Жарияланымдар

Кітап оқығым келеді (Көкбөрінің блогынан кейін)

Көкбөрі 6 жасында кітап оқыған.Сонда әріпті қашан таныған? Біз 6 жасымызда ертегініде оқымайтынбыз.Кішкентай кездерім есімде жоқ, оқымаған секілдімін.«Алтыншы-жетінші сыныпта оқыған эпопеяны студент кезімде емтиханда айтып беріп бес алып кеткенім бар.»
6-7 сыныпта оқып жүрген кітабыңыз, қалай есте қалады? Таңғалып отырмын.Есте сақтау қабілеті жақсы адамдар да бар екен — ау.Көкбөрінің жазған блогынан кейін шыныменде, уақытты босқа өткізіп алыппыз.Бірақ, әлі де кеш емес.Бір күнде бір кітап оқып тастауға болады екен.Оған өзім көз жеткіздім. " Жарық сөніп қалған кезде шам әкеліп оқыдым".Жарық, сөніп қалған кезде, кітап оқу былай тұрсын, ұйықтап қаламызғоо.Олай ерінбеуіміз керек екен.
Әрі қарай

Журналистика мамандығы

Маған журналистика мамандығы ұнайды.Күннен күнге қызығушылығым арта түсуде.Арманым белгілі журналист болу.Алға қойған мақсатыма жетуге бар күшімді саламын.Менің журналист болатына ешкім сене бермейді.«Сенен журналист шығады деп ойламаймын» дейді кей адамдар.Бірақ, олардың сөздерін көңіліме алып жүргенім жоқ.Өсе келе одан да басқа сөздерді естуім мүмкін.Соның бәріне де тайсалмай, шыдауға тырысамын.Оған сенімдімін.
Әрі қарай

Ерке қыз

Біздің үйде бір ерке қыз бар.Аты Құралай.Қазір 3-сыныпа оқиды.Үйдің кенжесі.Оқу озаты.Бос уақытында ән айтып, би билегенді жақсы көреді.Өзі жылауық.Әке-шешеміз бізді еркелетіп жатса, «мені еркелетпейсіндер» деп жылап алады.Айгерім Қалаубаеваның әндерін сүйіп тыңдайды.Суретті жақсы салады.Сабаққа барып келгені болмаса, далаға көп шықпайды.Күнде бір нәрсемен айналысады да жүреді.Өзі шаршамайды да.Бәріміз таңғаламыз.Балдай тәтті тілімен күлдіріп отырады.Онсыз үйдің іші қызықсыз.
Әрі қарай

Жаңа жыл мерекесі

Жаңа жыл мерекесін әр отбасы өзінше тойлайды.Біздер таңертең тұрып алып: кім құттықтайды екен" деп телефонға құлағымызды тосып жүреміз.Жыл сайын манты дайындап, торт пісіреміз.Үстел үстінде «аливе» салаты үзілмейді.Әрқайсысымыз тілек айтып, теледидар тамашалаймыз.2012 жылы құрдастарыммен бірге қарсы алдым.Қыздар-жігіттер болып, тамақ дайындадық.Сағат 12 болған кезде далаға шығып, отшашуды қарап,«Жаңа жыл құтты болсын» деп бәріміз айқайладық.Биылғы жаңа жыл мерекесі мен үшін қызықты болмады.жай күндердің бірі болған секілді.
Әрі қарай

Қала өмірі

Қазір Н.Тілендиев атындағы Кіші Өнер академиясының журналистика мамандығы бойынша дәріс алып жатырмын.Биыл 2-ші жыл.7 жыл бойы ауылда оқыдым.Кей-кездері ауылды сағынып, кейде жылап та алатынмын.Қаланың өміріне бойымды үйретіп келемін.Зуылдаған машиналар, самасаған дүкендер айта берсең көп.Ауыл мен қаланың айырмашылықтары бар.Ауылда әрқашан қайнаған тіршілік.Бір көшеде тұратын көршілер туыс болып кеткен.Ал, бұнда олай емес.Көп ешкімге сене де алмайсың.Қалада оқып жүрген жасөспірім балалар қаншама? Ия,қалаға барып өмірді көресің.Адамдармен араласасың.Жаңа достар табасың.Әрине,қала өмірі осындай.Оған бойымды үйретіп келемін.
Әрі қарай

