Жарияланымдар

Керектіктерді сағынатын болдым!!!

осылай, бүгін жұмыста соңғы күн отырмын, ертеңнен бастап декрет деген демалыста боламын… сонымен сендерді түрлі сериалдар туралы ақпараттардан алыстататыныма қуаныштымын))) өзіме де ұнамаушы еді

Есесіне әңгіме айта алмай қалар ма екем)))
Енді анда-санда кіріп тұрамын))) Админ мырза менің логинімді өзгертуге бола ма… көмектесші
Әрі қарай

Үйсіз-күйсіз журналистер

Бермесең, бермей-ақ баспанаңды…

31 арнадағы Информбюро бағдарламасы, үйсіз журналистердің мәселесін көтермекші. Расында журналистер тұрғын үйге қатысты ешбір мемлекеттік бағдарламаға жатпайды, (тек жас отбасы болмаса), әдетте бойында ұлтына деген ықыласы мен энтузиазмы бар журналистер пәтерден-пәтерге көшіп, азғантай жалақысы мен газет-журналдарда, телеарналарда шапқылап жүреді… Жалпы аталған БАҚ-тың нары да, бары да солар, материал жазу үшін, шығару үшін ізденіп, ат шалдырып алысқа желіп, жалпы дайын мақала мен телерепортаждың ыстық-суығын көтеріп, төзіп жүретіндер де осы бауырларымыз. Осындай кейіпкерлерді шақырамыз!!! Маған личкоға хат жазса деген өтінішім бар… Өздеріңіз білетін осындай журналистер туралы жаза отырсаңыздар, алғыстан басқа айтарым жоқ!
Әрі қарай

Әуе.Жер.Ғашық - Каппадокия





Қазір «31 арна» эфирінен беріліп жатқан «Әуе. Жер. Ғашық» телехикаясы оқиғаларының тартымдылығымен ғана емес, телетоптама түсірілген орынның табиғатының әдемілігімен де көрермен назарын өзіне аударды. Басты рөлді сомдаған – Бирче Ақалай мен Мұрат Уналмыш – телехикая түсіріліп жатқан Каппадокия жері туралы әсерлерімен бөлісті…

Каппадокия табиғатының әдемілігімен және ғасырлар бойы салынған жерасты қалаларымен, таудан қашалған ғибадат орындарымен әйгілі. Бұл табиғаттың өзі жасаған керемет орын.

Басты рөлдегі Хавваның рөлін сомдаған актриса Бирче Ақалай, Каппадокиямен өзінің арасында беймәлім тылсым байланыстың бар екенін айтады.
«Мен Стамбулды өте қатты жақсы көрем, одан тыс жерлерде жұмыс істеу маған қиын. Үнемі жұмыста болғандықтан, қалыптасқан әдеттерім бар. Түсірілім барысында мен үйімді қатты сағынамын. Алайда, Каппадокия жайлы орын екен, мен бұл жерден жаныма сая таптым. Бұл өте ерекше жер, тіпті оған бауыр басып кеттім.
Стамбулдан келгенім кеше және достарыма қашықтыққа бұрынғыдай қатты қиналмайтынымды айтам. Бұл орынды аралап көруге бұрын мүмкіндік болмағаны өкінішті. Стамбулға оралғанда осы өңірдегі үйлесім мен тыныштықты аңсай бастаймын»,-дейді актриса.

Бирченің өмірінде бұл аймақтың маңызы ерекше, өйткені дәл осы жерде хикаяның түсірілімі баысында ол болашақ жары – Мұрат Уналмышты кездестірді. Олардың хикаядағы махаббаты, шынайы өмірде үйлену тойымен аяқталды.

Мұрат Уналмыш (Юсуф) осы жердің тумасы, сондықтан да бала кезінен бұл өңірді жиі аралаған. Дарынды актер түсірілім жұмыстары басқа емес, дәл осы Каппадокияда өтіп жатқанына қуанышты.

