай жұмыс ешқандай табыс алып келмеді. Амал жоқ, инвестор табуға көштік. Таптық та. Қазір сол кісімен 50\50 жұмыс істеп отыр інім. Ал мен фриланстамын әзірге :)

Блог - Daniar-Alan: Эстафета: Жыл қалай өтті?

Желтоқсанда 10 күнге Стамбұл қаласына тәжірибе алмасуға бардық. Университеттің сондай бағдрламасы бар ;) Қала ұнады. Адамдар үшін жасалған. Әліге дейін түсіме кіріп жүр :)

Жыл жалпы қызыққа толы болды. Былтырғы жылмен салыстырғанда қиындау. Бірақ есте қаларлықтай өтті.
Айтпақшы, тағы бір жаңалық бар… бірақ оны айтпаймын ;) Орындалсын ;)

Эстафетаны: Әдемі-әлемге беремін.
Әрі қарай

Астанада халықаралық шай фестивалі өтті

Жақсы шай сұлу әйел секілді. Әдемі әйелдерді әдетте сырт келбетінен емес, мінезінен бағалайды. Шайды да сол секілді түріне емес, дәміне қарап бағалаған дұрыс © Шай дегустаторы Нирмал Сетхия

Керек тілші: Астанада халықаралық шай фестивалі өттіШай ішу мәдениетінің тарихының тереңдігі соншалықты өз алдына зерттеуге болатын іргелі ғылымның бірі ме деп қаламын. 5 мың жылдық тарихы бар шай ішу, демдеу, дайындау дәстүрі жарнама пайда болған жиырмасыншы ғасырдан бастап құлдырай бастаған. Себебі сапалысы бар, сапасызы бар өнімдерді барынша жарнамалағаннан соң адамдар әбден шатасып кетті дейді білетіндер.

Сонымен Астана қаласында қарашаның 28-і күні халықаралық шай фестивалі өтті. Онда Түркия, Қытай, Корей, Үнді мәдени елшіліктерінің өкілдері әр елдің ұлттық шай сусындарын ортаға ұсынды. Үстелдерді асықпай жағалап жүріп шайдың дәмін татып, шай құюшы қыздарды сөзге тарттық.

Керек тілші: Астанада халықаралық шай фестивалі өттіҮнді шайы. Үндістанның өзінде өндірілетін «Ассам» шайының атауы – Ассам провинциясының құрметіне берілген. Теңіз деңгейімен шамалас немесе оған таяу биікте өсірілетін бұл шай– өзінің текстурасы, уытты хош иісімен және қанық ашық түсімен ерекшеленеді. Күнде ішіп жүрген сол «Индира», Сол « Ассам» болғандықтан түйіршікті қара шайлардың маңына да жуымадым шынымды айтсам.

Керек тілші: Астанада халықаралық шай фестивалі өттіТүрік шайы. Бұл кәдімгі күнделікті өзіміз ішіп жүрген шайдан айырмасын байқай қоймадым. Түрік шайы арнайы екі бөліктен құралған шәйнекте демделеді. Ол біздің күнделікті өмір салтымызға дендеп еніп еткен тәсіл. Яғни шәйнекке бірінші су құйып, үстіңгі сүзгішіне шайды салып, ыстық су құйылған шәйнекті отқа бықтырады. Шыны стақанға құйылған қою шайдың дәмін кіргізетін екі түйір қант болмаса қып-қызыл шайды өзім іші алмас едім.

Керек тілші: Астанада халықаралық шай фестивалі өттіҚытай шайы. Шайдың атасы саналатын Қытай елінің фестивалге ұсынылған дастарханында қара, ақ, көк, сары, қызыл шай түрлері самсап тұрды. Қытай мәдениеті орталығында істейтін қыздың айтуынша ең дәмді шай жасмин екен. Оның айтуынша қытайлық шай ішу мәдениетінде шайға сүт, қант және әлде бір дәмдеуіштер қосу деген мүлдем болмайды. Біздегідей тәттілеп отырып шай ішу, болмаса сүт қатқан қызыл-күрең шайды маңдайы жіпсіп, жайланып отырып сіміре беру деген мүлдем жоқ. Яғни ыстық суға демделген шайдың өзі ғана адамға рахат пен жайлылық сыйлауы керек деп біледі.

