Өмірге...


Талай қызық, сансыз түрлі кереметті көрсеткен,
Терең толғап, талай сұмдық құпиялы сыр шерткен.
Рахмет, өмір деген толассыз бір сын-сағат,
Ақ – қараның ара-жігін ажыратып, өлшеткен.
Қайғысымен қуанышын қатар қойған көңілге,
Салыстырған арамдықты адалдық пен сенімге.
Адам дейтін алыптарға берген үлкен мүмкіндік,
Рахмет ұлы керуен таңғажайып өмірге!