«Менің пікірімше, телехикаяның табысты болуының негізгі себебі де осы. Мен, жақын маңда орналасқан Кайсериденмін, алайда Каппадокияның кереметін бұрын-соңды дәл осылай сезініп көрмеппін. Бұл шынында да өте әдемі орын, мен үшін маңызы да ерекше. Бұрын мұнда ата-анама еріп келетін едім. Ал түсірілім жұмыстарына келгенімде өзгеше бір тылсымды сезіндім. Бұл орынның айрықша жағымды қуаты бар»,-дейді актер.
Хикаяның режиссері Атил Инанш айрықша орында, айрықша өнер шеберлерімен жұмыс істеп жүргеніне сенімді. Атилнанштың ойынша, телехикаяның көрермендерді тартуына Каппадокияның жағымды қуатының да әсері ұшан-теңіз. Режиссер: «Менің тобымда тек кәсіби мамандар жұмыс істейді, оларға менің алғысым шексіз. Түрік телехикаяларының басым бөлігі соңғы жылдары Стамбулда түсірілді, қала да көрермендерді жалықтырып жіберді. Каппадокия – өте әдемі, ол көпшііктің назырына тұрарлықтай орын».

Топрақтың рөлін сомдаған Селен Сойдер де бұл өңірге ғашық екенін айтқан болатын. Дарынды актриса Каппадокияда жұмыс істегеніне қуанышты болғанын мойындаған еді.

Хикаяға қатысты тағы бір жаңалық,



Мұрат Уналмыш

«Әуе. Жер. Ғашық» фильмінде ұстамды да, сезімтал Юсуфтың рөлін сомдап миллиондардың жүрегін жаулаған актер 1981 жылы дүниеге келген. Киноөндірісіне келмес бұрын ол кәсіби спортта атағы дардай жұлдыз болған. Студент кезінде-ақ, «Фенербахче» баскетбол клубының құрамында ойнаған. Ал, телехикаяға түсуіне, ұлын киноактер ретінде көргісі келген анасы ықпал еткен. Осылайша, тағы бір талантты актерді көпшілік таныды. Қазір ол түрік киноөндірісіндегі сұраныстағы актерлардың бірі.

Бирче Ақалай
Бирче Ақалай, тәуелсіз, мақсатшыл, тәкаппар Хавваның рөлінде ойнайды, ол 1984 жылы Стамбулда дүниеге келген. Театр саласында жоғары білім алады. Әр жылдары Түркияның телеарналарында тележүргізуші ретінде «Чемпиондар лигасы», «Сегізінші кезең» секілді спорттық бағдарламаларды жүргізеді. Одан кейін, «Түркия аруы» байқауына қатысып, үшінші орын алады. Бұл байқау үшінші орын ғана емес, Бирчеге үлкен мүмкіндік сыйлады. Өйткені оны байқаған режиссер, кастингке шақырады. Киноәлеміне актрисаның сапары осылай басталды. Бүгінде бірнеше телехикаяға түсіп үлгерген сұлу, «Еуропа Аруы» байқауында бағын сынап, ақтық мәреге жетті.
Бирче мен Мұратты тағдыр «Әуе. Жер.Ғашық» телехикаясының түсірілімі барысында тоғыстырды. Әріптестік байланыс, көп ұзамай махаббатқа ұласты, танысқан соң, үш ай өткеннен кейін, мамыр айында олар үйлену тойларын жасады. Бұл жұлдызды жұп түрік халқының мақтанышы. Оларды үлгі тұтып, қайырымдылық кештеріне шақырады.

Cелен Сойдер

Селен Сойдерді жұртшылық телехикаядағы нәзік те, сүйкімді Топрақ арқылы біледі. Ол 1986 жылы 26 желтоқсанда Измир қаласында дүниеге келген. Анадолы университетін «қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2006 жылы «Түркияның сұлу модельдері» байқауында жеңімпаз болды. Халықаралық «Әлем Аруы» байқауында (Пекин) үздік бестіктің қатарына енді, «Үздік ұлттық киімі» үшін марапатқа ие болды. Ал, 2007 жылы «Түркия Аруы» байқауында бас жүлдені жеңіп алды. Содан кейін, жарнамалық роликтерге және бейнеклиптерге түседі. Ал киноэкранға 2010 жылы шығады. Бірқатар киносыншылардың пікірінше, Селен өзінің нәзіктігімен және айрықша сұлулығымен түрік киносына ерекше леп алып келді. Қазір ол Стамбул университетінің тарих факультетінде білім алуда.
Әрі қарай

Қадірлі керектіктер, ренжімеңдер))!!


