Жарияланымдар

Көп нәрсе аңғаруға болады.

Мен: Апай сайлауларыңыз қалай өтті.
Жәмила: (бұл кісі ауылдық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары болды) жақсы деді ғой әйтеуір аудан, бірақ Маратқа (ауылдық сайлау комиссиясының төрағасы) ұрысыпты ғой біраз.
Мен: не үшін?
Жәмила: енді ана орақ пен балға ұстағандарға дауысты біраз кобірек жіберу керек екен, біз оны білмеппіз, кішкене аздау болып қалыпты.
Мен: Содан?
Жәмила: ну енді өзіміз бірдеңе қылып дұрыстаймыз депті ғой.

(бала-шағаларының амандығы үшін кейіпкерлердің аты өзгертілді)
Әрі қарай

Баспасөзге жазылу 2012

Мұғалім: Бұдан кейін «сегізсу» газетіне жазылмаймын.
Кітапханашы: Неге апай?
Мұғалім: Таңертең от жаға қояйын десем, жанбайды, ана Гүлбикені қарашы ол «Аудан асуы» газетіне жазылған еді, оты сондай әдемі жанады, болды жазылмаймын енді бұл газетке.
Кітапханашы: Жоқ апай қателесесіз, «сегізсу» газеті откен жылы ең үздік тамыздық байқауында бірінші орынды жеңіп алған.
Мұғалім: Жок мен бәрібір «Аудан асуына» жазыламын.
Кітапханашы: Ой енді апай жоспар орындалмайды ғой.
Әрі қарай

Қытайлық вебмастердің сұхбаты

«Сен қазақ» деген сайтты ашқан Ақытбек және Қалиәкбар деген екі жігіт «Жас алаш» газетінің тілшісіне сұхбат беріпті. оқып отырып мынадай ойға қалады екенсің: күнініе жүз мың адам кіретін Қазақша сайт бар ма өзі? кейбір сөздері шындыққа жанаспайтындай екен. сонымен сілтемесін қоймай -ақ жариалай салдым осында.
Әрі қарай

Марқұм пионерлер ұйымы қайта оралды.

Бүгін яғыни 3-желтоқсан республика бойынша 20 мың, біздің облыс бойынша 2 мың, ал біздің аудан бойынша 60 бала «Жас ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдердің бірыңғай ұйымына мүшелікке қабылданды, бұл ұйымның 2-толқын қабылдануы, 1-толқынды Елбасының өзі қыркүйек айында Астана қаласындағы мектептердің бірінде қабылдаған еді.

Араларыңызда кезінде пионер болғандар білетін шығар, кезінде (Кеңес үкіметі тұсында) мектептерде осындай ұйым болған, ол кезде партия біреу, сол партияға балалрды қаршадайынан дайындау еді негізгі мақсаттың бірі, бастауыш сыныпта пионер боласың, орта метепте коммунистік жастар одағына мүше боласың, жұмысқа шыққанда партия мүшелігіне қабылданасың дегендей, демек осындай бір ғана партияның ізбасарларын дайындайтын ұйым бізгеде керек болғаны ғой қалай ойлайсыздар?
Әрі қарай

Әділетсіздік пе, жоқ әлде жөнсіз килігу ме?

Өткенде мектеп сайттары арасында облыстық байқау өтіп жатыр деп сіздерге қолқа салғаным естеріңізде болар, сол байқаудың қорытындысы бүгін шығыпты. Байқау шарты бойынша 1-кезең байқауға қатысатын сайттарды қабылдау кезеңі, қабылдандық. 2-кезең онлайн дауыс беру кезеңі 20 күнге созылған дауыс беру қорытындысы бойынша менің сайтым 4-орында тұрды,

