Жарияланымдар
Теңеу
Уа, математикада жолы болғыр, қатардан асып туған, есеп-шотты үгітіп шеккір жамағат.
Мына теңеуді шешіп берер қайырымды жан табылар ма екен?
х=38 583-0,56х
Әрі қарай
Мына теңеуді шешіп берер қайырымды жан табылар ма екен?
х=38 583-0,56х
Два пистолета. Трейлер.
Қараторғайлар

Алматыға келген жылдан бері байқап жүрмін: Қараторғайлар Алматыда қыста кездеседі.
Стереотип бізде мынадай емес пе еді: Қараторғай маусымдық құстарға жатады. Олар суық түскенде жылы жаққа ұшып, көктемнің басында ең алғаш болып ұшып келетін құс. Орыстар құстың ұясын да сол себепті «скворечник» деп атайды. Біз кішкентай кезімізде қараторғай көрсек қуанатын едік «Алақай, көктем келді, енді күн жылынады» деп. Ол көктемнің хабаршысы емес па еді? Тіпті, алқаш еңбек мұғалімі де құстың ұясын жасатқанда, ерте келетін қараторғайлар тоңып қалмау үшін деп соларға арнайтын.
Бірақ Алматыда қараторғайлар қыста қалып қояды. Осы орайда, эколог-биологтарға сұрақ: Бұл құбылыс бұрыннан бар ма, әлде соңғы уақытта қалыптасқан «дәстүр» ме?
Жүктеп ал: Аран

Шыққан жылы: 2010
Мемлекет: Қазақстан, Көкшетау қаласы
Өндіруші: «Паң Нұрмағамбет» киностудиясы
Жанр: Психологиялық драма
DVD релизінің күні: 18 қазан 2010 жыл
Режиссер: Баянғали Әлімжанов
Актерлер: Баянғали Әлімжанов, Төлеубек Қонбайұлы, Айбек Кұсайынов, Сұлушаш, т.б.
Х'артхаус
Қазақ фильмдерінің ізімен
Көз ұшында бір ноқат көрінді. Қыбырлайтын секілді. Не мал, не адам екенін ажырату қиын. Малға ұқсас адам, не адамға ұқсас мал болып шығуы да мүмкін. Иә, бері қарай қозғалып келеді. Қақсыған күннің астында келе жатқан бұ кім болды екен?
Шыбынның ызыңдаған дыбысы естіледі. Аздап ыстық жел уілдеп өтеді. Қурап қалған бұталы шөптер де желмен сыбдыр-сыбдыр дыбыс беріп жатыр.
Ноқат үлкейе түсті. Адам тәрізді. Бері жылжып келеді. Иен даланы кезіп жүрген бұ кім болды екен?!
Сыңғыр-сыңғыр етті бірдеңе. Төрт-бес ешкі екен. Жайылып жүр. Сыңғырлаған — мойындарына ілінген қоңыраулар. Бы-ықа-ықа-ықа!-деді ешкілер.
Бері жылжып келе жатқан қарайған нәрсе адам болып шықты шынымен. Жәй басып келеді, асықпайды. Арқасында арқалаған қабы бар.
Уілдеп құйын жүріп өтті. Шаң-топырақты аспанға көтеріп, ол де кетті өз жолымен. Ал, адам әлі келе жатыр.
Титр.
ПыСы. Артхаустарыңдыссс, дұрыс кино түсірмейсіңдер ма нақ. 2 сағаттан бері не болады деп телміріп отсам.
Коллаж мінездеме

Аршаттың ізімен:
1. Атың кім? — Патик, Patick;
2. Сүйікті фильмің? – L O S T
3. Сүйікті сусының? – Сыра
4. Өскенде кім болғың келетін еді? – Миллионер
5. Бір сөзбен өзіңді қалай сипаттайсың? – Арманшыл
6. Қазіргі көңіл-күйің қандай? – Бір қалыпты
7. Арманыңдағы қала? — Рио де Жанейро
8. Туған жерің? — Атырау қаласы
9. Сүйікті түсің? — Сұр
10. Сүйікті тамағың? — Жеміс-жидек пен көкініс
11. Дүниедегі ең қатты жақсы көретін нәрсең? – Секіс
12. Сүйікті мекенің? – Жатын бөлме немесе төсек
Тегім менің ардақты!
Адамдармен әңгімелесе қалсаң — руыңды сұрап зайып алыңды шығарады. Сосын, рудан ру қуалап қалай да сені туыс етуге тырысады.
Бұнымен іс бітпейді, қоғамдыққұрылыссс. Содан кейін өз руының ерекшеліктерін мінездей бастайды. Руындағы атақты адамдардың атын атап, қандай да бір хан немесе сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін айтады. Сондайда, мүсәпір хал кешіп, мен отырам сүмірейіп. Өйткені, менің руымда атақты адам болды дегенді естімеппін. Шежіреші көнекөздер де біздің тегіміздің асылдығы туралы мақтау өсиеттер қалдырмапты.
Бірақ, жақында бір туыс қариямен кездесіп, жақсы әңгіме тыңдадым. Аказиваетса, біздің ру Адам атаның тікелей ұрпағы екен. Мә, сендерге керек болса! Кетіңдер, нақ рушыл-текшіл мини-фашистер!
Әрі қарай
Бұнымен іс бітпейді, қоғамдыққұрылыссс. Содан кейін өз руының ерекшеліктерін мінездей бастайды. Руындағы атақты адамдардың атын атап, қандай да бір хан немесе сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін айтады. Сондайда, мүсәпір хал кешіп, мен отырам сүмірейіп. Өйткені, менің руымда атақты адам болды дегенді естімеппін. Шежіреші көнекөздер де біздің тегіміздің асылдығы туралы мақтау өсиеттер қалдырмапты.
Бірақ, жақында бір туыс қариямен кездесіп, жақсы әңгіме тыңдадым. Аказиваетса, біздің ру Адам атаның тікелей ұрпағы екен. Мә, сендерге керек болса! Кетіңдер, нақ рушыл-текшіл мини-фашистер!
Нереальная любовь (Мүмкін емес махаббат) + Трейлер

Комедиялық мелодрама
Премьерасы: 2011 жыл, күз.
Жанры: Ғаламтор-мелодрама
Өндірісі: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ MCR Productions-мен бірлесіп
Сценарий: Е. Гордеева
Идея авторы және режиссер: Ә.Қарақұлов
Графика: «БАЗЕЛЕВС» студиясы (Ресей)
Рольдерде: А. Смольянинов (Ресей, «9 Рота», «Аптап», «1619»), Б. Сүйіншалина (Қазақстан, «Громовтар», «Хантылар туралы баян»)
Трейлер
ъ
Цензурасыз!
Украинаның президентіне бір блоггер жасаған фотосый! Бізде осылай істесе, не блогыңды жауып тастар еді, не Жовтистің күйін кешер едің.
bigpicture.ru/?p=125437#more-125437
Әрі қарай
bigpicture.ru/?p=125437#more-125437