Не ғой, біздің арна да баяғы, 2-мамырдан Фатмагүлдің екінші маусымын бастайды… соны айтайын дегем ғой   жәй, сендер біле жүрсін деп, айтпақшы, ол сериалды Аршат пен Нұрғиса осында салып жүруші еді… не болып кетті өзі, түрлі түрік сериалдарын көремін деп, кей-кейде дубляж бөліміне көмектесетінді шығардым)).

Тағы бір қызығы 1 мамыр күні де сағат 20:00-де 31-ді қоссаңыздар, сол сериалдың үстінен шығасыздар, типа предпоказ, естеріңізге саламыз, осындай уақиға болған деп бір көрсетіп аламыз.
Бірақ, тек орыс тілінде болады ғой деймін, қазақша субтитрмен беріледі… Сол біздегі жаңалық))
Әрі қарай

Құттықтауларыңа болады!!



Жақында «31 арнада» басталған «Базарбаевтар» отбасылық комедиясы бірінші күні-ақ көрермендердің назарын тарта білді. Бұл әдетте ең прайм-тайм уақыттарын орыс тілді бағдарламаларға беретін коммерциялық телеарналар үшін, атап айтқанда біздің 31 үшін ерекше жаңалық болды. Өйткені қазақ тілді жобаға көрермендердің мұндай қызығушылығын күтпегендіктен болар. Осылайша, алғашқы күні Базарбаевтар жалпы көпшілік аудиторияда 23 пайыз үлеске ие болса, қазақ тілді көрермендердің 33-пайыз үлесін иеленді…
Құттықтауларыңа болады!!)))

Ал мен мұны қазақ елінде қазақ тіліндегі қызықты жобалар көрермендер ең көп көретін уақытқа (прайм-таймға) қойылуы тиіс деп есептейтін, барша жандардың кіші-гірім жеңісі деп есептеймін. Шын айтам!!! Қазақстанда негізінен орыс тілді халық тұрады деп есептейтін өзгетілділіктер, арналардың басым көпшілігінде бар (басшылық орындары туралы айтпағанда). Бұл бөліну емес көрермендердің талғамы әділ саралануы тиіс деген ішкі бір жанайқайым ғана… Оның үстіне қазақ тілді жобаларға жарнама бермейді деп мұрнын шүйіретіндерін қайтерсің!!! Прайм-таймға қойылса, сапалы хабар болса неге жарнама келмейді қазақ тілді жобаға, осыған ақылым айран!!!
Әрі қарай

Астаналық керектіктердің көмегі керек болып тұр

Құрметті астаналық керекшілер, егер футбол ойнасаңдар, тақымызды қысып, екі командаға да үйде алматыда отырып жанкүйер боламыз...)))

Расында сендердің көмектерің керек болып тұр. Бұл мәселені сендерден артық ешкім білмейді…
Маған Астаналықтардың ең жиі кіретін сайттарының тізімі керек еді…
Соның ішінде сіздердің де жиі қолданатын сайттарыңыз… Бұл бір әлеуметтік сауалнама секілді… көмек көрсетеді деп сенемін!!!
Әрі қарай