3- кезеңге 11 сайтты өткізіпті ішінде менікі жоқ, ал бүгін орындарды бөліп қойыпты мынадай етіп:
«Жыл web-сайты» байқауының қорытындысы 2011 жылдың 18 қарашасы
Алматы облыстық білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталығында жалпы білім беретін орта мектептер, кәсіптік лицейлер мен колледждер арасындағы web сайттарын құру, дамыту және қамтамасыз ету мақсатында өткізілген «Жыл web-сайты» атты web — сайттар байқауы да өз мәресіне жетті. Байқау комиссиясының мүшелері байқаудың талап-міндеттеріне сай келетін, ең үздік жұмыстарын таңдап, І, ІІ және ІІІ орын жеңімпаздарын анықтады:
1 орын– Талдықорған қаласы, № 20 ДБАЛ –Карсаков С.А.;
2 орын – 1. Талғар қаласы, М.Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжі – Горбоконенко А.В.;
2. Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, №38 МГ – Турсунова Ш.А.;
3 орын – 1. Талдықорған қаласы, Талдықорған политехникалық колледжі – Топольский В.А.;
2. Ескелді ауданы, Қаратал ОМ ШО – Михов К.И…
Номинациялар:
«Ең көркем дизайн»- Қарасай ауданы, Каскелен гуманитарлық-техникалық колледжі- Дерешев В.К.
«Ең ақпаратты сайт»- Көксу ауданы, Балпық би кенті, Казақ ОМГ- Бишеева М.К.
«Ең интерактивті сайт»- Талдықорған қаласы, №12 ОМГ- Бухтоярова С.Н.

Бұл жөнінде аса құрметті ұйымдастырушыларының құзырына хат жолдадым, ләм-мим деген ешкім болмады. Бұл не көпе көрнеу әділетсіздік пе? жоқ әлде менің сайтым олар қойған шартқа сай келмей ме? әрине менікі мектеп туралы сайт емес жеке пән туралы, деседе ол да мектеп сайтына жатады емес пе? оның үстіне шартқа сай келмесе басында неге қабылдады екен. толығырақ: aocnit.kz/
Әрі қарай

"Қазақ интернеті дамып келеді"

«Қазақ интернеті дамып келеді, қазақша жаңа сайттар ашылып жатыр» деп сұхбат беріп отыр екенмін, облыстық телеарнаның тілшісіне. Әрине бұл түсім ғой.

2009 жылы алғаш ұстаздық жұмысты бастаған кезімде, мұғалімдер жинауға тиісті том-том қағаздарды жинаудан жалығып, интернетті ақтарып қазақша материал іздегенім бар еді, мақсат дайын сабақ жоспарлары және биология пәнініе қатысты қосымша материалдар табу болатын, ол кезде (ол кезде деймін –ау, қазірде солай) нақты ғылымдарға арналған қазақша материалдар өте аз еді ғой. Бар болсада бір жерге басы қосылмаған еді, осы олқылықтың аяғын аспаннан келтіруді мақсат етіп, гугылға былай деп жазатынды шығардым «создат сайт» сонымен не керек бір айдың ішінде тегін конструкторлардың ішінен ең оңтайлысын тауып, биология ұстаздарына арналған бір сайтты жасап шықтым, www.biologia.my1.ru әрі бұл барыс ойлағанымнан әлдеқайда тез болды.
«Бұл недеген батпан құйрық, айдалада жатқан құйрық» деп бөрігімді аспанға атып мәз болып жүргенімде ақырындап тегін сайтымның кемшіліктері көріне бастады. Күндер өткен сайын өз сайтымнан жери бастадым, тіпті айлап кірмей кеткен кезім де болды, есіл-дертім жеке доменмен KZ сайт жасау, оның да жолдарын үйрендім.
Сонымен көптен күткен биология ұстаздарына арналған KZ сайт дүниеге келді, www.bioustaz.kz бұл сайттың жарыққа шығуына көмектескен жігіт те осы жерде, өз арамызда. Сайт әзірге толығу, кемелдену үстінде сайттың құрылымы, дизайын жөнінде өз пікірлеріңізді білдіре отырсаңыздар дегенім ғой, bioustaz.kz деген сөзге лого жасап берем дейтін Атымтайлар болса тіптен қатып кетер еді.
Әрі қарай