Керек тілші: Астанада халықаралық шай фестивалі өттіҮстелдерді жағалап келе жатқан маған корей шайларының да өзгелерден ерекше артық ештеңесі жоқ сезілді. Тіпті мынау кішкентай тостақтардың түбіндегі бір қасық сиропта не қасиет болсын деп тұрсам да, біреуін алып үстіне ыстық су құйдыртып алдым.

Керек тілші: Астанада халықаралық шай фестивалі өттіҮстелге қарай ұмтылған халық арасынан суырылып шеткерірек барып шайымды ұрттадым. Бес жемістің дәмі бар бұл ерекше сусынның дәміне сүйсінгенім соншалықты шай мәдениетінен мақұрм қалудың не екенін сол сәтте ұққандай болдым. Қышқылтым дәмі бар «омичжачха» шайы көбіне қыс мезгілінде ішкен пайдалы екен. Құрамындағы с дәрумені иммунитетті арттыруға пайдасы ұшан теңіз дейді.

Керек тілші: Астанада халықаралық шай фестивалі өттіКорей мәдени орталығының менеджері Ғазиза Тұрсынбаеваның айтуынша корей халқында шайдың 100-ден астам түрі бар. Бүгінгі шараға цитрустан, жеміс-жидектен, тарыдан жасалған бірнеше шай түрін ұсынып отырғандықтарын айтады. Корей ұлттық шайлары көбіне адам денсаулығын жақсартып, иммунитетін арттыруға көмектеседі дейді Ғазиза Тұрсынбаева (Ғазиза Тұрсынбаева, сол жақта бірінші тұр). Сөйтіп өзге елдің шай мәдениетін кейін асықпай біле жатармын деп, Ғазизадан дастарханға қойылған шай түрлерінің дайындалу тәсілі мен қасиеті жайлы сұрап алдым. Негізі пәлендей қиын ештеңесі жоқ, біздің жеміс тосаптарынан бір қасықты алып, үстіне ыстық су құйсаң корейдің ұлттық шайы болып шыға келеді)) Сонда да қаперлеріңізде жүрсін. Жол түсіп Кореяға барып жатсаңыздар, даяшыға «даяшы, маған омичжачха шайын әкеліңіз» деп отырсаңыз несі жаман))

Керек тілші: Астанада халықаралық шай фестивалі өтті«Омичжачха» шайы. Біздіңше бес түрлі дәмге ие деген мағынаны береді. Кадсур гүлінің жемісінен жасалатын болғандықтан шай түсі де қызғылтым болуы заңдылық. Бұл шай бауырды тазалайды, қысымды түсіреді. Қант және бал қосып ішуге әбден болады.

«Ючжачха» шайы. Бұл шайдың көп ішілетін кезі қыс уағы. Корейлер мны кәмідгі лимоннан әзірлейді. Жемісті қабығымен ұсақтап, қант салып 3-4 күн қойып қояды. Мұндай шай әсіресе тамақ ауырғанда, бас ауырғанда дәрі-дәрмек есібінде де жүре береді.

Керек тілші: Астанада халықаралық шай фестивалі өттіГүлді шайы. Камелия, магнолия, хризантема гүлдерінен құралған шай дәмі мен иісі арқылы ерекшеленеді. Сондай-ақ жүйке жүйесін тыныштандырумен қатар, физикалық белсенділікті арттырады.

«Мэсильчха» шайы. Шаршағанды басып, тәбет арттырады. Асқазанды реттеп, ағзадағы токсинді шығаратын қасиеті бар. Бұл шай қара өріктен ддайындалатын бұл шайды дайындау тәсілі оп-оңай екен. Кәдімгі қара өрікті артық-ауысынан тазартқан соң, қант қосып қоймалжың күйінде сақтайды. Тәбетің тартқан кезде қажетіңше алып, үстіне ыстық су құйып іше бересің.

