Жарияланымдар

Тонки атты піл

1924 жылдың жазы. Жапонияға Индиядан кемемен пілдің кішкентай баласы әкелінді, жасы 8-де, аты Тонки. Уэно зоопаркында жұмыс істейтін Шинничи-сан Тонкиды қарсы алу үшін келді: «Тонки, танысқаныма қуаныштымын». Сол түні Тонкидің зоопарке түнеген алғашқы ті еді. Келесі күні таңертен Шинничи-сан «Қайырлы тан, Тонки!»- деді. Шинничи-сан Тонкиға түрлі трюктер үйретті. Шинничи-сан тұр десе, Тонки тұрады, сөйтіп ол оған банан береді. Шинничи-сан отыр десе, Тонки отырады, сөйтіп оған тағы да картоп береді. Тонки тағы да түрлі трюктерді тез үйреніп алды.
1925 жылдың көктемі. Зоопаркке кішкентай балалар көп келіп, Тонки оларға өнерін көрсетеді. «Кандай алғыр! Қандай ақылды!»-деп балалар Тонкиды да, оның өнерін де қатты ұнатады. Тонки да Шинничи-сан мен жапон балаларын қатты жақсы көреді.
1940 жылдың қысы. Өте суық қыс болды. Тонки аяғын ауыртып алды, сол себепті ешнәрсе ішіп-жемейді. Шинничи-сан дәрігерді шақыртты, ол Тонкидың аяғына дәрі еккісі келді. Бірақ ине Тонкидың қалың терісінен өте алмай қойды. Сөйтіп дәрігер басқа амалын таба алмай қайтып кетті. Шинничи-сан Тонкидың жарасына мұз басып, денесін көрпемен жапты. Сол түні Шинничи-сан Тонкидың қасында болды. Өте суық түн болғандықтан, Шинничи-сан ауырып қалды. Келесі күні Шинничи-санның бөлмесіне зоопарк бастығы келіп, оның ауырып қалғанын көреді. «Онда сіз мынаны жеңіз. Бұл денеге өте пайдалы»,-деп оған құрма береді. Сөйтіп Шинничи-сан құрманы көп сатып алып, оның шырынын жасап, Тонкиға да береді. Тонки шырынның бәрін қалдырмай ішіп қояды, Шинничи-сан қатты қуанады. Осыдан бері Тонки құрманың шырынын күнде-күнде ішіп, адамдарды түрлі жаңа трюктерімен көңілдерін көтеріп отырған екен.
1941 жылдың көктемі. Гүлдер өте әдемі болып гүлдеді. Тонкидың аяғы жазылды, ол Шинничи-санды онан әрмен қатты жақсы көріп кетті.
1941 жыл 8 желтоқсан, таңертен. Ауа райы өте суық. Зоопарктың барлық жұмысшылары газет оқып, радиодан жаңалық тыңдап отыр. Жапония Америкаға қарсы соғыс ашпақ деген хабар келеді.
1942 жылдың қысы. Зоопаркке көптеген әкелер балаларын ертіп келеді. Олар соғысқа кетер алдында балаларымен бірге уақыт өткізбек. Әкелері Тонкидың қасында тұрған балаларын фотоға түсіріп жатты.
1943 жылдың көктемі. Соғыс кезінде көптеген әкелер шайқаста қайтыс болды. Бір күні әкесіз
қалған балаларға хат келеді. «Сәуірдің үші күні зоопаркке келіңіздер!»-деп жазылған. Балалар хатты оқып, сәуірдің төрті 400-ге жуық бала зоопаркке келді. Балалар Тонкидың үстіне мініп, «Қандай биік! Қандай үлкен!»-деп қатты шаттанады. Зоопарк бастығы да, Шинничи-сан да, Тонки да қатты қуанады.
1943 жылдың жазы. Зоопаркке Токиодан адамдар келіп «Үлкен жануарлардың барлығын өлтіріңіз!»-дейді. «Аа? Неліктен?»-деген сұраққа «Американың ұшақтары қала үстіне бомба тастамақшы. Зоопарктың үстіне де бомба түсуі мүмкін. Арыстан, жолбарыс сиқты жануарлар сыртқа шығып кетуі мүмкін. Өте қауіпті»,-дейді олар. Зоопарк басшысы «Түсіндім»,-дейді. Сонда Шинничи-сан: «Тонкиды да өлтіру керек па?»-деп бастықтан сұрайды. «Біз бұны істеуге мәжбүрміз»,-деп ол жауап береді. Шинничи-сан да, басқа жұмысшылар да айтарға сөз таппайды. Жұмысшылар жануарлардың тамағына у салады, сөйтіп арыстан да, жолбарыс та өліп қалады. Барлығы жабыраңқы көңіл күйде.
Келесі кезек Тонкидың кезегі. Шинничи-сан Тонкидың сүйсініп жейтін картобына у салып береді, «Тонки, кешірші»,-дейді. Тонки картопты көріп жемейді. Оларды мұрнымен теріп алып Шинничи-санға лақтыра береді. Шинничи-сан оған картопты берсе, ол қайтадан лақтырып тастайды. Тонки уланған картопты жемей қояды.
Токионың адамдары қайта келіп Тонкиды көреді. «Тезірек өлтіріңдер!»-деп бұйырады. Зоопарк жұмысшылары қиын жағдайда қалып қалды. Піл — өте ақылды жануар, ол тамақта у барын түсініп қойды. Сол себепті Шинничи-сан тамыздың 20-сынан бастап Тонкиға тамақ бермей қояды. Тонки қатты қарны ашып, түрлі өнерін, трюктер көрсете бастайды. Бірақ оған ешкім тамақ бермейді.
1943 жылдың күзі қыркүйектің 23-і. Сол күні Шинничи-сан Тонки тұрған жерге келеді. Тонки оны көре сала тамақ сұрап түрлі трюктер көрсете бастайды. Шинничи-сан Тонкидың көздерінің өте қайғылы екенін көреді. Тонки қоймай тағы да өнерін көрсетеді. «Кешір, Тонки....» Тонки жерге құлап қалады, енді ол ешқашан орнынан тұрмайды. Қыркүйектің жиырма үші күні түнде сағат екіден қырық екі минут кеткенде 27 жасқа жеткен Тонки өліп қалады.
1945 жылдың жазы. Өте ыстық жаз еді. Тамыздың 15-інде Жапония соғыста жеңіліс тапты.
Аударған: 2 курс студенті Іңкәр
Әрі қарай

