"А"-ға оралу: бардық, көрдік, қайттық. Қайран ақша мен уақыт.

Жоспарлағанымыздай барып көрдік. Алып-ұшқан көңіл мен рухани ләззатқа асыққан сана-сезім кино басталмай тұрып-ақ бұзылды. Афиша сайттарда 3D нұсқада көрсетіледі деп жариялаған кинотеатрымыз фильмді қарапайым форматта беретін болды. Кінәлі тарапты іздеп жатпадық — ақпаратты қате берген сайт кінәлі ма, әлде кинотеатр ма? Оны анықтауға ниет те, жүйке де шыдамас, сірә.