Керек тілші: Астанада халықаралық шай фестивалі өттіТары шайы. Ал мынау өзімізге етене таныс тары шайы. Арнайы пакетке үгітлген тарыны түйіп қойған. Қан құрамын жақсартып, зат айналымын ретке келтіреді екен. Біздің жақта тары қат болғандықтан тарыны шайға қосып ішу дегенді үлкендерден ғана естіген едік. Ақыры Ақтөбелік қыздың арқасында тары қосылған шайды студент кезімде бір ішкенім бар. Корей тары шайы да тәуір болып шықты.

Керек тілші: Астанада халықаралық шай фестивалі өттіТоп ортасында қолында шайын ұрттап қойып жүрген тарихшы Тұрсынхан Зәкенұлы ағаны көріп қалдым. Фестивалге қонаққа келген тарих ғылымдарының профессоры Тұрсынхан аға бүгінгідей шай фестивалінің маңызы өте зор екендігін айтады.

-Бүгінгідей фестивалдер туысқан халық Шығыс елдерінің мерейін өсіріп, жақындықтарын арттыра түседі. Қарап отырсақ мұндай шараның өзі Шығыс халықтарының жайдары жүзі мен қонақжайлығын, жомарттығын көрсететіндей. Мұндай салт Батыс елдерінде жоқ. Өзіме ұнағаны үнді түйіршіктелген шайы мен қытайдың көк шайы. Себебі бұл шайлар қазақ халқының ежелгі серіктері,-дейді тарихшы.

Сөз соңында естеріңізге сал кетсек. Биылғы қыркүйектің 20-сы күні 56 түрлі Алтай шайының көптүрлілігі жағынан Гиннестің рекордтарына тағы ілінгені туралы Азаттық радиосы хабарлаған болатын. Осы істің басы-қасында жүрген Серік Әбдіғали шайдың бұл түрін ірі үш топқа бөледі.
Біріншісі – дәстүрлі шай. Оған әдетте ішіп жүретін сүт қатылған шайдың түрлері жатады. Олар – қызыл шай, кемпір шай, бала шай деген секілді болып кете береді. Ал екіншісі – мәнерленген шай. Яғни тары салынған, ірімшік салынған, май қатқан, сүйек қосылып қайнатылған шайдың түрлері. Үшіншісі – дәрілік шай түрлері. Оған әртүрлі дәрілік өсімдіктер қосылып қайнатылған шайдың түрлерін жатады. Сондықтан қазақтарда шай мәдениеті кенже қалған деп айтуға негіз жоқ деп өз-өзімізді жұбатуға болады.
Әрі қарай

Мәдениеттер тоғысындағы "шай фестивалі"

Осыдан 2-3 күн бұрын біз білім алатын оқу орынының хабарландырулар ілетін тақтасынан төмендегідей шақыртуды байқаған болатынмын.
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
"Әр түрлі мәдениеттер ұсынған шайлардың дәмін тату үшін «Халықаралық шай фестиваліне» шақырамыз" деген жазуды оқып қызығушылығым арта түсті. Алдыңғы репортаждардағы құрбым бар еді ғой, содан фотоаппарат алып, бұл жолы жақсылап тұрып фоторепортаж дайындайыншы деп университетіміздің бас ғимаратына қарай асықтым. Келсем көрермендер енді жиналып жатыр екен.
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Фестиваль уақытынан бұрын басталып кеткен секілді. Қаумалаған жұрт суретке түсіп әлек.
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Қарашаның суығында адамдарды хош иісті шайымен жылытпақ ниетпен, халықтар арасындағы ынтымақтың келбетін көрсету мақсатымен, қала тұрғындары мен университет студенттерін шай әзірлеу және ішу мәдениетімен таныстыру үшін тұңғыш рет Астанамызда «Халықаралық шай фестивалі» ашылды. Бұл фестиваль Түркия,Үндістан, Корея Республикасы елшіліктерінің мәдени орталықтары және ЕҰУ-дағы Конфуций институтының ұйымдастыруымен өткізілді.
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
4 түрлі мәдениеттер тоғысындағы «шай фестивалі» ректор аппаратының басшысы Дәурен Айтмағамбетовтің сөзімен басталды:
Бүгінгі өткізіліп отырған шара тек қана сусын шай туралы десек қателесеміз, себебі қазіргі заманда шай жай ғана пайдалы әрі дәмді сусын ғана емес, сонымен бірге достықтың, бірліктің символына айналды.
— деп атап көрсетті.
Дәурен мырза осы шараға мұрындық болған айтулы азамататрды құттықтап, дипломдармен марапаттады.
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Келесі кезекте әр елдің шайы туралы презентациялар беріліп, сол елдің мәдениеті мен өнерінен, салт-дәстүрінен хабар беретін әндер қойылып, би биленді.
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Шараға келген қонақтар шай ішу дәстүрімен ғана емес, сол елдің ішкі туризімі мен мәдениетінен хабардар болды.
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Алғашқы «шай фестиваліне» келген қонақтар 4 түрлі шайдың дәмін көріп қана қоймай, оларды қалай демдейтіні, қалай құю керектігімен де таныс болды.

