Ілмектерден іздеу
БАРАК ОБАМА: Келесі жылы осы менің орнымда басқа адам тұрады, ол келіншектің аты кім болады екен?
Мамырдың 1-нде АҚШ қазіргі президенті Барак Обама жыл сайынғы тілшілер қауымдастығымен соңғы салтанатты кешін өткізді.
Бұл қауымдастыққа тек қана журналистер емес, сонымен қатар танымал саясаткерлер, Голливуд жұлдыздары, басқа да елдің көзіне түсіп жүрген белгілі кісілер қатысады. Ол жиында президент құрғақшөппен баяндамамен тойғызып қоя бермей, керісінше, барынша ашық, жайдары, тіпті көңілді сөз сөйлеуі керек. Биылғы жиын ерекше болғанға ұқсайды. Саясаткерлер, журналистер, әсіресе пиаршылар мен спичрайтерлер ауыздарының суы құрып талқылап жатыр.
Жарты сағаттық сөз сөйлеуінде Обама ағай ішекті армансыз қатырыпты.
Сайлауға түсіп жатқандарды, қазіргі әкімшілігіндегілерді, өзінің отбасын, өзінің қаранәсілділігі туралы әзілдері енді… Жиналғандар іштерін ұстап, аунап жатыр ғой. Өзінің қалай жұмыс іздейтіндігі туралы да айта кеткен. Ол үшін арнайы ролигін де жасапты.
Сонымен, әзілдерін аздап аударып ұсынып отырмын. Мүмкін жымиярсыз )
— Айтпақшы, Трамп қайда? Соншама не тындырып жатып, келе алмай қалды? Бірақ, біздің кешкі асымызды ол менсінбейтін де шығар. Оның орнына Ангела Меркельге тиісіп, твиттерде отыруды жөн көрген болар. Трамп-стейктерін қылғытып отырған шығар үйінде.
— Кешігіп келгенім үшін кешірім сұраймын. CPT-де сөз сөйлеп едім (қара/қоңыр нәсілділердің каналы). Онда ақ адамдардың естуіне болмайтын әзілдер айтылды.
— Келесі жылы осы менің орнымда басқа адам тұрады. Ол келіншектің атын айтайын ба?
— Осы Мишель (әйелі) қартаймайды ше! Осыдан 8 жыл бұрынғы түрімізді қараңдаршы (екеуінің суреті көрсетіледі, ол жерде Обама жастау). Кейін не болып кеткенін көріңдер енді (басқа суретте Мишель сол қалпы, ал Обама шашы ағарып кеткен). Мынау — осыдан екі апта бұрын (суретте Обама — скелет)
— Менен осы барлығы қашады… кеше естіген шығарсыңдар, біреу дуалдан өрмелеп кеткенін. Бірақ секьюритиім мақтауға лайық — Мишельді ұстап алып, өзіме қайтарды.
— Осы Берни ше (қаржыгер, демократтардың беткеұстары және әмияны сияқты бір керемет) — түрі құдды миллион бакс. Әлде қалай еді… сенің тіліңмен айтқанда — 27 доллардан жиналған 37 000 адамның садақасы сияқтысың.
— Бернидің сайлауалды слоганы күшті болды — FEEL THE BERN (естілуі — ЖАЛЫНДЫ СЕЗІН — дегенге келеді) — жастарға жақсы өтті. Ал Хиллари не істеді? Оның жастарды өзіне қаратқысы келген әрекеті — бір егде туысқаныңыздың фейсбукте сізге жазылғаны сияқты. «Менің түрткенімді (подмигивание) алдыңыз ба?», «Менің жазғандарым көріне ма?».
— АҚШ екіпартиялы жүйесі туралы: Мүмкін сіз етті де, балықты да жек көретін шығарсыз. Бірақ біреуін таңдап алуға тура келеді.
— Трамп туралы: Барлығы соның сыртқы саясатта дым қақпайд деп айтады. Далбаса сөз ол. Мен білем ғой, Швеция миссімен, Аргентина миссімен, Әзірбайжан миссімен де кездескенін оның.
— Енді бір жарты жылда мен ресми түрде бейбақ атанам. Республикандықтардың лидерлері менің қоңырауыма жауап бермейтін болады.
— Президенттік мерзім аяқталған соң не істеймін. Мишель екеуміз осы Колумбия жағалап тағы 1-2 жылдай жүреміз деп шештік. Қызымыз мектебін бітіреді. Мишель өзінің сәбіздеріне кірісетін болдым деп мәз. Ал мен болсам сіздердің мені LinkedIn-дегі (жұмыс берушілер мен іздеушілердің отыратын әлеужелісі) достығымды қабылдауларыңызды күтем.
Ары қарай Обама байсалдылау сөзін сөйлейді — алғыстарын, тындырғанын айтып, тілектерін жеткізеді.
Обаманың мерзімі 2017 жылдың қаңтарында бітеді.
Біздің қатысымызда осы шара, отырыс туралы не айтуға болады?
Өкінішке қарай, біздің президент егде кісі болғандықтан олай істемейді деп ақталмақ болсақ та, жастау келген министрлеріміз жасына жетпей кісі болып қалғандар. Олар өзі туралы да, әріптестері туралы да әдемі әзіл айтып үйренбеген, ондайды елестете де алмайды. Сосын видеодан көре аласыз — Обама журналистердің атын атап, солармен де әзілдеседі (оның аудармасын тым түсініксіз болып кетеді деп ойлап, жасамадым). Біздің басшылар тек казправданың бас редакторының атын білсе рахмет. Қазақ журналистері туралы тіпті де сөйлемей-ақ қояйын.
Екінші жартысында Обама өзі туралы түсірген ролигін көрсетеді — жұмыс іздеп жүргені туралы қиялы. Ал енді біздікілер солай істеп көргенін елестетіп көріңіз :) МҮМКІН ЕМЕС!
Осындай күнді армандап… сол…
Осы блогты бір министр әлде басқа шенеунік көрсе, айтарым: күліңіздер, әзілдеп үйреніңіздер!
Әрі қарай
Бұл қауымдастыққа тек қана журналистер емес, сонымен қатар танымал саясаткерлер, Голливуд жұлдыздары, басқа да елдің көзіне түсіп жүрген белгілі кісілер қатысады. Ол жиында президент құрғақ

