Жарияланымдар

Азиада: трамплин, мұз айдыны және стадион

Өткен жұмада GSM Қазақстан (Kcell, Activ тауар белгілері) компаниясының ұйымдастыруымен, бір топ журналистер және блогшылар Азиада өтетін Алматыдағы спорт кешендеріне барып, көріп, көргенін ойға түйіп қайттық. Пресс-турдың мақсаты — сол жерлерді қамтыған 3G-дің жай-күйін, дайындығын білу, байқау болды.
Әрі қарай

Тюльпан

Блог - qisyq: Тюльпан

— Прінс әфрікандық па?
— Американский, ата.
— Мақұл, мақұл, мақұл… ТҮЛПӘӘН!

Фильмнен


“Тюльпан” фильмі – үйге “Адасқандардың” артынан келген кино. Сол баяғы екі жыл бұрын елдің емешегі езіліп көріп алған, ал мен көре алмай қалған, жұрттың аузында жүрген отандық фильмдердің бірі. Қарадым. Ой қорыттым. Енді Сіздерге арнап ревью жазып отырмын (Алда, айналайын-ай деп көзіңізді бір шылап аласыз осы жерде).
Әрі қарай

Сенбі. Кофеделия. MiniBlogCamp. Vol 2

Думать следует до и после съёмки, никогда во время её.
Анри Картье-Брессон

Өткенда жазған жазбамда суреттер фэйсбуктегі альбомымда деп көрсетіп едім. Бұл жолы бір оншақты суретті жеке бермек болдым. Жалпы суреттерді Мақпал жариялаған екен, менікі индивидуалды, детальді суреттер:)
Әрі қарай

Сенбі. Кофеделия. MiniBlogCamp


Әәә, Қисық деген сен бе!?

Балғырған

Бұл сенбі алдындағы сенбіге қарағанда мен үшін сәттірек болды – кездесуге құлшына бардым. Не болғанын, не дегенімізді, қалай дегенімізді Өрімталдан кейін қайта айтып жатпай-ақ қояйын, тек өзіме қатысты тұстарына тоқталып, суреттерді берермін. Шағын БлогКамп біршама істің басын қайыруға, пицца жеп, шай ішуге, жеке өз басыма бұрын көрмеген адамдарымды көріп, көрісіп, көзайым болып, танысып, қауышып, қол сілкілесіп, бас изесуге көмектесті.
Әрі қарай

Түзу жолдан тайған жанның әңгімесі немесе көзге емес көңілге әсер ететін кино жайлы жазба

Киностан: Түзу жолдан тайған жанның әңгімесі немесе көзге емес көңілге әсер ететін кино жайлы жазба
Есть только один грех – глупость.

Оскар Уайльд

Елдің бәрі екі жыл бұрын емешектері езіліп көріп алғанда, құр қалған мен, осы олқылықтың орнын толтырайын деген ниетпен бүгін жынданып тұрып дискісін сатып алдым. Қазақша “Адасқандар” деп аударылған (осы аударманы кішкене түсінбедім, себебі орысша нұсқасында жекеше түрде тұр ғой. Одан да “Түзу жолдан тайған жан” деп пе аударса да болар еді деп ойлаймын да. Мақұл, артық әңгімемен миларыңызды ашытпайын), “Так и передай ему, к…н айырам” /Рекетир/ деп Русланның аузына сөз тастап, кино түсірген және онысы жалпы жамағаттың жүрегіне жаққан Ақан Сатаевтың фильмі “Заблудившийся” туралы айтып тұрмын. Енді, міне, “ел жатса да енекем жатпайды” деген жұмбақтың визуалды мысалы болып, түн ортасында Сіздерге арнап ревью жазып отырмын (Алда, айналайын-ай, деп көзіңізді бір шылап аласыз осы жерде).
Әрі қарай

2010 жылы ғылымға белгілі болған ең қызықты жануар-жәндіктердің ондығы (+сурет)

Мен оқыған дерек көзіне сенсек бұл тірі жан иелері 2010 жылы ашылыпты. Өзіме қызық болған соң, Сіздермен де бөлісе кетейін дедім. Тек әке-шешеден боқтамасаңыздар болды.