Әлемде шайдың 2 миллионға жуық түрі болса, кәріс халқында 100-ден астам шай түрі бар екен. Ал бұл фестивалге кәріс елшілігі күнделікті тұтынатын шай өнімдерін ғана емес, сонымен қатар денсаулыққа пайдалы, емдік қасиеті бар шай түрлерін де әкеліпті.
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі

Үндістан мәдениеті орталығы біз тұтынып жүрген шай түрлерімен қоса, біз білмейтін ерекше шай түрлерімен де таныстырды. Үнді мәдениетінің лебі айналада есіп тұрды. Бұған келесі суреттер дәлел болмақ:
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі

Үнді мәдениет орталығының директоры шай ішуде
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі

Қытай шайын әзірлеушілер іс-қимылдарымен қонақтарды тәнті етті. Кішкене ғана кесемен шай ішуіңіз үшін, қайнаған су мен шай жапырағын араластырып, оны қайта-қайта демдеп, басқаларды білмеймін өз басым әзірлеу жолын түсінбедім.
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі

Қытай шайын мынадай кіп-кішкентай ыдыспен ішеді екен, қытай шайының кереметін сезініп көрдік.
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі

Түрік мәдени орталығы қонақтардың есінде дәмді «пиде» атты нан не болмаса бәлішімен есте қалғаны анық. Түрік сериалдарындағы шынаяқ ыдыспен шай ішуді біз де байқап көрдік.
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Менің есімде түрік шайынан бұрын, «Сүлейман сүлтан» сериалындағы Хюррем образындағы мына түрік бикеші қалды. Фотоаппарат объективіне көп ілініпті.
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
«Халықаралық шай фестиваліне» келген қонақтар легі көп болды. Университет атриумында 4 түрлі мәдениет келбеті көрініс тауып, жұртшылықты қуанышқа бөледі.

Бұл фестиваль Елордалықтардың есінде көпке дейін ұмытылмайтыны анық. Тек қана шай туралы ақпарат миссиясын орындаудан шектелмеген мәдениет орталықтары өкілдері, бірліктің, жасампаз ынтымақтың, жарасымды ұрпақ жалғасындағы достықтың ерен үлгісін көрсете білді. Келесі халықаралық шай фестивалін астана жұрты асыға күтетін болады. Соңғы нүктені бірлігі жарасқан халықтардың белгісі — туларының суретімен аяқтағым келеді.
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Керек тілші: Мәдениеттер тоғысындағы шай фестивалі
Әрі қарай

Кофеханалар шеруі

Кофе мәдениеті елімізге енді-енді еніп жатқан секілді. Әлбетте кез-келген бұрышта сапалы кофені өзіңмен ала кететін дүңгіршек жоқ, дегенмен қаладағы арнайы кофеханалар саны көбейіп келе жатыр. Астанада 50-ден астам кофехана бар екен, ал Алматыда бұл сан 100-ге жетіп жығылады. Енді әзірге Алматымен сервис жағынан санаса алмаймыз, ну енД барымен базар.

ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруі
Әңгіменің түйіні – Астанадағы кофеханаларға өзімнің субъективті шолуымды жасағалы отырмын. Кофегурман пікірін күтпей-ақ қойыңыздар, рейтингке қаланың оң және сол жағалау орталықтарындағы кофеханалар ілінді және бағалары бойынша орналастырылды. Бағалары шамалас орындар дизайны мен қызметіне байланысты приоритетке ие болды. Аргумент ретінде бұрынғы отырыстардан естеліктер мен осы аптадағы рейд нәтижелері қолданылады (рейдке кетіп бара жатқаным туралы инстаграмда орысша хабарлап жіберіппін, кешірім өтінем). Фактілерден құр алақан емеспін десем де келісу-келіспеуді өздеріңе қалдырдым.

