Жарияланымдар

Киноға барайық: Возвращение в "А"


Бүгін Қазақстанның алғаш 3D фильмі — «Возвращение в „А“ фильмінің премьерасы. Алматылық керекшілерді кино көріп қайтуға шақырамын.

Silk Way City-ге барсақ, бәріне ыңғайлы болатын сияқты — орталық та емес, қаланың сырты да емес. Әрі уақыты ыңғайлы, бәрі жұмыстан шығып үлгереді.

Сонымен, Silk Way City. Төле би-Наурызбай батыр. Киноның басталуы бүгін кешкі 20:25. Кім келеді?
Әрі қарай

Панфиловшы болып қайттық (+фото)


Бұған дейін де хабарлағанымдай, Алматы қаласының «28 гвардияшы панфиловшылар атындағы паркінде» тарихи-патриоттық реконструкция өтті. «316 атқыштар дивизиясы 1941 жылғы майданға аттанар алдында» деп аталған шарада көрермендерге панфиловшы жауынгерлер майданға кетпес бұрын, оларды неге және қалай үйреткенін: шұлғау мен орамаларды қалай орау керектігі, плащ шатырлардан қалай қалқа жасау керектігі, найзалы шабуылды қабылдау, винтовкалардан ату дағдылары (Мосин жүйесі және СВТ-40), қаруды шашу-жинау, т.б. көрсетілді.
Әрі қарай

Камызяк құрамасы. Финал.



Бұған дейін Ресейдің КВН Премьер-лигасында өнер көрсететін Камызяк құрама туралы айтып, видеоларын салған болатынмын. Өздерің ғо нақ, мән бермеген, маған нағылдейсіңдер. Бүгін сол тақырыпты жалғастырсам деймін, нақтың:
Әрі қарай

Голощекин. Кім ол?


Әрине, Қазақстан тарихын оқыған адам Филипп Исаевич Голощёкиннің кім екенін біледі. 1924 — 1933 жылдар аралығында Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы болды, ел басқарған шағында қазақ ұлтының және Қазақстанда тұрып жатқан басқа да ұлттардың малын тартып алып, күшпен отырықшыландырып асыра сілтеушілігімен тарихта қалған адам. Оның кесірінен 3 миллиондай аштан қырылып, жүз мыңдағаны көрші елдерге босып кетті.
Әрі қарай

"Аполлон 18" экипажының басынан өткендері



«Ресми деректер бойынша „Аполлон 17“ адамдардың қатысуымен болған Айға жасалған сапардың соңғысы болды. Алайда, бұдан кейін де Айға сапар жасалды. Бұл фильм „Аполлон 18“ сапарынан түсірілген NASA-ның видеоматериалдарынан монтаждалды».

Фильм шамамен осындай сөздермен басталады. Әрине, шын мәнінде бұған NASA-ның еш қатысы жоқ, оны Ғарыш кеңістігін зерттеу және аэронавтика бойынша американдық әкімшілік ресми түрде жария еткен. Кино жасаушылардың осындай әдемі маркетингтік амал-айласы көрермендерді тартудың бір тәсілі екенін даусыз.
Әрі қарай

Мачтың инспекторы стадионнан полицияның көмегімен шығуға мәжбүр болды

«Атырау» — «Тараз» ойыны скандалмен аяқталды. Матчтың инспекторына жергілікті жанкүйерлер әділ төрешілдіктің болмағанын айтып жатыр. Инспекторға поқоду бәрібір сияқты:


Осы орайда, атыраулықтардың аргентиналық легионері бүй деді: i-news.kz/news/2011/09/11/6022651.html
Әрі қарай

Панфиловшылар дивизиясы майданға аттанар алдында



2011 жылдың 17 қыркүйегінде Алматы қаласының «28 гвардияшы панфиловшылар атындағы паркінде» тарихи-патриоттық реконструкция өтеді. «Информационная Инициатива» қоры ұйымдастыратын шара «316 атқыштар дивизиясы 1941 жылғы майданға аттанар алдында» деп аталады.
Әрі қарай

Рывок. Онлайн.



Жылы: 2010
Мемлекет: Қазақстан
Режиссер: Канағат Мұстафин
Рөлдерде: Арыстан Мырзагереев, Әсел Сәдуақасова, Жан Байжанбаев, Мұрат Бисембин, Григорий Эпштейн, Гоша Куценко, Назим Хаиров, Тимур Балбаев, Аманжол Айтуаров, Гульнара Дусматова…

Суреттеме: Бесінші сыныпта оқитын Қанат допты сәтсіз қағып алып, тұмсығын бұзып алады. Сыныптастарының келемеждеуіне намыстанып, олардың алдында көзге түскісі келеді. Мақсат жолында ол көп қиындықтарды жеңеді. Жолындағы кедергілерге қарамастан, Қанат жаңадан қазақстандық рекорд орнатады.
Әрі қарай