Сонымен:

Блог - qisyq: 2010 жылы ғылымға белгілі болған ең қызықты жануар-жәндіктердің ондығы (+сурет)

1. Tyrannobdella rex сүлігі, Амазония өзендерінде кездеседі. Бұл жәндік өзі кішкентай болса да (ұзындығы небәрі 7 см), ірі, үлкен тістерге ие, сондықтан оған планетадағы ең жыртқыш динозавр тираннозаврдың атауына ұқсас ат берілді.

Блог - qisyq: 2010 жылы ғылымға белгілі болған ең қызықты жануар-жәндіктердің ондығы (+сурет)
Әрі қарай

“Кішкентай Факерлар” – төменнен жоғары, жоғарыдан төмен

Блог - qisyq: “Кішкентай Факерлар” – төменнен жоғары, жоғарыдан төмен
Түпнұсқада “Кішкентай Факерлер” (Little Fockers) деп аталған, ал біздің кинотеатрларда “Факерлермен танысу – 2″ деп берілген отбасылық комедияны сиквелдің алғашқы бөлімдерін көрген адам асыға болсын, немқұрайды болсын күтті деп шешім шығаруға болатын шығар.
Әрі қарай

Ішің күйсін, Қисық! Vol.2

Сонымен…

Негізі мен осы пост қамтыған бірнеше тақырыпты бөлек-бөлек жазба қылып берсем бе деп ойлағанмын. Бірақ “Адамның айтқаны болмайды, Алланың айтқаны болады”, “жезде” деп мені желкелеп жүретін Құдай бере салған балдызым Розатай “Ішің күйсін, Қисық!” деп жазба жазғанда миымдағы “мл-мл” мидай араласып кетті.

Рас, осы Кездесу туралы әңгіме, шешім шыққанда “атойламасам” да, “алақайлағанның” бірі мен едім… Кездесу туралы “Кездесуде” жарияға жар салдым. Сол күні сандық фотоаппарат сатып алып, онымды алматылық блогшылардың дене-бітімінен сыннан өткізем ғой деген дәмем болған. Көптен бері көрмеген Өрімталды, “Кездесу.ком”-да “келем, келем” деп құлшынған Қалдықызды, кезінде бірге отырып пицца жеген Мақпалды, тағы басқа келетін от ауызды, орақ тілді блогшыларды көріп бір жырғап қаламын-ау деген бір алапат үміт анау күннен бері қиялыма қанат бітіріп келді. Бірақ…

Сенбі күні сарылып кешті күтіп отыр едім, апта бойы жұмыстарынан шыға алмай арманда қалып жүрген бір топ досым, арасында қызымның кіндік шешесі мен өкіл әкесі бар, “бауы берік болсын” айтып сау етіп жетіп келді (а, айтпап па едім, айтпақшы желтоқсанның он жетісінде әке атанып, қызды болғанмын, Нұрберген айтпақшы “Пақандар клубына қосылып”). “Былай тартсаң өгіз өледі, былай тарсаң арба сынады”, содан амал жоқ блогшыларды лақтыруға тура келді…

Уа, қалың ел, бұқара халық, көз көрген, құлақ естіген ағайын! Уа, Алматының игі жақсы, бетке ұстар, ақсақал, қарасақал блогшылары! Уа, сөзінің дуасы бар, тілінің қуаты бар постжазғыштар! Уа, қарсы келген камент жазушыға бет қаратпас жауынгер жазбашылар! Уа, “Құрал-сайман тақтасының” жілігін шағып, майын ішкен, пернетақтасын қалқан, саусағын ақ сүңгі еткен блогшы бауырлар!

Реніш болмасын, езьжі:)

Келесі жолы, Құдай қаласа, Қисық кездесуден қалмас.

Пы. Сы. Балғырғанның келетінін неге айтпадыңдар!!! Қайтсем де баратын едім ғой!!!
Әрі қарай

Мұңды күлкінің Төресі



Мысль о смерти более жестока, чем сама смерть.

Боэций


БАҚ біткен Құдайберген Сұлтанбаевтың жексенбі күні қайтыс болғаны жайында жазып жатыр. Аяқ астынан. Пайғамбар жасынан 64-ке қараған шағында қазақ әзіл-сықақ театрының қара нары жүрек талмасынан бақиға аттаныпты.
Әрі қарай