Жарияланымдар

" Өкініш "

Қайран көңіл қамығып толғаған ән.
Амалсыз өз бақытым болмаған жан.
Сезбейсін ғой жүрегімнің жарасынан.
Қып-қызыл ыстық қаным сорғалаған.
Таба алмай даусыма сай қанатты әнді.
Арманым, алдамшы үнге алақтады.
Қайғыдан қайран көңіл қан жұтады.
Тапқанынан көп болып жоғалтқаны.
Мен сені ұмыта алмаймын,өзім үшін.
Ойдан кетпес, оралмас сезім үшін.
Бар сырды сөзіммен жеткізе алман.
Күйімді айтқызбай-ақ көзден түсін.
Сезім өлді, өзінің биігінде.
Мазалайды, ұйқымды ұрлап жиі түнде.
Өмірімнің баға жетпес бақытысың.
Және өзін бар өкініш күйігімде.
Қайран көңіл толқындай жағаны ұрған.
Ыстық жасың төгіліп жанарыңнан.
Аяулы аппак сезім аяқ асты.
Жаралы жүрегімнен ағады қан.
Қайран көңіл күл-қоқыс көміледі.
Ессіз сенің жанарың егіледі.
Тамұқтың хақ төрінде отырғандай.
Аяусыз неткен мынау өмір еді.
Әрі қарай

" Көңіл күзі "

Тосырқанып, тежеулеген кезім бұл,
Жан жарасын жаза алмады сөзім сыр.
Кеудемдегі көңіл күзден айығар,
Көктемінде көктемеді сезім гүл.
Күз де келді көңіл қайта қамықты,
Сары табынан сағыныштың зарықты.
Көңіл атты көмескілеу архивте,
Сол бір жанның бір бейнесі қалыпты.
Санадағы сан сауалдың толғағы,
Асыл елес жанды бейне болмады.
Ажарыңа айдың нұры шағылған, алтын ба едің,
Қадіріңді біле алмаған қолдағы.
Сыздап жүрек, сан күрсінген бұл кеуде,
Төрімдесің тілім бармас тілдеуге.
Сезімнен де, өзімнен де жерініп,
Жырақ жүрмін ел баспаған сүрлеуде.
Әрі қарай

" Қиялдағы ару "


Қиялдағы ару деген — арманым бала күнгі.
Жолыңа қарауменен, талдырдым жанарымды.
Алыстап кеттің бүгін, уайымға салу үшін.
Ой толқын өткен күнім, жыр болды сағынышым.
Мен үлкен бақыт сездім, өзіңмен болғанымда.
Миымда шикі сөзім, қалам жыр жолдарында.
Бұл жалған қысқа ғұмыр, жалғыз боп жүреді кім?
Бар санам сезімге құл, жыры бол жүрегімнің.
Еш бір жан байқамаған, ән салар кешкі желде.
Сүйем деп айқайласам, өзіңе естілер ме?
Әрі қарай

"Жүрек назы"

От болған осы құштарлық
Махаббат отқа күйер ме ем
Жырлары мендік жүректің
Жаныңа жылы тиер дем
Тәңірдей жалғыз табынған
Махаббат атты кием бе ең
Ойымнан шықпай осы күн
Түсіме түнде жиі енсең
Сырлыда сұлу сезіммен
Өзіңді ғана сүйем мен
Көрмесем сені сағынып
Сарсаң бір ойға саласың
Бақытым болып бұйырған
Арманға алып барасың
Көркіңе тоймай көздерім
Жалтақта жалтақ қарасын
Асығып сені көруге
Қал сұрап сәлем беруге
Таусыпта біттім сірә мен
Шыдамымныңда шарасын
Әуреге салма тым қатты
Өзіңді сүйген жүрекпен
Жаралған қазақ баласын.
Нұрланған сенің көздерің
Мөп-мөлдір мұңсыз тұп-тұнық
Күрсінген кезің көңілдің
Жүресің солай ұмыттырып
Жалғыз қалды-ау деп жабырқап
Өзімді қатты жазғырам
Қойдым деп сені күттіріп
Жыр оқимын, кейде сыр айтам
Халімді солай ұқтырып
Алтындай арай таң нұры
Ардағым асыл аяулай
Басымнан кешкен сезмнiң
Алам ба барын баяндай
Көргенде көңіл сырларым
Айтыпта қоям аянбай
Өзіңе жие асығам
Қуана құшақ жаярдай
Жүрегіңде болса бір сезім
Әрі қарай

"Шабыт шақыру"

Шикі шаттық басымда базар қайғым
Сырқатсыз сұрап алған ажалдайын
Жан айқайын жүректің жандандырып
Тыңдаушыға тірі өлең жаза алмаймын
Замана айтпас зарын салыпты ойға
«Елім дер-ер» болмаса, халық қайда
Тістенген тіршіліктің мұқтаждығын
Ақтарар ақ маржан сөз шабыт қайда
Саясат па сұғанақ сақтандырған
Дауа жоқ дағдарысқа қалтаны ұрған
Көз көрген көріністі ақтаратын
Қара сия қаламым қаңтарылған
Сырын қалай көңілдің ақтарамын
Айырар екі арасын ақ-қараның
Ақтығында аянбас дос көңілдей
Кіршіксіз алдымдасың ақ парағым
Қыран сауал ой көгінде қалықтай ма
Бұл заман барар бізді алып қайда
Ақиқатым түншығып ақша сөйлеп
Қайран көңіл қайғыдан қамықпай ма
Ширатылған бар шығар шыдам шегі
Шақырайын қайдасың шабыт қайда
Әрі қарай