"Халықтың дауысы" біздің ауылда

— Әлгі сендерге берген анкеталарды толтырып болдыңдар ма? — деді ауыл әкімінің орынбасары, орта жастағы әйел.
— Йә, йә толтырып жатырмыз, бірақ әлі бітпеді-ау деймін.-деп күмілжи жауап берді біздің директор.
— Ой енді сендерге 300 дейін ғана бердік қой, бізге қарашы 1000 анкета толтыруымыз керек-деді дауысын қатаңдатып.
— Жарайды, жарайды толтырамыз ғой.
-Панаделникке дейін бітіріңдер давай, тездетіңдер енді мен сол күні ауданға өткіземін, енді тез-тез жазып беріп құтылайық та-деп сөзінің соңын жұмсартты.
Бұл директор екеуіміздің ауылдық әкімшілікке бір жұмыспен кірген кездегі болған диалогтар еді.
келесі күні бізде харбалас басталды, «НұрОтанның» ауыл халқына деп жіберген сауалнамаларын, яғыни ұсыныс жазатын парақшаларын әр мұғалім 15 тен бөліп алып ысқырттық, ұсыныс дегенді қарша бораттық.Енді не істейсің ауыл адамдарына барып ұсыныс жазыңыз десең еститінің; «Е тағы сайлау ма?» немесе «Ойбой өзің жаза салшы, бәрібір іске аспайды ғой» деген сияқты сөздер.
Бұл күнде «Жаңалықтардан» бір айтылмай қоймайтын «Халықтың дауысы» акциясының ауылдағы көрінісі.
Әрі қарай

"Мектеп сайты 2011" немесе Көмек керек ағайын !!!


Облысымызда жыл сайын «мектеп сайты 2011» байқауы өткізіліп тұрады, менде бұл сайысқа өзімнің пәнге арналған сайтымды қатыстырған едім, www.biologia.my1.ru Cайыстың бірінші кезеңі онлайн дауыс беру арқылы өтеді де көп дауыс жинаған сайттар екінші кезеңге өтеді, яғный байқауға қатысқан барлық мектеп өздеріне дауыс жинаудың әдістерін қарастыра бастайды. Менде сіздерге осы жағынан қолқа салғым келіп тұр. Дауыс беру үшін мына жерге өтіп тізімнің ең басында тұрған «Орталау мектебі» мемлекеттік мекемесі (Коксуский район) — htp://www.biologia.my1.ru дегенге дауыс берсеңіздер.
Алдын-ала көп-көп рахмет вирдтағы ағайын!!!
Әрі қарай

Елім-айлап өткен 10 жыл....

Посттың тақырыбы шындыққа жанаспайды, жәй жарнама ғой, Хасан Оралтайдың «Елім-айлап өткен өмір» атты кітабінің аты есіме түскені.
Айтайын дегенім бүгін менің Қазақ топырағына аяқ басқаныма тура 10 жыл толыпты. Әлі есімде сол бір кез… қорғас шегарасының іркілдеген семіз қызметкері бізді өткізбей ақша сұрағаны, одан әупірімдеп өткен соң енді кедергі жоқ шығар деп жүре бергенімізде, алдымызды солдаттар кесті. Беті күнге күйіп мейлінше қарайған екі солдат автобусқа кіріп келіп 500 ден жинағаны бар еді. Атамекенге деген алып ұшқан сезім су сепкендей басылып, көңіліміз түсіп-ақ кеткен еді сонда. Е содан бері жақсылығында көрдік қиындығын да бастан кештік.
Біз алғаш келгенде қандай еді Алматы.
1. үйдің бағасы арзан. 3000-10000 аралығында пәтерлер.
2. Қала тым жұтаң еді.
3. Ақша құнды еді.
4. Оралмандар аз, қадыры бар еді.
Есіме түскендері осы қазірше, Тәуелсіз қазақ мемлекетінің барына мыңда бір шүкір!!!
Әрі қарай