Момо Таро

Ерте бір заманда ата мен апа өмір сүріпті. Ата күнде тауға ағаш бұтақтарын жинау үшін кетеді екен… Ал әже өзенге кір жууға барады. Бір күні әже кір жуып жатқанда өзен бойымен өте үлкен шабдалы ағып келеді. Әже қатты таңғалып, «мынау өте үлкен шабдалы ғой! Мұны үйге апарып атамен бірге жейік»,-деп шабдалыны алып қайтады. Кеш болғанда ата таудан оралады. «Атасы, мынаны қарашы. Үлкен шабдалы»,-дейді әже. «Иә, шынында үлкен екен»,-деді ата. Ол қатты қуанып кетеді. «Атасы, мынаны бірге жейік»,-деп әже шабдалыны кеседі. Шабдалының ішінен сүйкімді бала шығады. Ата мен әже таңғалып қалады. «Ой, бала шықты ғой! Денелі, сау бала екен!» Екеуінде бала болмағандықтан, қатты қуанып кетеді. «Мына бала шабдалының ішінен шыққандықтан ата Момо Таро болсын»,-дейді ата. Сөйтіп, Момо Таро әже мен атаның баласы болады. Ол тамақты көп жеп, үлкен, күшті болып өседі.
Сол кезде Момо Тароның ауылына жаман мыстандар келіп, адамдардың бүкіл ақшасы мен бағалы заттарын алып кетеді. Ауыл адамдары өте ыңғайсыз жағдайда қалып қалады. Сол мыстандар Онигашима аралында өмір сүреді екен. Бір күні Таро атасы мен әжесіне «Мен әлдеқашан кішкентай бала емеспін. Мен Онигашимаға барып мыстандармен күресіп, ұрланған заттарды қайтарып келемін»,-дейді. «Бұл өте қауіпті ғой, қой»,- дейді атасы мен әжесі. «Бәрі де жақсы болады»,-деп Таро өз айтқанынан қайтпады. Сөйтіп атасы мен әжесі оны жібереді. Әжесі шелпек пісірді, ал атасы «Ниппоничи» деген жазуы бар жалау жасап берді. Таро оларға рахметін айтып, жолға шықты.
Кішкене жаяу жүргеннен кейін алдынан үріп ит жүгіріп шықты. «Момо Таро-сан, мынау не нәрсе?»- деп, ол шелпекке көрсетті. «Бұл – өте тәтті шелпек»,-деді Таро. «Онда мағанда біреуін бересіз бе?», «Иә, әрине»,-деп Таро итке шелпегін береді. «Мен қазір Онигашимаға бара жатырмын. Мыстандармен шайқасамын»,-деді Таро. «Онда мен де сенімен бірге барамын»,-деп ит, Момо Тароға қосылды. Жолда Таро ит сияқты маймыл мен қырғауылды кездестіріп, олармен бірге сапарын жалғастырады. Сөйтіп олар теңізге келеді. Онигашимаға жету үшін қайыққа мініп, теңізді өту керек. Қайықта отырғанда қырғауыл аралды көріп қояды.
Таро мен достары аралға жеткенде мыстандар саке (жапон арағы) ішіп, өлең айтып, кейбіреулері ұйықтап жатыр екен. Таро мыстандарды көре салып «Мен Момо Таромын. Жапониядағы ең мықты баламын!»,-деп, катанасын шығарып, мыстандармен шайқасты бастады. Ит те мыстандарды тістелеп, маймыл тырнап, қырғауыл шұқып, бәрі бірге күресті. «Ауырып тұр, ауырып тұр»,-деп мыстандар жылады. Олардың күресетін әлдері қалмады. Мыстандар «Біз енді жаман болмаймыз! Ауыл адамдарының заттарының бәрін қайтарып береміз»,-деді. Таро, ит, маймыл мен қырғауыл барлық заттарды алып ауылдарына қайтып келеді.Ауыл тұрғындары, атасы мен әжесі барлығы қатты қуанады. Олар осыдан бері Момо Таромен қуанышты да ұзақ өмір сүріпті.
Аударған: Іңкәр
Әрі қарай

