Жарияланымдар

Комеди-бояннн: Реалда кездесу

«Мен сізді басқаша елестетіп жүр едім» © Керекшілердің реалдағы кездесуінен

Интернеттегі патриот пен троль қырылысып жүретін юзерлер реалда кездесіп қалса, осындай бола ма екен, а? ))))


Богатырь и Чудище Поганое
Әрі қарай

Барахолкинг 2

Сумка туралы саганың жалғасы:

Әлқисса, өткен жолғы постта жазған сумканы ақыры алып тындым. Бір бутикте бұрын заттар алып жүрген болатынмын — сол жерден алдым. Бағасы 3050 теңге екен. Есебін карточкамен айырсыып едім, сатушы қыз мониторына қадалып тұрып, «Бұрын жасаған саудаларыңыздан бонус жиналып қалған екен, сонымен төлесеңіз болады» дейді. "Өй, жарайды, былай-ақ төлей берейінші" деп, ақшасын төлегеннен кейін чекке қарасам, 2970 теңге бонус бар екен. Сатушы қыз айтпаса, оны білмегендей де екенмін нақ. 3050 теңге төлеп, 2970 теңге қайтарып алғасын, сумканы 80 теңгеге сатып алғандай болып, кәдімгідей көңіл жайланып қалды, бонуссстың )

Түсінгенім бойынша, Қазкомның карточкаларының белгісі бар мәгезіндерде Қазком карточкасымен есеп айырыссаң, бонус ақша жиналатын көрінеді. Ол үшін қолыңдағы ашық жасыл түсті Go! Card болуы міндетті емес екен. Менде — Қазкомның кәдімгі CirrusMaestro картасы. Арт жағында бір шетінде елеусіз ғана Go! Card деген жазуы бар бірақ…
Әрі қарай

Jennifer Lopez - I'm Into You (ft. Lil Wayne)

Өзінің аты-жөнін қысқартып, Жайлоо деп қырғызшалап айтып жүрген Леннифер Джопес Дженнифер Лопес апамыз* музыка көкжиегінен көрінбей кеткеніне біраз болып қалып еді. Биыл музыкада белсенді болып жатыр. Кинодан қолы босаған-ау деймін.


Бір аптаға жақындап қалды, машинадан радиодан естіп жүргеніме. Ұнап жүр

*Апа дегенді кез келген диалектінің тілімен түсіне беруге болады — қырыққа келіп қалған келіншек, қанша дегенмен. Бірақ сонда да небір жас қыздарға фора береді нақ )
Әрі қарай

Үздік төбелес қойылымдары

Өзімше кинолардағы ең мықты төбелес көріністерін жинап көрмекшімін. Сендер де, ақалтеке демей-ақ қояйын енді, тым болмаса пони салыса отырсаңдар )

Негізі, Интернеттегі көп пікірлер бойынша, фильмдердегі ең мықты төбелес қойылымдарының бірі «Доңғалақты дәмхана» («Meals On Wheels») фильміндегі Джеки Чан мен «Реактивті» Бенни Уркидестің* төбелесі дейді. Өз басым келіспеске шарам жоқ.

Әрі қарай

Баттлдар: Red Bull BC One 2010 жылғы финалы - Neguin vs. Just Do It

Өткен жолғы BOTY сияқты, Red Bull BC One да — брейкданстан әлем чемпионаттарының бірі. «Резеңке етіктен» айырмашылығы — мұнда командалар емес, жеке бишілер жарысқа түседі.
Алдарыңда — 2010 жылы Токиодан өткен чемпионаттың финалы.

Әрі қарай

Шарын каньоны (фотовидеобояннн)



Өткен жолы слайд қылып жариялайын деп едім, болмай қалды. Содан енді видео қылып шығарып отырмын (бірінші рет видео жасауым)  Басқа қосатын музыка таппай қалдым. Неғылса, абиді болмасын
Шрифттері — © Nokia
Әрі қарай

Фотоаппараттың флеш-жадындағы суреттер

Қолыма фотоаппарат тисе, не болса соны түсіре беретін әдетім бар еді. Сонда не үшін дейсіңдер ғой. Жай. Үйге келген соң, флешкісін ноутбукқа салып, суретке түсірілген заттардың ұсақ-түйек детальдарына қарағанды жақсы көремін да )) Бірдеңені ермек қылу керек қой енді

Мына шыршаны Медеу жақта түсіріп едім. Ұшындағы сары шошағы аурудан ба, әлде ағаштың өзінің тұқымы сондай ма, біле алмадым.


Әрі қарай

Ұлымның туған күні!

Бүгін — бізде отбасылық мейрам Рәміздер күні мен басқа мейрамдарды қайдам. Ұлым Әли төртке толып отыр.



Не дейміз енді, опшым, балаларымыздың да, өзіміздің де өміріміз позитивке толы болсын
Әрі қарай