Ерте, ерте, ертеде… Америкада…
Арнайы "Үздік кино сыншысы" сайысы үшін…
Әрі қарай
I ♥ NY or Youtube?
Хммм… керекинфо паролін ұмытпаппын Daniar-Alan -ның «Керекинфоға жылына бір-ақ рет Блогқұрылтай кезде жазады екенсің» деген сөзін жерге тастамай, дәстүрді жалғастырайын.
Менің видео жасаумен ауыратынымды біреуі білсе, біреуі біліп қалған болар. «Екпін»-де жұмыс істеп жүргенде «видеоблог жасайық, видеоблог жасайық» деп тыпыршыдым, кейін өзім бір нәрселер құрастырып, фотодан видеолар жасадым. Ал негізі нағыз махаббатым — youtube. Ондағы сүйікті ютубберлерім. Бьюти блоггерлер, скетч блоггерлер, күн сайынғы өмірін көрсететін лайф влоггерлер… бір сөзбен айтқанда жанды ақпарат, эмоция, динамика — менің соңғы кездегі жаңа құштарлығым.
Сол себепті де Америкаға жол түскенде автоматты түрде өзіммен өзім қолыма жай ғана телефонның видеосын қосып түсіріп кеттім
Бір жағынан қызықты сапардағы оқиғалармен бөлісіп, жаңа елді бірге аралау көрермен-юзерлерге де қызықты. Оны осы күнге дейін келіп жатқан көптеген жағымды пікірлерден біліп отырмын
Сондықтан егер New York VLOG! саяхат сериямды әлі де көрмеген болсаңыздар, kerbezful youtube арнама қош келіңіздер де жазылыңыздар
Алғашқы сериялар:

ЕГЕР АРКТИКАНЫҢ МҰЗДАРЫ ЕРИТІН БОЛСА… (7 СУРЕТ)
Ертеме кешпе ғаламдық жылынудың кесірінен арктиканың мұздықтары еріп, құрлықтың көп бөлігі су астында қалады. Қай жерлер, қай қалалар тіпті кей мемлекеттердің аумағы мұхит табанына айналар екенін төмендегі суреттен көрелік.
1 cурет
Ақ түспен белгіленген аумақ су астында қалады. Сондықтанда Солтүстік Американың ірі мегаполистерімен тұрғындар қоштасқаны абзал.
2 сурет
Амазонияның көптеген тайпалары өздерін құтқарып үлгеретін шығар.
3 сурет
Еуропа барлығынанда көп зардап шегеді. Нидерланды және Венеция секілді ұмытуымыз мүмкін. Ал, біздің Каспийдің көлемі ұлғаяды.
4 сурет
Азияның халқының 60 пайызы су астында қалады.
5 сурет
Африка басқа материктерге қарағанда көп зардап шекпейді. Тек жағалауы тұрғындары болмаса.
6 сурет
Аустралияның температурасы қазіргіденде жоғарлайды. Бірақ қалаларының саны азая түседі.
7 сурет
Антарктидаға келсек, егер оңтүстік полюске баруды армандасаңыз? Бару жолы жеңілдеп тез, әрі жылдам оңтүстік полюті көре алатын боласыз.

Әлемдегі ең қарт жезөкше
Қазақ тілі немесе "Если мой родной язык умрет завтра то всегда готов умереть я СЕГОДНЯ"
Ассалаумағалейкум, достар!
Әр елдің өзіне тән қасиеттері бар! Біздің елде ол — қонақжайлылық! Ол шын мәнінде мақтан тұтуға тұрарлы нәрсе! Бір жағынан әйтеуір орнында тұрмай өсіпте келе жатырмыз. Бірақ осы қонақжайлылығымыз кейде өзімізге зиянын тигізеді! Ол қалай?! Өз тілімізді қорғай алмай келеміз! Тіпті қазақ тілін үйренген шет елдіктер біздің елге келіп таң қалады және өкініпте қалады. Өйткені неше уақыт жоғалтып үйреніп келген қазақ тілі Қазақстанда оған қажеті болмай қалады… Бәріміз орысша, ағылшынша, немісше, французша білуге тырысамыз, бірақ өз тіліміз жайына қалып кетеді. Бір орыс тұрса тоғыз қазақ сол орыс үшін орысша сөйлейміз! Тағыда қонақжайлылық? Білмеймін! Бір уақиға айтып берейін, репрессия уақытында болған!