Эспрессо-бар

ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруі
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруі
Адам басына орташа шығын: 1000-2000 теңге
Асханасы өте дәмді. Әлгі бір сэндвичтері, мм… Интерьер – супер! Қызмет көрсету – жоғары деңгейде. Құр отырыстан ләззат ала-алмайтындар үшін – интернет, түрлі үстел ойындары қарастырылған. Артықшылық па, кемшілік пе, өздеріңіз саралаңыздар – мәзірде спирттік ішімдік мүлде жоқ. Әттеген-айы – Әуезов көшесінің қараңғы түкпірінде. Бірінші рет баратындар үшін түсіндіру қиындау, кейде өзім де қателесіп таппай қала берем (бұл енді өзімнің жеке проблемам, иә, иә, GPS-ім өте нашар). Сосын өте кішкентай болғандықтан орын аз, ал жоғарыдағы артықшылықтары үшін кісі көп баратындықтан, алдын-ала брон жасамай жай соғып тамақтанып кете салам деу – далбаса болып қалады. Бірақ телефон шалып уақыт белгілеп қойсаңыз, орныңызды ешкімге бермей күзетіп отыратындарына кепілдік беремін.

Coffee-corner
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруі
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруіАдам басына орташа шығын: 1000-2000 теңге
«Momento» мейрамханасының бір бөлігі болып саналатын бұл кофехананың ең басты артықшылығы – арзандығы дер едім. Мейрамхана екеуінің асханасы бір болғандықтан менюі де бай. Әлгі бір «қысқы шай» тамаша, Аятай екеуміз қанбастан ішкенбіз. Шәйнегі кішкентай екен бірақ. Ол кезде мына саксафоншы болмады, ә? Иә, иә, кофехана үшін бұл артықтау секілді ме? Жоқ, бұл мейрамхана ғой бірақ. Ой, шатасып кеттім. Уобшым, интерьер жұтаңдау (мейрамхана емес, демек). Жө, стилі өзі сондай болу керек, минимализмге құрылған. Бірақ үйде отырғандай жайлылықты сезіне алмадым. Эспрессодан бір саты төмендігі содан болса керек.

Costa-coffee

ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруі
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруіАдам басына орташа шығын: 2000-3000 теңге
Бұл енді бренд болып саналатын кофеханалар желісі. Орналасуы қолайлы – Республиканың бойында мен мұндалап тұр. Оның үстіне сол жағалауда Керуенде кішігірім филиалы бар. Өзіңе-өзің қызмет көрсетесің, әхәхә. Интерьеріне әңгіме жоқ, жиҺаз бен ыдыс-аяғы Англиядан келеді екен.Тіпті кей десертті қатырған күйі Англиядан әкелеміз дейді. Иә, чиз-кейктері өте дәмді! Бірақ қарын тойдыратын «существенный» нәрсе жегіңіз келсе Сosta Coffe-ге бармай-ақ қойыңыз, себебі онда салат пен клаб-сендвичтен басқа дым жоқ. Олары да онша арзан емес. Бірақ мына бір есіктен өтсеңіз КFC-ге топ ете қаласыз, ал онда әлгі тауықтар бар, хехе. Сол жақтан бірдеңе жеп алған соң, Сosta-дан тәттілеуге болады. Мен өткенде сүйттім өзім (тьфу, обжорка деп ойлап қалатын болдыңыздар).

Шоколадница
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруі
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруіАдам басына орташа шығын: 2000-3000 теңге
Шоколадницаның артықшылығы – тек қана орналасуында дер ем. Сол жағалаудың көрнекі жерінде, тура Керуеннің қасында. Айтпақшы, Момышұлының бойында тағы бір филиалы бар, ол бір плюс. Мәзір алуандығы мен интерьері жағынан қатардағы ортанқол кофеханалардан қалыспайды. Бәрі тамаша, тек порциялары аздау секілді. «Сен қызға не жоқ, өлдің бе тамақтан» демеңіздер енД, шамалы неғылсын да…
Мына фотоны Эфон түсірген, есінде шығар (сіңлім, қашан кофе ішеміз?)

