Жарияланымдар
Жарамсыз бюллетеньдер (+сурет)
“ Төңкерілген пирамида” әдісі бойынша жазамын, анау-мынау, кіріспе сөз айтып бастарыңызды қатырмаймын. Жай ғана сурет қараңыздар. Мен Сіздерден ақылды емеспін. Тек бұл “ бәтшағарлардың” Ресейде болған сайлаулар кезінде “қолға түскенін” айтайын.

Әрі қарай

Деградация
Хабарландыру! Белсенді әйел керек!
Бішкек. Бірінші күн. Бірінші түн

Таңғы үште жатып, төртте тұрып, таксилетіп, Бішкек қайдасың деп тартып кеттік. Бір емес, екі емес, үш емес, бақандай он күн жатпақ ниет бар. Бауырлас ұлттың бұл қаласында бұрын болмаппын. Бүгін бірінші күн жайлап жатырмыз тайекемдердің (нағашы дегенді қырғызша осылай айтады-ау деймін қателеспесем) төрін. Мамам “қырғыздың Сарыбағыш руы бізге туыс” деп отырушы еді, соны сылтауратып, жиен болып қырық серкешімді қайтарып алайын деп жүрмін:)
Алматы. 26 ақпан. Сенбі күнгі кездесу

Уә аса құрметті һәм қадірменді алматылық блогшылар, блогшылардың басқа қалалардан келген блогшы дос-таныс-туыстары және жалпы Блогкемпке алыс-жақыннан көз тастап жүрген қауым!
Ертең, яғни 26 ақпан күні /сенбі/ саған 18.30-да кезекті минибарымыз атышулы Арбатты «City» кафесінде өтетінін алдын-ала хабарлағым келеді.
Минибар. Сенбі. Алматы

Алматылық блогшылар және қаланың қонақ-блогшылары!
Осы сенбіде Алматыда өтетін минибар МедиаНет халықаралық журналистика орталығының кеңсесінде болады. Әдеттегідей алты жарымда (18.30-да).
Мекен-жайымызды: Қазыбек би (бұрынғы Советская к-сі), 50,
3 қабат, 100 кеңсе, Панфилов пен Фурманов көшелерінің ортасында, СОХО
ресторанының қарсысында, жолдың үстіңгі жағында, 3 қабатты, ауыр ағаш есікті ғимарат.
Білетіндеріңіз білмегендеріңізге айта жүрерсіздер.
"Black Swan". Матильда қу болған кез


Я испытала совершенство. Я постигла его.
Нина Сэйерс (Натали Портманның кейіпкері)
В каждом из нас живет маленький черный лебедь
Мила Кунис (Лилидің рөлін ойнаған актрисаның сұхбатынан)
Люк Бессонның “ Леоны” есіңізде ме? Есіңізде болса, фильмде бас кейіпкердің бірін – он екі жастағы қыздың рөлін ойнап шыққан, өзі сол кезде он үште болған Натали Портманды ұмытпаған боларсыз… Кейіпкерінің есімі – Матильда еді ғой. Жан Реноның тасасында қалып қалмай, елдің көзіне сол кезде-ақ түскен актриса болған-ды.
Бүгінгі күннің суреттері

В любви единственная победа – это бегство.
Наполеон Бонапарт
Бүгін – Әулие Валентин күні. Махаббат күніне арналған мәуелі-мәуелі сөздердің елесі қоғамды кезіп жүр. Біреу қарсы, біреу қарсы емес, біреу қарсы да қарсы емес те емес дегендей… Жоқ, менің бұл күнді жақтап не даттап, болмаса ақтап жазба жазып, миларыңызды ашытқалы отырған жоқпын. Әшейін, тақырып аясынан табылатын бір топ антивалентинкаларды бергелі кетейін деп едім. Көңілді отырыңыздар. Тек әке-шешеден боқөтамасаңыздар болды.
«Сказ о розовой ЛОШАДИ”. Қоян жылқы болған кез…
Жоқ-жоқ, мен дұрыс жаздым, Сіздің де көзіңіз дұрыс көреді. “Все про кино” сайтының хабарлауынша, “Сказ о розовом зайце” атты туынды түсіріп, ел-жұртты алашапқын жасаған (жақсы мағынада) Фархат Шәріпов енді “Сказ о розовой лошади” атты жаңа фильмге білек сыбанып кіріспекші.
Әрі қарай