Иккюсан туралы ертегі

Ошеусанның досы
Анкокужидағы Ошеусанның үйіне анда-санда Нихее деген досы көңіл көтеру үшін келіп тұрады. Ошеусанның досы үлкен дукеннің иесі. Екеуі «го» дегенді ойнайтын. «Го» бұл қара тас пен ақ тасты қолданатын, қиын әрі қызықты ойын. Екеуі «Го»ны алғашқыда көп уақыт ойнайтын, түнде кеш аяқтайтын. Нихее сан Ошеусанның маңызды достарының ішінен қонақ болып келіп отырған соң, жас Обоусандар анда-санда шай мен тәттілерді алып келуге міндетті болатын. Нихее сан «Го» ойнауға келген уақытта, жас Обоусандардың ұйқысы келседе, ұйықтай алмай, ыңғайсызданатын.
Бір күні Нихее сан храмға келсе, храмның қашарының алдында үлкен қағаз тұр екен. Нихее сан көріп «мынау не»,-деп, оқыса қағазда: жануардың терісін киген дамдар храмның ішіне кіре алмайды»,-деп тұр екен. Нихее сан бұны оқып, бұны жазған адам Иккюсан екенін бірден біледі. Нихее сан жануар терісінен тігілген кеудешені киіп жүретін. Буддизімде жануарды өлтіруге, терісін қолдануға болмайтын. Және сонымен қатар нихее сан жауанар терісінен тігілген кеужешені киген болатын. Нихее сан қағазды көріп, кішкене ойланып қалды, дегенмен храмның ішіне кірді. Ошеусанның бөлмесінің алдында Иккюсан тұр екен.
— Нихее сама храмның сыртындағы қағазды көрмедіңіз бе?
— Аа көрдім Иккю, сенің жазғаның ғой
— Нихее сама, Нихее сама әрдайым жануардың терісінен тігілген кеудеше киесіз ғой, ал жануардың терісін киіп храмға кіруге болмайды, қайтыныз,-дейді иккюсан.
Нихее сан жымиып күліп «Жануардың терісі болмайды дейсіз, бірақ барабан бар ғой, барабанда жануар терісін пайдаланады»,-дейді. Ақылды Иккюсан ештеме айтпады. «ойланатындай, иә» деп Нихее сан күліп жіберді. Нихее санның сөзін тыңдап жас бала жымиып күлді де, «Барабанды күніне екі реттен таяқпен ұрып тұрамыз. Яғни жануардың терісі болғандықтан, таңертең және кешке таяқпен ұрып тұрамыз ғой. Солай Нихеесан кешке храмға келген уақытта осы таяқпен ұрайық» дейді. Нихее сан «А… солай ма, мен осыдан кейін түн батпай тез қайтатын боламын» дейді. Содан кейін Нихее сан храмға келіп «Го»ны ойнап, кеш батпай тұрып кететін болды.
Әрі қарай