Coffeertini
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруі
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруі
Адам басына орташа шығын: 2000-3000 теңге
Өзім тұратын ауданға жақын жерден бір кофехана қарастырмасам болмас. Қош, Мирзоян көшесінің бойындағы Сoffertini туралы не айта аламын? Интерьері қызық бір, жылтырақ па...(дизайнер болған түрім құрсын) Жақын да болса, сирек барады екем оған. Тіпті неше рет барғанымды біледі екем – 2-ақ рет. Соңғы барғанда лазаньяны ұзақ күтіп қалғаным әсер етсе керек.

Caramel
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруі
Адам басына орташа шығын: 2000-4000 теңге

Иманов көшесінің бойында көзге көрініп тұрған кофехана – осы Caramel. Мәзірге бай екен, бірақ бағалары алдыңғылардан қымбаттау. Интерьері әдемі, әсіресе перделеріне сындым. Сосын айнасы ұнады. Қызмет көрсету деңгейі жоғары. Эспрессодағыдай ойын тақталары мұнда да бар екен. Және түрлі газет-журналдар. Аноу тізілген сертификаттар мен мараппаттауларды көрдіңіздер ме?

Мадлен
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруі
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруіАдам басына орташа шығын: 2000-4000 теңге
Шымкенттегімен салыстыруға да келмейді, иә. Бірақ сол жағалаудағы Мадлен кофеханасы астаналықтар үшін танымалдығын жойған емес, өте сүйкімді жер. Әлгі бір тауық бәліші дәмді, Алматыдағы Моржық-Мадлен «отырғызып» қойған оған мені.

Marrone Rossa
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруі
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруіАдам басына орташа шығын: 2000-4000 теңге
Бұл кофехана сол жағалауда, Керуеннің ішінде орналасқан. Киноның түнгі сеансында ұйықтап қалмау үшін кіріп шығуға болады. Мұндағының интерьері қарапайым, Алматыдағысы әдемі болатын. Жол жүріп бара жатқанда Айкомен кездескенбіз ол жерде таңғы сегізде. Мәзірі стандарт, кофе түрлері және пісірмелер. Мадленмен бағалары бірдей болса да, екеуінің арасында таңдау болса, мәзір ауқымдылығы үшін Мадленді таңдар едім.

Rafe
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруі
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруі
Адам басына орташа шығын: 3000-5000 теңге
Rafe-нің қалада үш нүктесі бар (сол жағалаудағы Нұрсаяда, Есілдің бойы және Керуенге қарама-қарсы). Бұл оның басты артықшылығы. Сонымен қатар іші кең, орын кез-келген уақытта болады. Кең болса да даладай аңырап тұрған жоқ, бәрі өз орнында, өте сүйкімді жер. Мәзір бай, десерт пен тағамның сан-алуандығынан көз тұнады. Уобшым, жарнамаға зәру еместігін администратор фотоға түсіргенімді онша жақтырмағандығымен жеткізді. Жө, былай қызмет көрсету деңгейі жоғары, даяшылары сызылып-ақ тұр. «Алтын шанышқы» иегері екен тағы.
«Фью-фью, джігіттер, қыздарды Есілдің бойындағы Рафеге шақырыңыздар, шыққан соң теплоходпен жүзіңдер» десең, ә. Қыс түсіп кеткенін ұмытып кетіппін.

Pronto
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруі
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруіАдам басына орташа шығын: 3000-6000 теңге
Өй, орналасқан жері бар болсын, бағасын былай қойғанда. Орталық болса да, Ғабдуллин көшесінің бір қуысына тығылып қалған. Әлгі «Блогерлер» бағдарламасының футбол финалына қатысты түсірілімінде іздейміз деп, қатып қалғанымыз есімнен кетпес. Асаубек, ол үшін әлі жауап бересің! Ал пиццасы мен шайы «тақырып». Жұлдыздар жиі барады дей ме… Сол үшін шығар.

