Жарияланымдар

technosyndrom
Ақтөбе деген қалада, астана Ақмолаға көшірілгеніне 4-5 жыл болғанымен, комиссиялар әлі Алматыдан келетін замндарда болған оқиға
technosyndrom
Қызығушылық танытқаныңызға рахмет.
Қазір сіз сұрап отырған Android пен бірқатар басқа да жүйелерге арналған нұсқалар тереңдетілген тесттен өту кезеңінде. Басқасы — басқа, бірақ діни тақырыптағы программаны толыққанды, аса үлкен жүктемемен тексеріп барып жіберейік деген ой болып еді. Жақын арада жарық көріп қалар. Қазіргі жұмыс кестесімен — 2-3 аптада дайын болады деген дәме бар.
technosyndrom
Назарыңызға рахмет.

Соңында тұратын "Қараңыз: " деген — егер туындаған сұрақ бойынша басқа нысандарда да тікелей немесе жанама жауаптар болған жағдайда шығады:
"Қараңыз" туралы
Соңғы түзету:
technosyndrom
Жоқ, бұл кітап бойынша — толық дайын түрі. Әрине көрсете беруге болады.
technosyndrom
Екінші версиясы кешен түрінде, сілтеме берілген сүрелердің толық мәтінімен, курсордың астындағы кез келген сөзге баламасын көрсететін, т.б. қосымша мүмкіндіктермен жасалып жатыр. Оның үстіне, антивирустардың жаңарғаны сияқты — толықтырулар мен түзетулерді программа өз бетінше автоматты түрде алып отыратын болады.
Бұл программада негізінен болжалды контингенттің компьютер біліктілігі ескеріліп жасалған. Сондықтан кітап структурасын айна-қатесіз қайталау мақсаты болды.
technosyndrom
Дұрыс байқағансыз. Бірақ ол сөздер синонимдер деп түсіндірді молдекең, Құрани анықтамалары тіпті түрлі екен.
Туындайтын сұрақтары жоқтарда — тікелей нысанға байланысты сүрелер ғана көрсетілген.

Назарыңызға рахмет!
technosyndrom
"Ұлтжанды" деген жұмсақтау форма алып алған ұлтшылдар осы хатты көрсетіп "әттең боздақтар, ойбауырымдап" жүр. Ал шынында мына үндеуді таратқан адам өз санасының, арының әмірімен жазбағаны көрініп тұр. Идеолог неміс, ал мынау — немісшеден аударма екені көзге ұрады. Дәл осы мазмұндағы листовкаларды «Нахтиғәл» да, «УНА-УНСО» да таратқан. Соғыстың кәдімгі жексұрын келбеті, болғаны сол ғана. Бізді азат ету үшін емес, жан сақтау үшін жазылған. Басқа салса баспақшыл боласың. Барлығымыз сүйтер едік. Кезеліп тұрған мылтықтың үңірейген аузы шынымен қорқынышты дүние.
technosyndrom
Енді ойыңызды айтсаңыз: кинопрокатшылар немесе софт өндірушілер шынымен мықты қорғаныс жасай алмай жүр ме, әлде жасауға мүмкін болса да жасамай жүр ме?
technosyndrom
Қысқасы «ешқашан бұзылмайтын» болмайды, кез келген шифрлеу алгоритмнің тарихына қарасаң, жылдар өткен сайын оны шешушілер табылып отырады.
Мұныңыз енді жалпытеориялық мағлұмат қой, мамандар болса, әңгіменің бағыты — шифрленген видеокодектер, сериялық кілт туралы екенін бірден аңғарады деп ойлағам.
technosyndrom
Дәл өзі, бірақ кейіпкер ретінде емес, әңгіме таразасына баланс ретінде пікірші керек.
Шетелде, бізде деп бөлмей, осы проблемалар тап бүгін, тап бізбен және тап осы жерде болып жатқанын жеткізсем деген ой.
Сосын шынымен ұят екен, «Павел Сухоруковтың пікрінше» дей берген. Жаза-жаза одан да ұялады екенсің.
technosyndrom
Олар соноооу замандарда-ақ айтып тастаған екен бүге-шігесіне дейін.
technosyndrom
Керемет AL-ASTER , бірақ мынауыңды мен түсінермін, ал газетте бұл мақаланың танымдық сипатта жазылатынын ескерсеңіз. Сосын, бұл сұрақтарға жауап іздеп отырған жоқпын, маманның пікір керек, яғни «иә, себебі былай» немесе «жоқ, өйткені солай» деген төрт-бес сөйлемнен аспайтын тұжырым болса.
technosyndrom
Жауапты осы жерге жазсаңыздар да болады.
technosyndrom
Олар менің артымнан келген дүниелер)))