Жапон ертегісі

Тәтті дәрі
1394 жылы Киото да бір ұл бала дүниеге келді. Ол ұл баланың аты- Иккюсан. Иккюсан алты жасында храмға баратын. Храм ол Обоусандар өмір сүретін орын. Обоусандар Буддизм уйрететін адамды айтады. Иккюсан атақты Обоусандардан буддизмді оқып, уйреніп, түсініп алып, өзі Обоусан атанды. Иккюсан кішкентайынан өте ақылды бала болған. Ересек адамдар жауап бере алмайтын қиын сұрақтарға бірден жауап бере алатын. Көп, қызықты әңгімелер айтатын. Иккюсан қандай жұмыс істеседе, уағыз айтып жүретін.
Иккюсан бала кезінде Анкокужида оқыған. Храмда Обоусан мен Ошеусан деген ұғым бар. Ошеусан деген Обоусандардың мұғалімі. Бір күні иккюсан Обоусанның бөлмесінің алдында, бөлменің ішінен ақырын шығып тұрған бір дауысты естиді. Сөйтсе, Ошеусан бірнарсе жеп отыр екен. Иккюсан: «не жеп отырсыз?» деп сұрағанда, Иккюсанды көріп, шошып кетті.
— Бұ Бұ Бұл дә дәрі ғой. Мен ата болған соң аяғым ауырады…
— Е, аяқтың дәрісі ма, мағанда сол дәріні беріңізші, менінде аяғым ауырады.
— Е, олай болмайды бұл аталардың дәрісі, жас балалалар жесе өліп кетеді, — деді. Сосын дәріні орнынан яғни столдың астына қойды.
— Өкінішті, мен өлгім келмейді, — депайтып, Иккюсан Ошеусанның бөлмесінен кетіп қалғанда, Ошеусан күлді.
Ушінші күні Ошеусан көрші қалаға кетті. Ал Храмда жас Обоусандар қалып, оны тазалап жатты. Бір кезде Ошеусанның бөлмесінен «Гочян» деген қатты дауыс естілді. Артынан «ваа» деген дауыс. Бәріміз шошып, Ошеусанның бөлмесіне бардық. Сол жерде тазалап жүрген Жеукенсаның беті қызыл болып кеттіпті. Жеукенсанан бәрі не болғанын сұрағанда: «өкінішті, мынаны қараңдар, мен Ошеусанның ыдысын сындырып алдым»,-деп айтып жылап қалды. «Бұл өкінішті, қиын болды, қиын болды, бұл Ошеусанның қымбат ыдысы еді»,-деп өзі де ұялып тұрғанға басып айтқандай болды. Иккюсан ғана күлді.
Сендер, уайымдамаңдар, бәрі дұрыс бәріміз бірге, мынаны жейміз сөйтіп, иккюсан столдың астындағы дәріні алды. Бәрі мынау не екенін сұрады. «Бұл Ошеусанның аяғының дәрісі, біздің аяғымыз ауырмайтын болады»,-деп, Икююсан дәріні ауызына садды. «Тәтті ма? менде жеймін, менде жеймін деп, жас обоусандар дәіріні жеп жатты. Ал Жеукенсан «бұл дәрі емес, тәтті нан»,- деді. Қалғандары да «иа бұл тәтті нан»,- деді. Обоуандар дәмді нәрсе тұрмақ, тәтті нәрсені аса жемейтін. Бірақ бұны «дәмді, дәмді, тәтті, тәтті» деп обоусандар орынында тұрған барлық тәттіні жеп қойды.
Содан Жеукен сан Ошеусанның келгенін айтты. «Ошеусан болса, жағдайымыз қиын» деп, Сол кезде «бәріміз жылайық», -деді Иккюсан. Бәрі жылап жатты «вааа, ееен»
Ошеусан қорқып кетіп, не болғандарын сұрады. Сол кезде Иккюсан: Ошеусан кешірініз! Ошеусанның бөлмесін тазалап жатқанда, сізге қымбат ыдысынызды сындырып алдық. Қатты өкіндік. Содан кейін өлейік деп ойлап, мына дәріні іштік. Бірақ өлмедік көп жедік, бірақ өлмедік, бәрін жедік, бәрі бір өлмедік, кешірініз, кешірініз. Өшеусан ештеме айта алмай қалды.
Аударған: Жапонтанушы 2 курс студенті А.С.
Әрі қарай