Тамақтану орындарынан ең бір жақсы көретін орындарым – кофеханалар. Себебі олардың интерьері ортанқол кафелерден әлдеқайда жағымды әрі ерекше, және әлгі бір мейрамханалардағыдай пафостан ада. Көбіне бағалары көңілге қонымды болып келеді, тағамдар тез дайындалады — бұл асыққандар үшін қолайлы.
«Кофе – тек қана сылтау» демекші, әрине біз кофеханаға тек кофе үшін бармаймыз.
Тыныш та жайлы кофехана — құрбылармен сырласуға немесе махаббатыңмен кездесуге таптырмайтын жер.
Әрі қарай

Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Роуп-джампинг – биіктен арқанмен секіретін спорттың айрықша бір түрі. Яғни өзіңді биіктен тастап жіберу арқылы бірнеше секунд бойына әуеде құлдилаудың еркін сипаты десе де болғандай. Бұл спорттың негізін салушы американдық Дэн Осман 1998 жылы 300 метрлік биіктен секіру кезінде арқаны үзіліп кетіп көз жұмған болатын. Әлқисса деп қойып, бұл спортты елімізге алғаш енгізген Астаналық «FLY» командасы екнін айта кетсем. Олар жылдың кез-келген мезгілінде Қазақстанның әр қаласына барып, қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлаудан танған емес.
Бүгінгі роуп-джампинг қатысушылары Астана қаласының маңындағы Көкталда орналасқан биіктігі 45 метрлік болатын ескі құрылысқа жиналдық. Түстен кейінгі үш жарым шамасында жеткен мені бір топ қауым қарсы алды.
Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

«FLY» командасының жетекшісі Алексей Лютый бұл спорт түрімен 2011 жылдан бері айналысып келеді. Оның айтуынша «FLY» командасы Қазақстанның Астана, Алматы, Петропавл, Өскемен, Семей, Павлодар, Қарағанды сынды қалаларында болған. Мақсатымыз адамдарға бір сәттік көңіл-күй сыйлау, жаңа таныстық пен өзіне деген сенімділігін арттыру дейді ол.

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Сонымен алғаш келе қалғанда-ақ көзіме қораш көрінген 45 метрлік бұл ескі ғимаратты менсінбеген едім. Алайда осынау темір баспаладақтар менің зәре-құтымды қашырып қана қойған жоқ, төменнен жоғарыға көтеріле салу оңайға соқпады. Әсіресе мен сияқты эмоциясын басқара алмайтын, берілгіш, қорқақ адамға. Көтеріліп келе жатып төменге көз салсам, басым айналып, көзім қарауытып кете берді. Мұны жеңу үшін төменге мойын бұрмастан тек жоғарыға қараумен болдым. Қолым талып кетіп, дем алып тұрған сәтімде бұл тәжірибемді өмір салтымда да қолдана алсам ғой деп ойландым сонда. Яғни, артыңа қарайлай беру, өткен естеліктер мен ескішілдік болмысыңды сүйретіп жүру болашақ жарқын өміріңдегі қадамыңа тұсаудан өзге ештеңе емес екен. Тіпті әлгі, ұзатылып бара жатқан қыз балаға «артыңа, қарама» деген өсиеттің де бір сыры барма деп қалдым.

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Қойшы, сөйтіп пысылдап жүріп, орта жолда философиялық ғақлияға бой алдыра жүріп төбеге де көтерілдім-ау. Жарқ еткен, кең дүниенің құшағында тұрып тіліме неге, Мұқағалидың жыры оралмасын, оралды:
Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,
Алынбаған ақым бар сенде менің.
***
Аспанындай кей сәтте күрсінемін,
Жас талындай жауқазын бүршік едім.
Кең дүние, керемет қалпыңменен,
Жүрек болып кеудеме кірші менің.
***

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Байтақ ел, балауса тау, бозаң далам,
Секілді бәрі менен көз алмаған»
Кең дүние, кенде етсең сыбағамнан,
Шырылдаған сәбидей мазаңды алам.

