Жарияланымдар

yesbolat83
Шәкәрім Құдайбердіұлының ақын, шежіреші ұлы Ахат Құдайбердиев әкесінің айтқан естеліктерін есіне алып былай деген екен: «14-март – ескіше 1-март. Әкей айтты: «Бүгін ескіше 1-март, қазақша жаңа жыл, ұлыстың ұлы күні дейді».
Осыған сүйене отырып, қазақтар Жаңа жыл мерекесін 14-ші наурыздан бастап тойлағандығын ескеруге болады.
yesbolat83
Қателеспесем, 3-ші сынып оқып жүргенімде Сайын ағаның "Қылау" атты әңгімесін оқығанмын. Бұл әңгімеде Сатай атты баланы әкесі таң атар атпастан көрші ауылдан шана алып келу керектігін айтып, тәтті ұйқыдан оятады. Жолшыбай қызбен танысады… Өте қызық әңгіме. Ал, «Жусан иісі» өте керемет жазылған шығарма. Соғыс жылдарындағы ауыл тіршілігі. Әрине, қиын-қыстау кезең. Кім біледі? «Жусан иісіндегі» Аян өмірде болғанба?