Таңдаулы

Gastarbaiter
Сен Керекшіліктің түпкі мағынасын мүлде түсінбейсің. Керекинфошы болу деген ол ювижендықтардың “О казахи, зацените прикол на казахском нашел ха, хасы” емес. Керекинфо деген Іргетасақтың псевдоинтелектуалды талқылары, не Намыс.КЗ-тің ультракөтриоттық коменттері емес. Бұл саған arular.kz, вордпресс.ком не «мой мир» емес. Керекинфо адамдардың нағыз құбыжық кейіпін көрсететін орын, қатыгез, сезімсіз, немқұрайлы зымияндығын көрсетуіне болатын мекен.
Қыз күзгі балда жеңіліп қалды, біз күлеміз. Ғашық жігіт өзінің мұңын шағады, біз күлеміз. Кемпір төмен жылжыған эскалаторға міне алмай әлек, біз бұттан кетіп, тағы сұраймыз. Әділетсіздік, парақорлық, алкоголизм — біз күлеміз. Ұлтшылдық, түсініспеушілік, алалау, зорлық, балағат, себепсіз қақтығыстар — біздің ішегіміз қатады. Біз кез-келген жексұрынның тірлігіне бетіміз бүлк етпей қол қойып, қосыла кетуге дайынбыз. Біздің талғамдарымыз саналы қисынға негізделмеген, мақсатсыз даулар — біздің болмысымыз, біз — Қазнеттің бетпердесін шынайы кескініміз.
qisyq
Ал, бәріміз уішівөліп, жата қалайық. Бірақ, мен қуаныштымын, Әйгерім
asaubota
бұрын акиматта ІТ бөлімде жұмыс істеген едім, бір үлкен жиналыс болып, біздің жігіттер проектор, микрофон т.б қырс-сырттарына жауап береді. гимнді қосу да біздің жігіттерге тапсырылған, бірін-бірі түртіп прикаловатся етіп отырған біздің екі жынды байқамай гимн орнына Рамштайнның Ду хастын қосып жіберіпті :))) кейін бастық әкімнен сөз естіді, ана балдарға выговор :)
Abilakim
4 минут 07 секунд… пышақ па қайшы ма бірдеңе бар ма...4 минут 48 секунд… степлермен қалай өзімді өлтірсем екен…
asaubota
zayep.al — үйленгісі келетіндерге, күйеуге шыққысы келетіндерге арналған сайт.