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Ұйымдастырушы жігіттер жұмысына еш қабақ шытқан емес, көңілді, қалжыңқой, шат-шадыман

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Төмендегілер осылай көрінеді, биікке шығып алған мені енді эйфория биледі, анау жердегі сызылған жүректі кім байқады, өзім фотодан көріп отырмын қазір:)

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Мұнда ғашықтар да жүр, жалғыз-жарым мен сияқты өзгелер де бар екен қызық іздеп келген. Ықтасыны жоқ ызғар бәрімізді тоңдырды. Тіпті біреуінің үстінен бірдеңенің иісін сезіп те қалғандай болдым ба. Орайы келіп тұрғанда ескерте кетейін, роуп-джапингтің шарты бойынша биіктен секіретін кезде спирттік ішімдіктен аулақ болған дұрыс. Және жасы он сегізден асқан кез-келген азамат бұл спортпен айналыса алады, Сонымен бірге өз бетінше секіру өмірге қауіпті, сондықтан ұйымдастырушылардың айтқанымен жүріп-тұрғаннан абзалы жоқ.

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Жұрттың қыздары айтса айтқандай ержүрек, батыл. Алмен болсам тұрдым ғой қорқып:(

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Менің ең жаман жерім, осындай қызық дүниенің ортасына келгенде, не көпшіліктің ортасында сөйлейтін кезде, не ең сүйікті, сыйлы адамыма тіл қатар кезде өз-өзімді жоғалтып, ұмытып кететінім. Осы жолы да сөйттім. Фотореп жасауға барған мен командамен бірге улап-шулап жүріп жөнді суретке түсіруді ұмытып кеттіпін. Сонымен менің кезегім келді. Мұндай сезім Каспий теңізінде биіктеу жардан секіретін кезде де болған еді. Көзімді жұмып секіріп кетіп, судың астынан күнге қарай, жарыққа қарай, бір жұтым ауаға қарай ұмтылып келе жатқан сәтті, айтсаңызшы. Бұл секіру одан да қиынға түсті. Ғимараттың ұшар басынан кейін қарай қайтып кетуге оқталып тұрғанмын, егер Дима итеріп жібермегенде. Өз еркіммен емес, шынымен құлап кеттім)))

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Төменге құлдилап келе жатқанда салмақсыздықты сезіну деген сіздерге немен салыстырып беретінімді білмей отырмын. Салмақсыздықты сезіну деген әуеде қалықтау екен, құстарға қандай рахат деңізші. Ең маңызды, ең қызықты уақытта мен еркімнен тыс көзімді тарс жұмып және шыңғырумен айналыстым, басқаша қимылдаруға, өзімді басқаруға шамам келмеді. Яғни, роуп-джампингтің фокусы салмақсыздықты сезіну екен, көзімді ашып айналаның тынысын бағуды келесі секіріске қалдырғандай болып қайттым.

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Сонымен бүгінгі демалыс маған серпін сыйлады, қуат сыйлады және өзіңе қол жұмсап, биіктен тастай салудың оңай шаруа емес екенін де ұқтырды. Өз-өзін биіктен тастап жіберуге немқұрайлы қарайтынмын, ее деп. Расында өле салу оңай шаруа емес екен дәл маған.

Сонымен биылғы жылға секіруге қолайлы жаңа ғимарат тапқанша роуп-джампинг уақытша өз жұмысын тоқтады. Бүгінгі күнге үлгергеніме ризамын. Билет бағасы 4 мың, бірігіп секіретіндерге 7 мың теңгені құрайды. Жалғыздан гөрі бірігіп секірген қызық әрі қорқынышсыз болатын сияқты.

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

P.S Бүгін биге баруға үлгермей қалдым, суықтан іші-бауырыма дейін қалтыраған мен осы жазбаны аяқтай салып ыстық шай мен шоколад жеп отырмын. Демалысты көңілді де сәтті өткізіңіздер. Айтпақшы менің парашютпен құлағым кеп жүргеніме біраз уақыт болды, ондай жоспарларыңыз болып жатса маған айтарсыздар, экстримді көңіл-көтеруден еш қашпақ емеспін.

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг
Әрі қарай

Эльвира Ерғалина. Әлеуметтік эксперимент: Селфиге халықтың реакциясы

Эльвира Ерғалина енді астаналықтардың селфиге қалай қарайтынын сынап көрді. Айтпаса да түсінікті, жастар жағы оны өте жақсы біледі. Ал, үлкен кісілер телефонын алып, жүгіріп келе жатқан адамға қалай қарайды екен? :)

Әрі қарай