Warning: Undefined array key "sMenuItemSelect" in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/65f9c665d38b2d323ec4fe3b5142c38519ed8dbc.file.created.comments.tpl.php on line 259

Warning: Attempt to read property "value" on null in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/65f9c665d38b2d323ec4fe3b5142c38519ed8dbc.file.created.comments.tpl.php on line 259
>

Жарияланымдар


    Warning: Undefined array key "is_enabled" in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/4028b76e067800faa6a629abb3cdf8493e3e7f8d.file.nav.tpl.php on line 92

    Warning: Undefined array key "html" in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/4028b76e067800faa6a629abb3cdf8493e3e7f8d.file.nav.tpl.php on line 94

    Warning: Undefined array key "is_enabled" in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/4028b76e067800faa6a629abb3cdf8493e3e7f8d.file.nav.tpl.php on line 92

    Warning: Undefined array key "html" in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/4028b76e067800faa6a629abb3cdf8493e3e7f8d.file.nav.tpl.php on line 94
technosyndrom
Қызығушылық танытқаныңызға рахмет.
Қазір сіз сұрап отырған Android пен бірқатар басқа да жүйелерге арналған нұсқалар тереңдетілген тесттен өту кезеңінде. Басқасы — басқа, бірақ діни тақырыптағы программаны толыққанды, аса үлкен жүктемемен тексеріп барып жіберейік деген ой болып еді. Жақын арада жарық көріп қалар. Қазіргі жұмыс кестесімен — 2-3 аптада дайын болады деген дәме бар.
technosyndrom
Екінші версиясы кешен түрінде, сілтеме берілген сүрелердің толық мәтінімен, курсордың астындағы кез келген сөзге баламасын көрсететін, т.б. қосымша мүмкіндіктермен жасалып жатыр. Оның үстіне, антивирустардың жаңарғаны сияқты — толықтырулар мен түзетулерді программа өз бетінше автоматты түрде алып отыратын болады.
Бұл программада негізінен болжалды контингенттің компьютер біліктілігі ескеріліп жасалған. Сондықтан кітап структурасын айна-қатесіз қайталау мақсаты болды.
technosyndrom
"Ұлтжанды" деген жұмсақтау форма алып алған ұлтшылдар осы хатты көрсетіп "әттең боздақтар, ойбауырымдап" жүр. Ал шынында мына үндеуді таратқан адам өз санасының, арының әмірімен жазбағаны көрініп тұр. Идеолог неміс, ал мынау — немісшеден аударма екені көзге ұрады. Дәл осы мазмұндағы листовкаларды «Нахтиғәл» да, «УНА-УНСО» да таратқан. Соғыстың кәдімгі жексұрын келбеті, болғаны сол ғана. Бізді азат ету үшін емес, жан сақтау үшін жазылған. Басқа салса баспақшыл боласың. Барлығымыз сүйтер едік. Кезеліп тұрған мылтықтың үңірейген аузы шынымен қорқынышты дүние.
technosyndrom
Қысқасы «ешқашан бұзылмайтын» болмайды, кез келген шифрлеу алгоритмнің тарихына қарасаң, жылдар өткен сайын оны шешушілер табылып отырады.
Мұныңыз енді жалпытеориялық мағлұмат қой, мамандар болса, әңгіменің бағыты — шифрленген видеокодектер, сериялық кілт туралы екенін бірден аңғарады деп ойлағам.
technosyndrom
Дәл өзі, бірақ кейіпкер ретінде емес, әңгіме таразасына баланс ретінде пікірші керек.
Шетелде, бізде деп бөлмей, осы проблемалар тап бүгін, тап бізбен және тап осы жерде болып жатқанын жеткізсем деген ой.
Сосын шынымен ұят екен, «Павел Сухоруковтың пікрінше» дей берген. Жаза-жаза одан да ұялады екенсің.