Жарияланымдар

БАҚ-қа арналған ақпарат

Блог - ramakitaec: БАҚ-қа арналған ақпарат
2013ж. 25 желтоқсанда «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Қадырхан БаймұхамбетовҚостанай облысының Әкімі Нұралы Сәдуақасовпен кездесті.

Кездесуде басшылар өңірдегі «Қолжетімді тұрғын үй-2020» Бағдарламасының барысын талқылады.
Соңғы екі жылда Бағдарламаның «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» және «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағыттары бойынша 175 қостанайлық Бағдарлама қатысушысы жаңа пәтерлерге қоныстанды. Ал келесі жылы көктемде тағы 177 адам пәтер кілттерін алады.

«Қостанайда үйлер көп салынып жатыр.Арасында үйлердің құрылысын аяқтауды кешіктіру жағдайлары кездесіп қалады,-» деді Нұралы Сәдуақасов…. «Және олар, негізінен алғанда, форс-мажорлық және дүлей күш жағдайларының салдарынан орын алады. Дегенмен, қандай да бір қиындықтар туындаған кезде біз барлық күшті соларды шешуге жұмылдырамыз. Сонымен бірге, келешекте болдырмау мақсатында ол қателіктерді ескеріп отырамыз. Бір сөзбен айтқанда, бәрі де бақылауда және өзіңіз де түсініп отырғандай, «еш нәрсе істемеген адам ғана қателеспейді»».
Кездесуде Қадырхан Баймұхамбетов облыс Әкіміне жеке меншік құрылыс компанияларымен шарттар жасауды ойлану туралы ұсыныс жасады. Банкирлердің пікірінше, бұл Бағдарламаны жүзеге асыруды жеделдететін және, тиісінше, оны басты мақсатқа– қазақстандықтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге жақындататын факторлардың бірі. Мұнымен қоса, Қадырхан Баймұхамбетов Әкімге құрылыс салу үшін ірі компанияларға жер бөлу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Өз кезегінде олар тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы қызметкерлерін қолжетімді баспанамен қамтамасыз етер еді.

ҚТҚЖБ қостанай филиалында Қадырхан Баймұхамбетов Банк қызметкерлерінің жұмысында қиындық туғызыпотырған барлық мәселелерді жазып алды және клиенттермен пікірлесуге де уақыт тапты.

«Кезек күту мәселесін жою біздің айрықша бақылауымызда, — деді Басқарма Төрағасы клиенттерге, — «сондай-ақ біз Сіздерге ыңғайлы болу үшін Банк рәсімдерін жеңілдетуді үнемі басты назарда ұстаймыз».

ҚТҚЖБ Баспасөз қызметі
Әрі қарай

«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша Ақтөбеде 111 566,6 шаршы метр тұрғын үй салынды

Блог - ramakitaec: «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша Ақтөбеде  111 566,6 шаршы метр тұрғын үй салынды
«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын жүзеге асыруда Ақтөбе облысы алдыңғы орындардың бірін иеленіп отыр.

2013ж. 24 желтоқсанда «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Ақтөбе облысының Әкімі Архимед Мұхамбетовпен кездесті.

Кездесу кезінде олар, негізінен алғанда, «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысын талқылады.

Бағдарлама бойынша жұмыс Ақтөбеде өткен жылдан бастап жүргізіле бастады. Осы уақыт ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жергілікті филиалы 2 миллиард 307 миллион 96 мың теңгені мемлекеттік бюджетке қайтарды.

2012 жылы 319 ақтөбелік отбасы жаңа пәтерлерге қоныстанды. Биылғы жылы 607 пәтер пайдалануға беруге дайын, олардың 125-ін қазақстандықтар сатып алып та қойды.

«Ал жыл соңына дейін», — дейді Архимед Мұхамбетов, — «…біз қалған пәтерлерді мүмкіндігінше толығымен бөлуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта тиісті құжаттарды дайындау жұмыстары жүргізілуде. Егер 2012 жылы үйлер қаланың ішінде салынса, 2013 жылы Ақтөбеде жаңа «Нұр-Ақтөбе» ықшамауданы пайда болды. Дегенмен, біз кейбір өңірлердегідей тұрғын үй бағасын көтермейміз».

