Жарияланымдар

4 жылдық үзіліс...

хабарсыз кеткеніне қарағанда шетелге қашып кеткен-ау деп ойладым. Шенген алған еді. Бірақ, үлгермепті. шақырып алып, сол жерде-ақ қолын қайырып, темір тордың ар жағына лақтырыпты. 2-3 апта қорқытып,қысым жасап, соңында Кеннедидің өлімін де, Шымкент сырасы патшасының да қылмысында мойнына алуға дайын болғанын айтып, тезірек істі сотқа жіберуді сұрапты. сұрамапты, жалыныпты… Олар істі қарағанша том-том кітаптар оқып, руының тарихына көз жүгіртіп, Есенберлинді таныпты, Бауыржан Момышұлының естеліктеріне көз жүгіртіпті, қазақ әдебиетінің де қызықты екеніне таң қалыпты. Кіші жүз екен, енді білдім) Өмірдегі ең үлкен бақыт әйелін кешке жұмыстан келіп құшақтау, балаларын сүю екеніне көзі жетіпті. Сақалдылармен мемлекет неге жауласып жатқанын енді түсініпті, себебі камерада 92 жылғы салаф отырыпты. Миындағы «дін» деген құрттың түбіне жетпей қоймайтынын білсе де, соқыр сенімнен ешкімнің құтқара алмайтынын мақтана айтқанын көріп, олардан құтылудың амалы жоқ екенін айтып қынжылды. аяды әлгі жігітті… түрмеден тірі шықпайтынын да біледі. Бірақ Түркияға кетсе, жұмақ басталатынына сенімді екен дейді. 4 ай абақты мұншама тамыры орыс болып кеткен адамның санасын 180 градусқа бұрағанына таң қалдым. Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан деген осы жігітке айтылғандай… тендерді жабу үшін әкімнің қалтасына басқан ақшаны өз мойнына алып, сотталып кетті. әкім жәй ғана жұмыстан кетті, бірақ бизнесі мен жеке жерлері бар губернатордың мұртын балта шаппайды. ал, ол 4 жыл бойы параның азабын тартады… #өкініш #тупаясистема #көзжұмақарау #аузықисықтарзаманы #Қазақстан
Әрі қарай

Қызықты деректер

Сәлем! Ғаламтордан орыс тілінде алып, қазақшаға аударған мәліметтерім))) керек болып қалар  Блог - salta: Қызықты деректер

Мысықтарға тесіктерден еш кедергісіз өту өтпеуін анықтауға мұрттары көмектеседі.

Атақты Бред Питтің ең алғашқы жұмысы тауық костюмін киіп билеу болды. Ол Эль Полло Локо мейрамханасына келуішілердің санын көбейту үшін көшеде биледі.

Антон Чехов өлер алдында Шие бақшасы шығармасын өзі жазбағанын, ол досы Василий Дряновтың шығармасы екенін мойындады. Өйткені, кітапты танымал адамның атымен шығару пайдалырақ болды.

Акулада торсылдақ жоқ, сондықтан олар суға батып кетпеуі үшін үнемі қозғалыста болады.

Антарктика ресми түрде мемлекет емес, ол тек ғылыми қорық.
Әрі қарай

Көмек керек еді

Маңғыстау жерімен байланысты аңыздар мен тарихи деректер қажет еді. Ел аузында жүрген аңыздардың түрлі версиялары мен қызықты оқиғалар жинап жатыр едік. Халқым, көмектесіңіздерші. Бекет ата туралы және тағы да басқа 362 әулиенің тарихын білетіндер болса бөлісе отырыңыздаршы. кітапқа жазылған тарихқа қарағанда ел аузында жүрген аңыздар көбірек қызықтырады. Рахмет!!!
Әрі қарай

Шаршааааап кеттім

Отпусктен келгеннен бері үй көрмей, ыстық тамақ ішпей кеттім. Сондағы шаруам папамыздың туған күні… ролик деді, сролик деді, әйтеуір айтқан қызыл жолағын ұмытпай 3 күнде 2 роликті жасап, уххх деп өткіздім.
Әрі қарай

Менің сүйкімділерім...

Күнде жұмыстан кейін олармен сөйлеспесем, көрмесем шаршағаным басылмайды. Әсіресе үлкеніммен, неге үлкенің дейсіз ғой, себебі ең биігі, ең әдемісі және өзіне көп внимание требовать ететіні.
Әрі қарай

Бәрі қыдырып жатқанда...

кім бар екен керекте деп кірсем, ШИМАҚ қана отыр екен. қалғандарының бірі гудит етіп жатыр. Алдкең мен Нұрғиса Кәусарда жыртып жатқан шығар)))) Алға! ертең суреттеріңді салып, қызықтарыңмен бөлісіңдер. мен Астанада, Шимақ Қытайда, отырмыз....
Әрі қарай

Менің территориям

Әдетте қыз бен жігіт жүре бастағаннан-ақ, жеке территорияға кіре бастайды. Жеке торритория дегеніміз — адамның өзін еркін сезінетін меншікті мекені. Қол сұғуға болмайтын құқығы. Бірақ кездесудің екінші күнінен-ақ бір-бірінің агенттерінің паролін алып, кіммен сөйлесіп, кіммен араласатынын тексергенді жақсы көреді. Достарының жақсы-жамандығын айрып беріп, ақылгөйсиді. Кафеге барады, бірақ 2-3 сағатта 5-6 рет телефон соғады, қалай қыдырып жатырсың, кіммен жүрсің, не ішіп жатырсың, қашан қайтасың деген нервыңа тиетін сұрақтар қояды.
Әрі қарай