Ух, шаршадым көргім келмейді

Шын айтам. Мүлде көргім келмейтін бір нәрсе — сериал. Осы сериалдардан кім не алады, жастар өзіне қандай тіәрбие алады деп таң қаламын. Өзімнің байқағаным менің 4 жасар қызым сериалдан тіл үйренеді. Онда да, «Бахри әйелінің көзіне шөп салыпты» деген секілді. қай сериалды ашып қалсаң да, ақымақ болып жүрген біреу, өзіне-өзі сенімсіз жандар, солар тудырған жанжал, баянсыз махаббат, немесе арсыз адам… Бұл әңгіме ұзын-сонар кете береді. Жоқ деймін ау сол сериалдардың беретіні аз, тәрбиелік, эстетикалық жағынаи да. Тарихи сериалдар болса бір сәрі…
Күндіз жұмыста сериал, кешке үйге келсең, екі жақта екі түрлі сериал. Біреуін күйеуім, екіншісін ата-енем мен балаларым көреді.
Сосын қызым жыр қылып ол сериалда не болғанын айтып береді. Сөйтіп сериалмен ғұмыр өтіп жатыр.
Ал, сол екі ортада кухнядағы менің өмірім… Сонда мұндай өмірден қызық не, менің жаныма кім келіп, ішкі ойыммен кім бөліседі… деп отырмын. Балаларым мен күйеуімді сериалдың тағдырынан қалай құтқарсам екен))
Әрі қарай

Базарбаевтар - отбасылық комедия



Ситкомның оқиғасы Алматыдағы қарапайым үшбөлмелі пәтерде өтеді: Саламат пен Айғаным және балалары – Шерәлі, Арсен, сондай-ақ, бірінші курс студенті Гүлнәр.
Отағасы Алматы метросының құрылысына белсенді атсалысып жатқан маман, бригадир, Айғаным белгілі тележүргізуші, сондай-ақ, туған-туыс, құда-құдағилармен ішкі-сыртқы саясат сияқты барлық мәселені қадағалап отыратын ханым. Үлкен ұлы Шерәлінің жасы 25-те. Ол болашағынан үміт күттіретін футболшы. Ортаншы ұлы – Ералы Кембридждің студенті, кіші ұлы Арсенді көршілер мен мұғалімдердің бәрі жақсы көреді, ал Гүлнәр әкесінің сүйікті қызы. Сонымен, бәрі де тамаша еді…
Алайда, күндердің күнінде үлкен ұлдары Шерәлі аяқ астынан келін әкеліп, өзі де тарлық етіп жүрген пәтерде қиындық туындай бастады.
Енді Базарбаевтар отбасында кез-келген ұсақ-түйек, тіпті 1 шаршы метр жерде… ұрыс-керіске себеп болуы мүмкін. Алайда, осындай болмашы қиындықтарға қарамастан, бұл үйдің адамдары кез-келген жағдайдан жол тауып кетеді.
Жылы: 2012
Жанры: ситком
Өндіруші: «Kazteleproduct», «31 арнамен» бірлескен жоба
Бас продюсер: Нұрлан Қоянбаев
Сценарий: Нұрлан Қоянбаев, Нұрдәулет Шертім, Жаммид Көшербаев
Қоюшы-режиссер: Стас Булов
Рөлдерде:: Бекжан Тұрыс, Райхан Халиолдина, Нұрдәулет Шертім, Аида Жантілеуова, Гүлнәр Сильбаева, Дастан Қалдыбаев, Нұрлан Қоянбаев, Нұржан Тұтов, Күнсұлу Тұрғынбекқызы, Бақыт Әліпбаева, Әлихан
Әрі қарай

Нұрдәулет Аиданың бар құпиясын жария етті



"Қазақтар" КВН командасының мүшесі, отандық КВН саласында өзіндік қолтаңбасы бар, «31 арнадағы» "Әзіл -студио" жобасының актері Нұрдәулет шертім «Базарбаевтар» жаңа отбасылық комедиясын түсіру барысында, әріптесі Аида жантілеуова туралы барша құпияны жария етті!!!
«Базарбаевтар» отбасылық комедиясын аз уақыттан соң, 31 арнадан көре аласыздар!!!
Әрі қарай

Нұрдәулет түсірілімге кедергі келтірді


"Қазақтар" КВН командасының жетекшісі Нұрлан Қоянбаевтың продюссерлігімен түсірілген жаңа Базарбаевтар ситкомын түсіру барысында, КВН жұлдызы Нұрдәлет Шертім түсірілім барысына кедергі келтірді.
«Базарбаевтар» ситкомына қатысты эксклюзивті материалдарды осы еркін блок жүйесінен үнемі бақылап отыруларыңызға болады.
Ал, отандық ситкомның тұсаукесерін жақын күндері 31 арнадан жіберіп алмаңыздар!!!
Әрі қарай