ҰБТ-ның жаңа форматы - «Алтын белгі» иегерлері өз білімін бөлек емтиxанмен дәлелдейді

Білім және ғылым: ҰБТ-ның жаңа форматы - «Алтын белгі» иегерлері өз білімін бөлек емтиxанмен дәлелдейді

Білім және ғылым министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеуді екіге бөлді. Енді, мектепті бітіру емтиxаны оқушының орта білімді тәмамдағанын дәлелдесе, ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысымен мектеп түлектеріне мемлекеттік гранттар тағайындалады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Білім және ғылым саласында бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубековтің айтуынша, ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілген соңғы 13 жылдың ішінде оған оқушылардың барлығы бірдей қатысқан жоқ. Мәселен, соңғы тестілеуге мектеп оқушыларының 70 пайызы қатысты.

Енді, жаңа форматқа сәйкес, «Алтын белгі» тағайындауды мектептердің өздері жүргізеді. Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде аталған атақты растау қажет емес. Тестілеу тек грант иегерлерін ғана анықтап, жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігін береді.

«Сонымен, 2017 жылы түлектер үшін қорытынды аттестациялау өздері оқыған мектепте өткізіледі, яғни келесі жылдың 1-10 маусым аралығында өткізу жоспарланып отыр. Ал ұлттық бірыңғай тестілеу, яғни жоғары оқу орнына түсу емтиxаны 20-шы маусым мен 1-ші шілде аралығында республика бойынша 165 тестілеу бекеттерінде өткізіледі», — деп атап көрсетті Н.Оршубеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында.
Әрі қарай

ҰБТ-дан 111 балл жинағың келсе...

Блог - zholantai: ҰБТ-дан 111 балл жинағың келсе...
Уа, ҰБТ-дан қалай ғана 111 балл жинаймын, деп басы қатып, әрнәрсенің басын бір шалып, репетитор жалдап, арнайы курсқа барып, том-том кітап арқалап, мектепке қонып қалатындай болып сабылып жүрген қадірлі дос!
ҰБТ-ға оңай дайындалып, шпорға емес,
Әрі қарай

"Алтын белгінің " құны қанша?

Қазіргі білім беру саласында көптеген өзгерістер болып жатқаны бізге мәлім. Сол өзгерістердің бірі ол «Алтын белгі » иегерлерінің санының артуы болып отыр. Осыдан тура 8 жыл бұрын Қарағанды облысы бойынша жаңылмасам 17 ғана «Алтын белгі» иегері
Әрі қарай

«Алтын белгі» иегерлері көбейіп барады

Бұл білім сапасының артқанын көрсете ме, әлде…?



Білімді ұрпақтың мемлекеттің алтын дің¬гегі, асыл қазынасы десек, еш қателеспейміз. Бұл істе атқарылып жатқан жұмыстар аз емес.

Дейтұрғанмен, республикадағы «Алтын белгі» алушылар санының бір жылда мың жарымнан екі жарым мыңға дейін, ал 125 балл жинаушылар алғашында бір-екі болса, кейін 30-40-қа жетуі, кейбір облыстардағы көрсеткіштердің шарықтап кетуі, оны түрлі жолдармен жалған бәсекеге айналдыруы –білім сапасының объективті көрсеткіші деп айту қиын.

Мақала толығымен.
Әрі қарай