Жарияланымдар

Ешкі жетектеген он тоғыз

Сайтымыздың белді мүшесі qisyq -тың «Ашық хатына» ақталу

Мүштәр Мақановтар өзі бойкүйез бәле боп жабысты: саясатта жолы болмаса — тілге қайтып келе салатын боп алыпты.
Арызқой амиго асқан байқампаздықты талап ете бермейтін әдіспен, сайттағы кейбір әрекеттерімнің шетінен тартып-тартып, Болат ағайдың сүйікті ісі — жеке басқа табынушылықты дәріптеуге балап қойыпты.
Дәл сол уақытта, посттарымның көзге күйік болып алдыңғы бетке шығып кетуінде қарапайым ғана
Әрі қарай

Марк та мәңгүрт екен...

Кеше қаззақтардың «Ар-намыс, көтеріңкі көкірек» қоғамдық қозғалысының тапсырысымен жасалған зерттеуімді аяқтадым.
Тапсырма бойынша өткен жылы Facebook желісіне тіркеліп, оның қожайыны Марк Цукербергтің ар-ожданын, намысын, іскерлік репутациясын қаралайтын, балағаттайтын, аяққа таптайтын жазбаларды қазақ тілінде орнатып жүрдім. Жұмыс аясында барлығы 571 жазба жазыппын, оның барлығы дерлік Марк Цукербергтің өзін, шешесін, әкесін, отанын, достарын ғайбаттауға
Әрі қарай

Старт-ап іздеп жүргендерге!!!

Ия, ия: менің жобаларымды біреу қолдайд деп тіпті де үміттеніп отырған жоқпын. Бұ қу мекиеннен Силикон Алқабындағыдай инвестролардан гөрі, силикон емшекті қатындар көбірек кездесетін шығар.
Бірақ, епті, осы бірақ деген құртады ғой, — кім біліпТ? Қарап тұрсақ, кезінде Твиттер де
Әрі қарай

Ганс Мұсылман Андерсен. "Эксперимент".

Еее нақтың, мына қу дүнияның пәтуасы қашан болып еді өзі?

Баяғы өткен заманда, дін христиан аманда, қазақта иман болғанда, туалетте құман болғанда Қ. Жұбанов Университетінің психология профессоры эксперимент жүргізіпТ. Тақтаға біреудің суретін іліп қойып, топтың жартысын кіргізіп алып, айтыпТ:
Әрі қарай

Мамандығым - ...

«Мамамның мамандығы да папамның мамасындай, тфьуй — мамандығындай» © Дәрігерлер отбасынан шыққан бозбаланың сұқбатынан.

Пафосты сипатсыз дәл қазіргі қызмет[тер]іңізді жәй жаза салыңдар. Мысалы — «Мұғалім, арасында вагон түсірем».
Әрі қарай

Қайыпомар Рәдішев. "Ауылдан Астанаға саяхат" - Акт #2. Стинг. (үйрек қалпында)

«Мағынасыз, даңғаза жиындар мен конференцияларды доғарыңдар!». © ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев

(Жалғасы. Басы — Қайыпомар Рәдішев. «Ауылдан Астанаға саяхат» — Акт #1. Министрліктер Үйі)

— Ана Леон-киллердегі кісі бар емес пе?

— Жан Рено ма?

— Жоқ лібә, әнебір ше?

-Қайсы?
Әрі қарай

Қайыпомар Рәдішев. "Ауылдан Астанаға саяхат" - Акт #1. Министрліктер Үйі

(ҮЙРЕК ҚАЛПЫНДА)
«Мемлекеттік аппарат азая ма десем, тіпті үш-төрт есеге көбейіп бара жатыр!.. Қағазды аударыстырып отырып, қыруар жалақы алатын қызметкерлерді босатыңдар!». © ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев.
Министріктер Үйі
Қазақтардың астанасы Астанаға ертеде кетіп қалған бөтелкелес достарыммен қауышып жатырмын. Әңгімелері екі есекке және бір KILYZAMAN -ға жүк болады десем, артық болмас. Жұтынып-жұтынып тыңдайсың: бастан кешкен қызықтары мен аяғымен кешкен шыжықтары таусылмайды. Әңгімелерін адами тілге бұрмалап әкеліп, жариялап тұруды шештім. Оригинал тілінде енді өздерің білесіңдер — жүк көтеруші, сантехник болған жігіттің аузынан шыққанын солаймен сала салса ұят болар.

— Ал Қайып-Кәйіп, баста. Бірден айтайын: сен оқымаған адамсың, іштіп-тышудан қолың
Әрі қарай

Жаңалықтар - Мазари Шариф қаласында 22 жасар Сара Гүл дүниеге 6 бала әкелді!

2012 жылдың 25 қаңтары, Ауғанстан.Ру хабарлайды.


(Сурет копирайты: Photographer: Alejandro Acosta Copyright/Source: AFP/Getty Images. An Afghan woman has given birth to sextuplets. Publish Date: Tue, 2012-01-24 12:57)

Осы аптада Ауғанстанның Балқы аймағының әкімшілік орталығы Мазари Шариф қаласының госпиталінде 22 жасар Сара Гүл есімді келіншек үш ұл, үш қыз дүниеге әкелді («алтам»???). Бұл оның үстіне — алғашқы босануы екен.
Балалардың халі бірқалыпты, бірақ салмақ қалыпты деуден аз, әрқайсысы орташа есеппен — 700
Әрі қарай

Жаңалықтар - Исаның ... Сергей Кулагинге көрінуі

2012, 26 ақпан, сағат TSE-21:58. Tengrinews.kz хабарлайды. Сурет копирайты — mk.ru
Copyright - mk.ru

Рудный қаласындағы жаңа Кафедралды Собордың төбесі көмкерілген фрескадағы бұрынғы Қостанай облысының әкімі, қазіргі сенатор Сергей Кулагиннің суретінің діни тұрғыдан еш сөлекеттігі жоқ дейді Қостанай және Рудный Епископы Анатолий әкей. «Иконаларда Иса амиго мен оның сақабалары
Әрі қарай