Жарияланымдар

Мен жек көремін...

мен үнемі тыныш отыра алмаймын… сол үшін, біреу көмек сұраса дымым қалмай көмектесіп, лақтырып кеткенде жылап алам… сол үшін, бүгін мынаны істеймін, міндетті түрде бітіремін деп кейін өзіме неше түрлі сылтау айтып, бітірмеймін сол жүмысты… сол үшін, мамама звондап қал жағдайын білемін, бірақ ұрысып қалмауға тырысамын деп уәде беремін, звондаймын, бірақ ұрысып қалам… сол үшін, күйеуім футболға кетіп бара жатса ашуланбауға тырысамын деймін, бірақ бір бұрқылдап аламын… сол үшін, сіңілдерім тамақты дәмді жасамаса үндемей жей салмаймын, міндетті түрде сөйлеймін… сол үшін, ауылдың адамдарын көрсем шамалы болса да жақын тартуға тырысамын деп ойлаймын, бірақ оларды көргенде бөренедей қатып қаламын… сол үшін, демалыс күндері ертерек тұрып, тіршілігімді жасаймын деймін, бірақ 12 — 1ге дейін жатып ұйықтаймын… сол үшін, қазір «керекке» кіремін де, ешнәрсе айтпастан қайта шығып кетемін деймін, үнемі тыныш отыра алмайтын адам тағы да біреуге жаман сөздер айтамын… сол үшін мен өзімді жек көремін, сіздер секілді мен де өзіме delete басқым келеді… кешірім өтінемін, өз-өзіммен күресіп келемін, әлсіз екенмін, тым әлсіз екенмін… мазаларыңызды алмаймын енді
Әрі қарай

100 литр айран...

«Айран» деп негізі біз жақта күбіге құйып пісетін сусынды айтады, Астанаға келгеннен бері «айран»деп біздің "қатықты" айтатын болдық. ал, менің айтайын деп отырғаным сол "қатық" туралы.
Бір күні мамам біздің 50градус ыстықта шауып жүретінімізге шектеу қойып, түстен кейін ұйықтатып, сыртымыздан есікті жауып кететінді шығарды. Жапқанда қалай, енді құлып салмайды, есіктің сыртқы бетіне қағылған үлкен шегені қайырып кетеді. Ол шеге бізге проблема болып па?! мамам жоқта үйге ұзындығы 1,5-2 метрдей болып қалатын таяқты тауып алып, киіздің астына тығып қойдық(кейін сол таяқ үнемі сол киіздің астында жата беретін болды, на всякий случайға) сосын мамам бізді аңдып, терезеден қарауды ұмытты аааау деген кезде, есікті ырғап-ырғап, таяқ сиятындай етіп ашып аламыз да, шегені итеріп, есікті ашамыз. сол күйінде есікті қайтадан жауып кетеміз. өйткені, үйде ініміз бар ғой. ол оянып кетіп, мамаға барып қойса, біздің шаруамыз бітті деген сөз…
Әрі қарай

Балалық шақтан естелік...

бала кезімде қолды аяққа тұрмайтын тентек едім (қазірде алысқа кеткен жоқ сияқтымын) әпкем екеуіміздің арамыз 1,5 жыл. қосылып алып, егістікті аралап(күріштікті)мал қуып, сосын жұрттың қауын,қарбызын ұрлап, полевойстанда тұратын басқа да күрішшілердің балаларымен( көбінесе ұлдар) балыққа баратынбыз. таң атқаннан кеш батқанға дейін, Құдай айдағандай далада жүретінбіз.
Әрі қарай

ауылды сағындым...

таңертең ерте тұрып мамаммен бірге сиыр саууға шығып, бұзаудың бас жібін тартып тұратын уақытымды… таңғы сағат 4те тұрып, трактордың үстіне ұйқылы ояу мыж-мыж болып әрең мініп, жердің басына барып күн шықпайынша пішен оруды… пішеннің арасына салған араның ұясын бұзып алып, тұра қашатын уақытты… картоп қазып, сәбіз жұлатын күзді… сабақтан келгенде қырғауылдың етінен палау басып қоятын мамамды… 50 градус ыстықта сағат 5те далаға саумырын қойып, 5тің шәйін ішуді… масаға таланып тұрып, сиырға түтіндік салғанды, сосын аяқ қолыңның бәрін маса шақса да, оттың қасынан кетпей сүтті тасытып алмай пісіріп алуды… менен басқа ешкім осы төсекті салмайды ма деп күңкілдеп масахана құруды… бәрін ұмытып, кластастарыңмен көшеге шығып, кейбіреулерін меншікті ысқырықпен үйінен шығарып алуды… сағат 3ке дейін қыдырып келіп, таңертең сағат 4те әкең оятқан кезде опять мыж-мыж болып, ұйқы қанбағаннан басың қазандай болып, шөпке кетуді сағындым… Руслан, Қабан, Ерлан, Көшербаева Гүлнәр, Ақылқалта, Шальной сендерді де қатты сағындым...
Әрі қарай

Сағыз шайнаудың пайдасы

Сағыз шайнау пайдалы жаттығу. Ол адамның ауыз қуысындағы бұлшық еттердің тынымсыз қозғалысын тудырады. Сағыз шайнау барысында сілекей көп бөлінеді және ол 300 %-ға күшейе түседі. Ол асқазандағы бактерияларды жоюға таптырмас дәрмек.

Одан қала берді, тілдің де таза болуы үшін керемет пайдалы. Сағызды тамақтанып болғаннан соң шайнау, асқазанға жаңа түскен астың оңай және тез қорытылуына көмектеседі.
Әрі қарай