Таңдаулы

qisyq
Ана жыр мақамындағы сөзді мен жазайын дабылдатып, дауылдатып:)

Дабай да, дабай, дабайла!
Дабайламағаннан абайла!
Дабайға үн қосқан ел
Дабайламаса жарай ма!?
Дабаймен батқан кешіміз
Ұлассын алтын арайға!
Дабайламаған ұланды
Дабайшыл деп жұрт санай ма!?
Дабай-ұран біздің ой-қырда,
Өзенде, көлде, тоғайда!
Дабай-тойдың үстінде
Дабайлап қалуға болмай ма!?
Бүгінгі қазақ аттандап,
Дабайлайды ғой ондайда!
Дабайлап жүрген көп блог
«Дабайлап» сәлем жолдай ма!
Бүтін бір ел тұрса дабайлап,
Оған да көңілің толмай ма?!
Көп сөзді қой да, есіл ер,
Жазбаң жаз да, «дабайла»!!!

Қалай, ә?!:)
Nurgisa
Неге екенін қайдам, мейл ру ұрпағы және айналдырған тоғыз қаріпке зәру мәселесі ойға түсіп отыр. АйТи тұрғысынан қаншалықты күрделі екенін қайдам, локализациялауда қосымша бір модуль сынды қосалқы базис енгізсе кілтипанға сол медеу болар ма еді…

Ал қаріп зардабын тартушылардың қатарында мен де бармын, Асхатжан. О баста куәліктегі ныспымды Нұрғиса деп қазақша жаздыртып едім, кейініректе СТТН және ӘИК-те Нургиса боп кетіпті. Осы былтыр бір шұғыл тірлікте кәдімгідей қырсық шалғандай аяққа оралды сол "қателік". Мүмкін, осындай базбір жайға бас қатырмау үшін ата-аналар сәбиіне ат таңдарда қазақ қаріпсізіне бүйрек бұрғызатын шығар, білмеймін…