Қош бол,балалық

Балалық.Сол шаққа қайта оралғым келеді.Кіп-кішкентай қыз болып, уайым-қайғысыз өмір сүру қандай бақыт! Кішкентай кезімде «тезірек үлкен қыз болайыншы» деп армандайтынмын.Балалық шақ, бір қызық кезеңдер ғой!
Кітаптарды қарап отырып, Ділдәр Мамырбаеваның "Қош бол, балалық" деген шығармасын тауып алып, оқыдым.Бұл хикаятта үш бала.Олар Кәрім, Бөкен, Мұрат. Кәрім аздап мақтаншақтау.Бөкен қорқақ.Мұрат… Мұрат жөнінде сөз басқа.Шығармада ол жөнінде біршама жазылады.Оның әкесі жоқ еді.Көп қиналатын.Олар сондай ақылды, ересек балдар.Үлкендерге көмектеседі.Жын-пері болып,өзі ешкіммен сыйыспайтын Тұрдыбекті қорқытқаны да бар.Даладан әр түрлі заттарды тауып алып,өздеріне мұражай ашып алды.Оқыған адамға қызықты.Ішіне кіріп кетесін.Қазіргі кішкентай балалар сондай ма? Далаға шыға беріп, көрші үйдің терезесін сындырып дегендей әр түрлі тентектік жасайды.Осы үш балаға қызығып, балалық шаққа оралғандай болдым.
Әрі қарай

Бағлан

Өмір қиындықсыз болмайды.Басыңа түскен қайғыны жеңе білуің керек.Сені қолдайтын,қорғайтын жандардың арқашанда жадымызда болатынын есте сақтау қажет.Сондай шығармалардың бірі Дулат Шалқарбаевтың «Бағлан» атты хикаяты.Бұл хикаят әке-шешеден бірдей айырылған кішкентай Жекен жөнінде.Жекенді әкесі Байсалдың немере інісі Бақтыбайға табыстады.Артына қалған мал-жанға қарайласты.Әйелінің аты Боранкүл.Мінезі де боран секілді.Төрт балалары бар.Осы үйдегі төрт баланың үлкені-қыз.Аты Гүлсім.Гүлсім ержеткен, байсалды қыз.Анасы Жекенді күні-түні жұмысқа салып қояды.Сол кезде қорғап қалатын Гүлсім еді.Жекен Гүлсімнің барына қуанады.Бұл шығарманының бір қызығы адам мен жануар арасындағы достық.Жекеннің жақсы көретін қозысы Бағлан.Бірде Бағланды үй-іші тамаққа айырбастамақ болады.Сол кезде екеуінің көз жанарларынан моншақтап жас үйірілді.Адам таңғаларлық.Жануар мен адам қалай дос болады? Кішкентай қозыда анасынан айырылған.Сондықтан да болар екеуі бір-біріне бауыр басып кеткен.Әрі қарай не болғанын оқып көріңіздер.Өте керемет шығарма.2009 жылы «Бағлан»хикаяты дәстүрлі «Дарабоз» бәйгесінде бірінші орынды алған.
Әрі қарай

Көзтүрткі

Жақында Әлібек Файзоллаұлының «Көзтүрткі» хикаятын бастаған едім.Көзден жас ағызарлық.Гүлсім Дәуренге жаңа күртеше сатып алып қуанпақ болды.Бірақ,әттеген-ай қораның төбесінде ағашқа асылып тұрған баласын көріп, ана жер бауырлап, аңырады да қалды.Сол кезде ана жалғыз ұлынан айырылды.«Баламды оқытам, жақсы азамат болады әлі»деген арман бірақ сәтте жоқ болды.Дәурен бұл жағдайға не үшін түсті? Неге өмірін өлімге қиды? Бұл жатқан бір белгісіз сыр еді.Анасы жаз бойы ақша жинап, күртешені әзер әперген.Дәурен сондай жуас,әрі ынжық.Өз-өзін қорғай алмайды.Соның кесірінен достарынан таяқ жеп, ақыры өлді.Оның сыныптастары Коко, Макс, Дан жіппен байлап,әйда тепкілейтін.Тілінің мүкістігіне қатты ұялды.Әрине, олар қарап қалсынба, мазақтай бастайды.Сол қорлыққа шыдай алмай өлді.Ол өзінен кейінгі сыныпта оқитын Зәурені ұнататын.Өлерінің алдында оған гүл бермек болып еді, бірақ Зәуре анасының айтқанынан шықпай қойды.Салқынқандылық танытты.Хат жазып,қалдырып кетіпті.
«Мен сені жақсы көремін
Дәурен»
Осыдан кейін көзімнен жастың қалай шыққаның байқамай да қалдым.Қандай аянышты.
Әрі қарай

Өлімді жеңген ана

Ғ.Мүсреповтың "Өлімді жеңген ана" шығармасын оқыдым.Бұл әңгімені оқып көріңіздер.Ана баласын табу үшін бәріне де шыдайды.Тау, тас,өзен, көл, жүгірген аң,ұщқан құс олар ананың балаға деген ерекше махаббатын сезінеді.Аңда баласын сүйеді емес пе? Сол қайсарлығымен, шыдамдылығымен патша алдына келіп:
«Бер, баламды өзіме қайтарып!Үйткені мен анамын, баламды сүйемін» деп патша алдына келіп сөйлейді.Міне, маған оның батылдығы ұнады.Әрбір ана баласын жақсы көріп, ана махаббатын сезінсе ғой.
Әрі қарай