Қазақстандықтар 2014 жылы алуы тиіс қолжетімді баспана, Архимед Мұхамбетовтің айтуына қарағанда, қазірдің өзінде салынып бітіп тұр. 2014 жылдың жазында ол үйлерді жайлыландыру жұмыстарын жүргізуге тендер жарияланады, сөйтіп, шамамен жыл соңына қарай ҚТҚЖБ 752 салымшысы пәтер кілттерін алатын болады.

«Ақтөбенің атқару органдары «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасына тиісті деңгейде қолдау көрсетіп отыр, — деді Айбатыр Жұмағұлов, — «үш жыл ішінде облыс әкімдігі Ақтөбе балалар үйіндегі жасөспірімдердің шоттарына 57 миллион теңге аударды, жыл соңына дейін ол шоттарға тағы 10 миллион түседі. Балалар үйінен шыққан кезде жасөспірімдердің біздің Банктегі шоттарында белгілі бір сомадағы тұрғын үй құрылыс жинақтары болады. Өздеріңіз түсініп отырғандай, жетім балалар үшін бұл – үлкен көмек».

Бұдан басқа, Әкімдік осында тұратын, ҚТҚЖБ салымшылары болып табылатын оралмандардың шоттарына да қазірдің өзінде 8 миллион теңге салды. Олардың саны облыста 88 адам. Жыл соңына дейін олардың әрқайсысының шотына тағы 10 000 теңге түсетін болады.

Кездесуде басшылар бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне де ерекше көңіл бөлді. Айбатыр Жұмағұлов пен Архимед Мұхамбетов тұрғын үй құрылыс жинақтарының артықшылығына қатысты «бюджеттік сала қызметкерлерімен» ауқымды үгіт-насихат және түсініктеме жұмыстарын кеңінен жүргізу керек деген шешімге келді.

Мұнымен қатар, Айбатыр Жұмағұлов жергілікті атқару органдарына Қолжетімді тұрғын үй бағдарламасын аудан орталықтарында да жүзеге асыра бастау қажеттігін ұсынды. Сондай-ақ жергілікті ірі компанияларға үй салуға жер бөлу мүмкіндігін қарастыруды баса айтты. Өз кезегінде ондай компаниялар өз қызметкерлері үшін тұрғын үй құрылыс жүйесі арқылы тұрғын үй салуға мүмкіндік алар еді.

ҚТҚЖБ Баспасөз қызметі
Әрі қарай

Биылғы жылы 130 петропавлдық отбасы «Қолжетімді тұрғын үй-2020» Бағдарламасы бойынша пәтер алды.

Блог - ramakitaec: Биылғы жылы 130 петропавлдық отбасы «Қолжетімді тұрғын үй-2020» Бағдарламасы бойынша пәтер алды.
23 желтоқсанда «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Қадырхан Баймұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысы Әкімінің орынбасары Владимир Балахонцевпен кездесті. Әңгіме «Қолжетімді тұрғын үй-2020» Бағдарламасын іске асыру жайында өрбіді.
Әзірге Петропавлда 130 отбасы жаңа пәтер кілттерін алды (55 адам Бағдарламаның «Азаматтардың барлық санаттарына арналған» бағыты бойынша, 75 қоныстанушы «Жас отбасы» бағыты бойынша).
Дегенмен, жергілікті атқару органдары, — жыл соңына дейін Бағдарламаның тағы 90 қатысушысы өздерінің меншікті баспанасының иесі атанады, — деп сендіріп отыр. «Петропавлда ҚТҚЖБ қызметтеріне сұраныс үлкен», — деді Балахонцев, сондықтан біз қазір қазақстандықтар үшін қолжетімді тұрғын үй құрылысын арттыру мәселесін белсенді қарастырып жатырмыз.
2014 жылы ҚТҚЖБ петропавл филиалы және жергілікті атқару органдары Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 357 салымшысын пәтермен қамтамасыз етеміз деп ниеттеніп отыр (138 адам Бағдарламаның «Азаматтардың барлық санаттарына арналған» бағыты бойынша, 219 салымшы «Жас отбасы» бағыты бойынша). Ол үйлердің құрылысы қазір басталып та кетті.

Бүгінгі таңда ҚТҚЖБ «Қолжетімді тұрғын үй-2020» Бағдарламасы аясында өз салымшыларына 25 жылға дейінгі мерзімге төмен пайыздық мөлшерлемемен (5%) тиімді талаптар ұсынуды әрі қарай жалғастыруда.
Әрі қарай