" Туған тіл тұғырлы бол"

Бұл күндер жүргені бір күйім келмей
Көңілде сұрау белгі иілгендей
Отанында орақ тілі мылқауланып
Қалармысың қазақтың бір сыйын көрмей

Шаттағың мен қайғыңмен көңілдегі
Жетелеген жанталас өмір легі
Сынықтан сылтау тапқан сайқал заман
Шырт-шырт сынып шындықтың шеміршегі

Төрелер туған тілін жетім деген
Шындығым — ол шараны шетінеген
Өзекті жарып шыққан шын үніммен
Ана тіл, ана тіл деп өкір ем

Жүректің тұрсадағы маздап үні
Тұтқын ба едің тұғырсыз қазақ тіл
Тіл үшін тағдырында құрбан қылар
Бақытты екен авардың Ғамзатовы

Жиырма жыл тәуелсіздік ту ұстадың
Жаратым кез жетті ғой қылыш қабын
Бірлігіңді ұйыған қалар сақтап
Бір тілде түсінісіп ұғысқаның

Өресіздік тарылып өрісіңде
Ойран сап өз жауың өз ішінде
Тілім деп толғанбайтын тоң мойындар
Жандарын ауыртпайды ел үшінде

Датым бар орыс ойлы ұлығыңа
Шын үнің шықсын қаннан суырыла
Қап түбінде көп жатқан алдаспан тіл
Қонғайсың хан тағындай тұғырыңа.
Әрі қарай

"Күз демі"

Айыбым көп алдыңда,
Кеше алмайсың білем мен.
Өзіңсіз жалыз қалдым ба,
Қабақта қайғы түнерген.

Көңілде тұнған көктемдей,
Жанардан кетті елесің.
Жазғырмай мені, кектенбей,
Түсіме күліп енесің.

Алтындай нұрлы сөніп күн,
Аспанда жұлдыз қаптайды.
Сынық бір сезім, сеніп мұң,
Алдамшы арман бақ- қайғы.

Есіңде болар сол бір күн
Жүзіңді көрдім соңғы рет.
Күрсінген сайын тәтті мұң,
Көзіңнен тамды мөлдіреп.

Өкініш болар сол шақтай,
Көңілім бұлтқа көміліп
Мөлдіреп тамды моншақтай
Аспанда тұрды егіліп

Жуынып жасқа жанбырға
Ақ жүзің айдай толықсып
Лағынет айтып тағдырға
Қоштастық бізде қол қысып

Жазғандай уақыт жараны
Ағылып күндер тізбегі
Көңілім қайғы қаралы
Жауратар жалғыз күз демi
Әрі қарай

"Жүрегім менің"

Қайран менің жүрегім от жүрегім,
Аяздардан тоңбаған отты демім.
Тасқын тағдыр құлатып жатса дағы,
Шаттанамын қуанып көп күлемін.

Қайран менің жүрегім қара нардай,
Бір өзімдей өзгелер бағаламай.
Сезім сені күйелеп жүргенім жоқ,
Жазығым не жанымды жаралардай.

Соққан жүрек соғады тынбас әлі,
Сенім барда сейіліп мұң қашады.
Қаным барда бойымда жаным барда,
Көңілімнің шалқыған тынбас әні.

Аспан жерде түрленді жасылды-көк,
Ақша бұлт асқарға асылды кеп.
Сезім гүлін силады балаң көктем.
Асығасын кай жака ғашық жүрек.

Құлайсың құмартып сол бір жанға,
Асығасың шақырып қол бұлғар ма?
Тағдыр соқпақ ой қырын кезсем дағы,
Сезім саған жетелер жолымды алға.

Кетер көктем, өтер жаз жайма шуақ,
Жұлдыздан сыр бағар ем, айдан қуат.
Шөлде жүрек сағыныш сусынына,
Мөлдір-зәмзәм табылар қайдан қуат.

Қайран менің жүрегім ғұмырласым,
Ешбір жанға айтпаған сырымдасын.
Өлсем мейлі мәңгіге мен өлейін.
Өлмес сезім жүректің жыры қалсын.
Әрі қарай

"Әнім бар"

"Әнім бар"

Сазымен жүректі тербеген,
Әуенін биікке сермеген.
Жастықтың әні бар кеудемде,
Шалқыған сезім-сыр пернеден.

Әнім бар үзіліп, талмайтын,
Сезімге сезімді жалғайтын.
Әнім бар махаббат сазында,
Еш бір жан дәл мендей салмайтын.

Қиялым көк пен жер көлбейді,
Дәуірлеп әуенім аспанға өрлейді.
Бар жалған уақытша бәрі де,
Бәрі бір ән мәңгі өлмейді.

Бақытым қайдасын, көңілім ай көрген,
Ізетті ұяң қыз іздейін қай жерден.
Әлемнің әуені жетпейді үніңе,
Даусыңнан айналдым әніме сай келген.
Әрі қарай