«Барған да, бармаған да арманда» деп осындайда айтылса керек. Қалың ел [блоггер атты] жыл сайынғы дәстүрлі құрылтайына барып келді. Бара жатқанда, препатиде, патидің өзінде, автепатиде әр түрлі суреттерін жариялап қанды да ішті, тұзды да жалатты. Иә, сырт көзге қарағанда алдыңғы екі жиынға қарағанда, осы жиын тамаша өткен секілді. Кәдімгідей ел боп қалыппыз, кәдімгідей мықты ұйымдастырылған. Санамаламай-ақ қояйын, ұйымдастыру жұмыстарының басы-қасында жүрген барлық қыз-жігіттерге ақ алғыс.
Бәлкім бұл жаңалық болудан қалған да шығар, дегенмен дұрыс комп пен дұрыс инетке қолым енді жетіп жатқандықтан, «керекке» жазбай кетуді дұрыс көрмедім.
Ұзын сөздің қысқасы: биылғы құрылтай қатысушыларына көрсеткен «IT-тірлік» атты журналымды шығаратын күн таяп қалды. Күнделікті ит тірлікпен арпалысып, "Әне-міне шығарамын" деп жүргенде жылдың бір жартысын еңсеріп тастаппыз. Соны есіме алып, міне біртіндеп күн, түн демей осы шаруаны қолға алып, бітіргенше жанымды қоярға жер таппай жатырмын.
Бұл бір дерт! Тығылып қарайсың, жасырынып қарайсың. Әуелі басқы бетті түгендеп шығасың. Сосын қоғамдастық, сонсоң жекеге көшесің. Екі эксельдің арасында үш пост оқып үлгересің, төрт уорд документтің арасында бес пікір оқып үлгересің. Кабинетте адам жоқ кезде шанс пайдаланып осылай «во весь экран» ашып алып, «отдуши» оқисың. Әйтпесе… бірдеңе жетпей тұрады.
Кітапсүйер оқырманға Бердібек Соқпақбаевтың келесі бір шығармасын ұсынғалы отырмын. Бұл жолы қазақтың жасы-кәрісіне дейін сүйіп оқитын, сүйіп көретін “Менің атым Қожа” өздеріңіздің қолдарыңыздағы құрылғыларға қарай жол тартады. Осыған дейін де айтып жүргенімдей, бұл да epub форматындағы кітап. Мына жерден жүктеп алуға болады.
Бүгін сіздердің назарларыңызға өзімнің жасаған кезекті epub, яғни электронды кітапты ұсынбақпын. Бұл, әйгілі “Балалық шаққа саяхат”. Кәдімгі “Менің атым Қожаның” “әкесі” Бердібек Соқпақбаевтың келесі бір шедеврі. Сонау балалық шақта ағам мен апамнан қызғанып, жастықтың астына тығып оқыған кездерім әлі есімде. Сырты көк, соңғы кезде шыққан нұсқасы болатын. Ол кітаптың алғашқы романы “Өлгендер қайтып келмейді” еді. Амандық болса, оның да осындай электронды түрін ұсынып қалатын болармын. Ал әзірше Бекеңнің қиын да күрделі, қызыққа да, шыжыққа да толы балалық шағынан хабардар бола тұрыңыздар.